Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпор. финансы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

28.Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мәні, мазмұны.

Қазіргі әдістермен қаржыны басқару корпорацияның нарықта тұрақты қызмет алуын қамтамасыз етеді.Қаржылық менеджменттің жоғарғы тиімділігін арттырудағы негізгі бағыт ішкі кәсіптік қаржылық жоспарлау және бақылау.

Ұйымның жоспарлау қызметі екі аспектімен түсіндіріледі: жалпы экономикалық-фирма теориясының көзқарасы бойынша; нақты басқарушылық-менеджменттің бір функциясы ретінде, яғни компанияның жағдайын алдын ала жобалау және сол жобаны компанияның дамуына қолдану.

Қаржылық жоспар дегеніміз ұзақ мерзімді және ағымдағы периодта кәсіпорынның түсімдері мен шығындарын сипаттайтын жоспарлау құжаты.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі объектілері келесілер: тауарды сатудан түскен пайда; пайда және оны бөлу; арнайы қорлар және оларды қолдану; салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі бюджет жүйесіне төленетін төлем көлемі; бірыңғай әлеуметтік салық түріндегі бюджеттік емес қорларға салымдар; несие нарығынан тартылған заемдық қаражаттардың көлемі; айналым қаражаттарының жоспарлық қажеттілігі; капитал салымдарының көлемі мен оларды қаржыландыру көздері.

Корпорацияның қаржылық жоспары бизнес-жоспардың басқа бөлімдерімен өзара байланысты, яғни өнімді өндіру жоспарымен, материалдық ресурстарды сатып алумен, маркетингпен, инвестициялармен және т.б.

30.Қаржы жоспарын құру тәртібі және олардың сипаттамалары.

Қаржылық жоспар дегеніміз ұзақ мерзімді және ағымдағы периодта кәсіпорынның түсімдері мен шығындарын сипаттайтын жоспарлау құжаты.

Қаржы жоспары бұл үрдіс және ол келесідей құру тәртібінен тұрады: 1. корпорацияға ыңғайлы ағымдағы қаржы мүмкіндіктері мен инвестициялық мүмкіндіктер анализінен. 2. болашақта келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін ағымдағы шешімдерді болжау 3. нақты жоспарға таңдалған шешімді қосу үшін оны сұрыптап алу 4. белгіленген қаржылық жоспардағы параметрлерге сай корпорация жетістіктерінің нәтижелеріне баға беру

Қаржы жоспарының негізгі мәні келесілерде: 1. корпорацияның стратегиялық мақсаттары қаржылық-экономикалық көрсеткіштері түрінде сипатталады:сату көлемі, сатылған тауарлардың өзіндік құны, табыс, инвестициялар, ақша ағымдары және т.б. 2. қаржылық ақпараттардың қаржы жоспары және оларды орындау есебі түрінде келіп түсуіне стандарттар белгіленеді. 3. корпорацияның қажет ұзақ мерзімді және оперативті жоспарын іске асыру қаржылық ресурстардың ыңғайлы шектеуімен анықталады. 4. оперативті қаржы жоспары капитал, ақша, тауар нарығында корпоративтік қаржы стратегиясын оңтайлы құруға және түзетуге ыңғайлы ақпараттармен қамтамасыз етеді

Қаржы жоспарының негізгі мақсаты қаржы ресурстарының мүмкіндіктерін анықтау.

31. Резервтер, корпарация табысын арттыру факторлары. Қаржылық резервтердің болуы кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың қажетті қағидасы болып табылады. Басқарудың кез-келген сатысында корпорацияда міндетті түрде резервтер құрылуы керек. Қаржылық резервтер әр түрлі әдістермен құрылуы мүмкін, мысалы қорлардың көлеміне б/ты пайыз, табыстардан – бекітілген нормативтер б/ша аударымдар арқылы жүргізіледі. Қаржылық резерв уақытша қаржылық қиыншылықтарды жоюға, қалыпты шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге, сонымен қатар қаржылық жоспарларда көзделмеген өндірістік ж/е әлеуметтік даму шығындарын қаржыландыруға арналған. Қаржы резервтерін құру – нарықтық конъюнктура жағдайында корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерін өтемеу жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. АҚ-дағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды негізде құрылады, ал басқа шаруашылық субьектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді.

32. Инв/я/қ процессті бюджеттік қаржыландыру. Сипаттамасы. Инв/я/қ климат – бұл капитал салу тәуекел деңгейін ж/е оны тиімді пайдалану мүмкіндігін анықтайтын экон/қ, саяси, құқық/қ, әлеум/к, табиғи, инфрақұрылымдық ж/е т.б. факторлардың жиынтығы. Инвестик-к климат шетелден ел эконом-на тура инвестиц-ды тартудын нег. факторы б/т. ИК-ка мынадай факторлар асер етеди: 1) саяси туракт-к 2) бюджет жагдайы – сырткы карыз 3) экономик-к операц-ды реттеудеги заннам-к базанын толыкт-н сапасы 4) меншик иелер-н кукыгын коргау 5) табиги ресурс-дын болуы 6) салын-н капиталдын натижес-н юолжамдыгы 7) салык жуйес-ын сапасы. Инв/яны қаржыландырудың бюджеттік әдісі мемл/к бюджеттің ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттен қаржыландыру мынадай принциптерге сүйенеді: 1) аз шығын жұмсап, барынша жоғары экон/қ ж/е әлеум/к тиімділікке қол жеткізу. 2) бюджет ресурстарын пайдаланудың мақсаттылық сипаты. Бюджет ресурстары қайтарылатын ж/е қайтарылмайтын жағдайларда берілуі мүмкін. Қайтарылатын қаржыландыру әдісі жүзеге асырылатын инв/я/қ обьектіден коммерциялық тиімділік алу мақсатында жасалады. Қайтарылатын бюджеттен каржыландыру әдісі бірқатар салықтық н/е несиелік сияқты жеңілдіктерді қамтиды. Ал қайтарылмайтын қаржыландыру әдісі бұл ол жобаның мемлекеттік қажеттілігіне б/ты бекітілген тізімге енгізілген жағдайда жүзеге асады. Сонымен қатар, мұндай әдіспен бюджеттен бөлінетін ресурстар бүгінгі таңда қорғаныс, экология, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру ж/е басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.