Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia_shpor.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.64 Кб
Скачать

55. Мемлекет туралы ілімдер

Мемлекеттің жалпы үғымы мен белгілеріне келер болсақ. “Мемлекет басқару функциясын орындайтынжәне соның көмегімен қоғамның тіршідік тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар туғызуға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады”.

Мемлекеттік басқару теориясын әдістемелік негізін әдістеме түсінігін қарастырудан бастаған жөн. Себебі ол тек ғылыми танымның жиынтығын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік философиялық саясаттану және басқа да жалпығылымдық қағидалардың және оларды негіздейтін теориялар жиынтығы. Әдістеме-бұл таным процесінің негізгі бастамасы және әлеуметтік процестерді ғылыми тану барысында нақты әдіс тәсілдермен бірге іс жүзінде қолданылатын жалпытеориялық талаптардың жүйесі.

Басқару тұрпаты ұғымын пайдаланғанда ең жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттерінің мерзімі былағы халықпен қатынысу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысытыны түсіндіріледі. “Басқару тұрпаты мемлекет тұрпатының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады” .

“Аристотель өз заманындабасқару тұрпатын жоғарғы үкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына қарай жіктеген болатын”.

Басқару тұрпаттарының көрсетілген айырым белгілері осы қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарғы билікті жалғыз адам атқара ма??? Әлде ол билік сайланғалы отырған органға тиесілі мемлекет??? Міне осы жайтке байланысты басқару тұрпаты ерекшеленіп ажыратылады. Енді осымен байланыстыра отырып басқарудың монархиялық және республикалық тұрпаттырын атап, біліп көрсетуге болады.

“Монархия – мемлекеттің егеменді жоғарғы билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі . Монарх ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек Қ-дың алдында ғана жауапты.”

Монархияның гүлденген шағы жаңа заман шебінде болды. Нақ осы кезеңде монархияның республикалық басқару тұрпатынан қаншалықты айырмашылықтары бар екендігі көрінді.

56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері

Адам-белгілі бір дәрежеде биологиялық ж/е әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық тірі адам-тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үш жақты мағынада:1.Жеке адам, пенде (индивид-даралық, ерекшілік)2 Тұлға, Кісі (личность).Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек. (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.Тұлға-деп ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әр түрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Ғылымда адамды ерекше бағалайды,қоғамдық ғылым оған арнайы көңіл аударады. Адамды - ғылымның нысаны ретінде-антропология, тарих,социология,биология және т.б. зерттейді. Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаменталдық қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бір қалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әр түрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.

Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің диалектикалық байланыстылығын,бір біріне тәуелділігін айтқанда еске алатын бір жай бар.Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамдардың табиғи биологиялық-физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан аңдардан айырмасы көп болмаған.Кейінде он және жүз мыңдаған жылдар ішінде адам қоғамы прогресс бойынша іске баса отырып,өркениетті дәуірге жетеді.Сонымен бірге адамның өзі хайуандық қалдықтарынан бірте-бірте арылып,”әлеуметтік”(социализация)процесіне процесіне кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]