- •2.Корпорация қаржысыныңи функциялары
- •6. Корпорацияның қаржы ресурстары
- •23. Өнім өткізу, қызмет, жұмыс жасау бойынша табыстардың экономикалық мәні және мазмұны
- •25.Табыс –корпорацияның меншікті қаржы ресурстарының негізгі көзі ретінде.
- •26.Табыс корпорация қызметін бағалаудың негізгі көрсеткіші ретінде.
- •28.Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың мәні, мазмұны.
- •30.Қаржы жоспарын құру тәртібі және олардың сипаттамалары.
- •33. Өнім өткізу, қызмет, жұмыс жасау бойынша табыс көлеміне әсер ететін факторлар
- •34. Корпорациятабысының тура шоты әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерінің сипттамасы
- •39. Корпорацияның қаржылық нәтижесін талдау мазмұны. 35 сурақ
- •40. Рентабельділік коэффициенттерінің экон/қ мазмұны. 27 сурак
- •43. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар бойынша табыстар төлеу тәртібі
- •45.Жай және күрделі проценттер. Дисконтау және компаундирлеу
6. Корпорацияның қаржы ресурстары
Мобилизациялық потенциалды мүмкіндіктерге ие болатын ақша қаражаттар жиынтығының белгілі бір мақсатқа жұмсалуы қаржылық ресурстар болып табылады. Қаржылық ресурстардың көздері болып барлық ақшалай табыстар ж/е түсімдер. Оларды кәсіпорын ж/е шаруашылық жүргізуші субьекті белгілі бір периодта инвестицияға, ағымдағы шығындарға, өндірістік ж/е әлеуметтік өсуіне қажетті ақшалай шығындарды орналастырады. Қаржылық ресурстар өзіндік, займдық, тартылған, бюджетен қаржыны бөлу ж/е бюджеттен тыс қорлардың орталықтандырылуы болып бөлінеді.
7. Корпорацияның айналымнан тыс акивтерінің сипаттамасы. Кәсіпорынның активтері деп, оған тиесілі мүліктік құқықтық жиынтығы, яғни мүлікпен иелену, ұйымдастыру және пайдалану құқығы.
Активтер екі типтен тұрады: айналымнан тыс; айналым.
Айналымнан тыс активтер активтердің тұрақты бөлігі деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, айналымнан тыс активтер, шаруашылық айналымнан шыққан (алынған) кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын білдіреді. Айналымнан тыс активтер дегеніміз – ұйымда ұзақ уақыт пайдаланылатын, сату мақсаты көзделмеген, өздерінің құнын жаңадан өндірілетін өнімнің өзіндік құнына бөліп қосатын қорлар жатады. Оларға: 1. негізгі құралдарды - түрлі кәсіпкерлік қызметінің сфераларында іске асатын ұйымдар активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Олар туралы ақпарат ұйымдағы қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайының сипаты үшін зор мәнін білдерді, 2. материалды емес активтер - бұл шаруашылық қызметіндегі ұзақ мерзімдік уақыт аралығында пайдаланып, табыс алып келетін материалдық емес объектілерге салған ақшалай қаражат. Бұл жер учаскілермен, табиғи ресурстармен, патенттермен, ноу-хаумен пайдалану құқығы, яғни ғылыми-техникалық білімдерінің, өндіріс құпияларының және т.б. жиынтығы, сонымен қатар, авторлық құқық, монополдік құқық және жеңілдіктер, «гудвилл», яғни сауда маркінің мәртебесі, беделі. 3. ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Іске асыру процесінде негізгі капитал айналымсыз активтер формасын қабылдайды.
8. Корпорацияның айналымнан тыс активтерінің экон/қ табиғаты, құрамы ж/е бағалау әдістері. Айналымнан тыс активтер активтердің тұрақты бөлігі деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, айналымнан тыс активтер, шаруашылық айналымнан шыққан (алынған) кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын білдіреді. Айналымнан тыс активтер дегеніміз – ұйымда ұзақ уақыт пайдаланылатын, сату мақсаты көзделмеген, өздерінің құнын жаңадан өндірілетін өнімнің өзіндік құнына бөліп қосатын қорлар жатады. Оларға: 1. негізгі құралдарды - түрлі кәсіпкерлік қызметінің сфераларында іске асатын ұйымдар активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Олар туралы ақпарат ұйымдағы қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайының сипаты үшін зор мәнін білдерді; 2. материалды емес активтер - бұл шаруашылық қызметіндегі ұзақ мерзімдік уақыт аралығында пайдаланып, табыс алып келетін материалдық емес объектілерге салған ақшалай қаражат. Бұл жер учаскілермен, табиғи ресурстармен, патенттермен, ноу-хаумен пайдалану құқығы, яғни ғылыми-техникалық білімдерінің, өндіріс құпияларының және т.б. жиынтығы, сонымен қатар, авторлық құқық, монополдік құқық және жеңілдіктер, «гудвилл», яғни сауда маркінің мәртебесі, беделі; 3. ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Іске асыру процесінде негізгі капитал айналымсыз активтер формасын қабылдайды;
Негізгі қорларды қаржылық негізде бағалау мен есепке алу корпорацияның рентабельділігін көтеруге, негізгі қордың құрылымы мен динамикасын анықтау үшін, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылады. Негізгі құралдардың ұзақ мерзімді қызмет етуіне, өндіріс процесіне қатысуына байланысты, олар осы мезгілде тозады және өзгерістерге ұшырайды. Осыған байланысты, негізгі қорды бағалаудың бірнеше әдістері бар:
1. Негізгі құралдардың бастапқы құны – бұл қорларды жасақтауға немесе сатып алуға шығындалған сома, яғни негізгі құралдардың берілген түрі бойынша табыстың құны, жеткізуге кеткен транспорттық шығындар, жөндеу шығындары. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады
9. Амортизация ж/е оның негізгі қорларды жаңартудағы ролі. Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады. Ол 2-ге бөлінеді: амортизацияланатын (ғимараттар, үйлер,құрал-жабдықтар,көлік құралдары); амортизацияланбайтын (жер,көп жылдық өсімдіктер, тарихи ескерткіштер, мұражай).
Амортизацияның негізгі қызметтері: Өндірісті қамтамасыз ету; негізгі қорларды қалпына келтіру және есеп жүргізу.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі: Н= (Ф1-Фж)/Ф1Т*100%; мұндағы: Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге; Фж – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге; Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.
Негізгі қорларды толық қайта
құруға кеткен амортизациялық аударымдардың
көлемі мына формула арқылы анықталады:
А
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек: негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі; негізгі қорлардың сапалық тозуы; техникалық қайта құрудың жоспары; жабдықтардың балансы; модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Амортизацияны есептеу үшін объектілері болып, кәсіпорындардағы меншік, шаруашылық жүргізу, оперативті басқару құқықта болған негізгі қаражаттар табылады.
Амортизацияның есептеу көлемі өндіріс пен қаржылық жоспарға шығындар сметасын құрған кезде жыл сайын жоспарланады. Амортизацияның жоспарлы сомасын есептеу үшін ең алдымен амортизацияның бірыңғай нормалары іске асатын түрлеріне қатысты кәсіпорынның негізгі қорларын топтастыру қажет және олардың орта жылдық құнын анықтау керек.
10. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістерінің сипаттамасы. Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады. Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты амортизация нормасы жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Амортизациялық аударымдардың көлемі кәсіпорынның экономикасына әсерін тигізеді.
Амортизацияны есептеген кезде кәсіпорын келесідей әдістерін қолданады: 1.Тікелей істен шығу құны; 2. Өндірістік әдісі (жұмыстың орындалған көлемінің пропорционалды құны); 3. Тездетілген істен шығу құны: азайтылған қалдығы; сома көлемі бойынша істен шығу құны (кумулятивті әдісі).
Тікелей істен шығу әдісі – бұл объектінің функционалдық пайдалылықтың қолдану уақытысына байланысты болып, пайдалану қызметтің мерзімі аралығында объектінің амортизацияланған құнын тең бөлу арқылы жүргізіледі. (БҚ-ЖҚ)/мерзім
Өндірістік әдісі – бұл объектінің функционалдық пайдалылығы уақыттан байланысты болмай, оның пайдалану нәтижесінен байланысты болады. Осы кезде қызметтің қолдану мерзімі өнім көлемімен немесе көрсетілген қызметпен анықталады.(БҚ-ЖҚ) / орындалатын жұмыс көлемі.
Азайтылған қалдығы – бұл бастапқы кезеңдегі негізгі қаражаттың пайдалылығы мен өнімділігі кейінгі болатын кезеңге қарағанда әлдеқайда жоғары болатынынан шығады. Бұл объектінің тез моралдық ескіруіне немесе пайдалану қызметінің аяқталған мерзімде жөндеуге және көрсетілген техникалық қызметке кеткен шығындардың өсуі.Бұл әдістің ерекшелігі жойылу құны амортизацияны есептеу барысында тек қалдық құн шамамен жойылу құнға тақаған кезде жойылу құнын қалдық құннан шегеріп тастап, соңғы жылдың амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтаймыз.
Сома көлемі бойынша істен шығу құны (кумулятивті әдісі) есептеме коэффициентті анықтаудан тұрады. Осы коэффициент әр пайдалану кезеңінде әр түрлі болады, бірақ амортизациялық құнның тұрақты өлшеміне қолданылады.
11. Материалдық емес активтер, оны игеру көздері ж/е амортизация. Материалдық емес активтер – бұл шаруашылық қызметіндегі ұзақ мерзімдік уақыт аралығында пайдаланып, табыс алып келетін материалдық емес объектілерге салған ақшалай қаражат. Оған натуралдық-заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысатын ж/е табыс әкелетін табыс жатады. Бұл жер учаскілермен, табиғи ресурстармен, пайдалану үшін алған құқықтар: патенттермен, ноу-хаумен пайдалану құқығы, яғни ғылыми-техникалық білімдерінің, өндіріс құпияларының және т.б. жиынтығы, сонымен қатар, авторлық құқық, монополдік құқық және жеңілдіктер, «гудвилл», яғни сауда маркінің мәртебесі, беделі.
«Гудвилл» бұл кәсіпорынның имиджі, іскерлік байланыстар нысанында материалдық активтерін жинаған құны. Кәсіпорын сатылатын бағасы бойынша үш элементтен тұрады: меншік капиталы, қосымша капитал, гудвилл. (9,10 сұрақ)
12. Корпорацияның инв/я/қ қызметін жүзеге асыру сипаттамасы. "Инвестиция" сози латынша "invectire" казак тилине аударганда каражат салу, жумсау дегенди билдиреди. Басқа мақсаты экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу. Инв/я құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық ж/е интеллектуалдық құндылықтар кіреді. Корпорацияның инв/я қызметі дег/з – сол инв/яны белгілі мақсаттар мен салаларға пайдалану. Инв/я/ң объектілеріне мыналар жатады: өндірістік, өндірістік емес; бағалы қағаздар; банктердегі мақсатты салымдар; ғылыми-техникалық өнімдер; табиғи ресурстар. Инв/я/ң негізгі түрлері: 1) Нақты инв/я – экон/ң негізгі өндірістік салаларына бағытталады. Ол өндірістік құралдармен материалдық байлықтарды ж/е құндылықтарды молайтуға жұмсалады. 2) Қаржылық инв/я – түрлі құнды қағаздар мен қаржы құралдарын жасауға қолданылады. Қаржылық инв/я/ң түрлері: портфельдік – кәсіпорынның портфеліндегі түрлі бағалы қағаздар жиынтығы.; венчурлық – кәсіпорынның өзінің акциясын ж/е қаржыларын жаңадан ашылатын өндіріске салады, яғни жаңа бағытқа инв/я салады, өйткені жаңа өнімдерге сұраныс көп болады.; аннуитет – инв/я/ң түрлі инв/я/қ қорларға, зейнетақы қорлары т.б. қорларға салу арқылы салушының белгілі бір кезеңнен кейін алатын табысы.
13.Тура инвестициялар, оларды жоспарлау және қаржыландыру
Инвестиция дегеніміз-пайда табу мақсатында белгілі бір қызметке бос ақша қаражатын салу.Инвестициялауға қатысу сипаты бойынша инвестиция тура және жанама болып екіге бөлінеді.
Тура инвестиция бойынша инвестор ақша қаражатын салатын обьектіні таңдауға қатыса алады.
Жанама инвестициялар қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады-коммерциялық банктер, инвестициялық компаниялар мен қорлар арқылы.
Обьектіге инвестиция салар кезде оны жоспарлап және қандай көздер арқылы қаржыландыру керек екенін ескеру керек.
Белгілі бір жобаға бизнес –жоспар құру керек.Бизнес – жоспар келесідей бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімі(резюме); өнеркәсіпке қатысты саланың жағдайын қалыптастыру; жобаны жүзеге асыруға арналған өндірістік жоспар; жобаны іске асыруға арналған ұйымдастырылған жоспар,менеджментті қоса; маркетинг мен өнім жоспары; жобаны іске асыру үшін арналған қаржылық жоспар; капитал салымының экономикалық тиімділігін бағалау.
Бизнес-жоспардың қорытындылаушы бөлімі ретінде инвестициялық жобаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігін бағалау болып табылады.
Қаржыландыру көздері: инвесторлардың ішкі шаруашылық резервтері мен меншік қаржылық ресурстары; заемдық қаражаттары; тартылған ақша қаражаттары; бюджет қаражаттары; бюджеттік емес қорлардың қаражаттары; шетел инвесторларының несие,займ түрінде беретін қаражаттар.
14.Корпорацияның қаржы инвестициясы және оны қаржыландыру көздері.
Корпорацияның қаржы инвестициясы дегеніміз бос ақша қаражаттарын бағалы қағаздарға салу болып табылады.
Бағалы қағаз дегеніміз мүліктік құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесінің қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай бар құжат (акция, облигация, опцион). Ол жеке құжат түрінде және шоттағы жазу түрінде болады.
Бағалы қағаздарға үш сипаттама беріледі: Айналымдылық-нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады; Өтімділік- БҚ- дың немесе басқа активтердің қолма-қол ақшаға айырбасталуы.Жоғары өтімділік компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемділік береді; Тәуекелдік-күрделі қаржы салымының қайтарылым деңгейінің өзгермелігі. Егер тұрақсыздық деңгейі жоғары болса, соғұрлым тәуеклділікте жоғары болады.Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуеклділік жоғары болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлі және ұсынушыға деп бөлінеді.Бірақ бұл жағдайда , атаулы БҚ иесі , сол қағазда көрсетілген тұлға, ұсынушыға БҚ иесі БҚ ұстаушы тұлға, ордерлі БҚ куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткізу жазбасы-( индосамент) болады.
БҚ функционалды қызметіне қарай үлесті және қарыздық болып бөлінеді.
18. Айналымдағы өндірістік қорлардың құрамы, құрылымы ж/е бағыттылығы. Негізгі қордың құрамын тағайындау бойынша жіктегенде екі бөлікке бөлінеді: өндірістік негізгі қорлар; өндірістік емес негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар дейміз, оларға мыналар кіреді: өнеркәсіп; құрылыс; ауыл шаруашылығы; көлік құралдары; байланыс, сауда; басқа да материалдық салалар жатады.
Өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік емес негізгі қорлар деп аталады. Оларға мыналар жатады: тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық; спорт кешені; балабақшалар; білім беру; мәдениет мекемесі; емдеу, денсаулық сақтау; басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер.
20. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану көрсеткіштері. Сипаттамасы. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалану экон/қ көрсеткіштер жүйесімен сипатталады, әсіресе ең алдымен айналым қаражатының айналымдылығымен сипатталады. Айналым қаражатының айналымдылығы дег/з – айналым қаражаттарының ақшалай формасының өндірістік қорларға айналуынан бастап, дайын өнімді шығаруы ж/е оны ө ткізуге дейін, яғни қаражаттардың өндірістегі толық бір айалымының ұзақтығын айтамыз. Олар мынадай бір-бірімен б/ты көрсеткіштермен сипатталады: 1) бір күндегі бір айналымның ұзақтығы – формуласы: Ұақ = (Қақ*К)/Т. Мұндағы, Қақ-айналым қаражатының қалдығы; Т-тауар өнімінің көлемі; К-қарастырылып отырған кезеңдегі күндер саны. Бір айналымның ұзақтығының қысқаруы айналым қаражатын пайдаланудың жақсаруын көрсетеді.; 2) анықталған кезеңдегі айналым сандары – жыл, жарты жыл, тоқсан ж/е кәсіпорынның бір өнім бірлігіне кеткен айналым қаражаттарының алынған сомасы. Формуласы Аақ = Т/Қақ. Неғұрлым айналымдылық коэффициенті берілген жағдайда жоғары болса, соғұрлым айналым қаражаттары жақсы қолданылады. Айналымдағы қаражаттарды жүктеу коэффициенті айналымдылық коэффициенттіне керісінше, ол келесі формуламен анықталады: Кж = Қақ/Т.
22. Өндіріс ж/е өнім өткізу, қызмет, жұмыс жасау б/ша шығындардың сыныпталуы. Шығындар дег/з - өнімді өндіру, өткізу шығындарының, сауда делдалдарының қызметтеріне б/ты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-әрекеттерді қаржыландыруға б/ты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі. Жоспарлау, есеп жүргізу ж/е калькуляциялау мақсатында шығындар келесідей түрге жіктеледі: 1) өндіріс түрі б/ша – негізгі ж/е қосалқы; 2) өнім түрі б/ша – бөлек бұйымдар, біртекті бұйымдардың тобы, тапсырыс, қайтажасалған өнім, жұмыс,қызмет; 3) шығындардың пайда болу орындарына б/ты – бөлімдегі, өндірістегі, цехтағы, шаруашылық есеп беру бөлімшесі; 4) құрамы мен экономмикалық мазмұны б/ша – шығындар баптары мен шығындар элементтері; 5) өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу әдістері – тікелей ж/е жанама; 6) өндіріске қатысу дәрежесіне б/ты – негізгі ж/е үстеме; 7) өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне б/ты – пропорционалды ж/е пропорционалды емес. 8) өнімнің өзіндік құнына қарастыру уақытысына б/ты – ағымдағы шығындар, болашақ кезеңдердің щығындары ж/е алдағы шығындар; 9) шығындардың біртектілік дәрежесіне б/ты – элементтік ж/е кешендік. Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді өндіру, өткізу шығындары келесідей экономикалық элементтерге бөлінеді: материалдық шығындар, еңбекақы, сақтандыру, негізгі қорлардың тозу құнын есептеу ж/е басқа да шығындар.
