Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпор. финансы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

26.Табыс корпорация қызметін бағалаудың негізгі көрсеткіші ретінде.

Корпорацияның өндірістік және ғылыми-техникалық салаларының дамуына , сатудан түскен табысты басқаруға баға саясатының әсері мол.Сонымен қатар ол шаруашылық субьектінің қаржылық жағадйына, маркетингтік стратегиясының қалыптасуына , эксплуатациялық қызметінің көлеміне әсер етеді.Баға саясаты корпорацияның сауда нарығында тұрақты орын алуына да ықпалытигізеді.Баға саясатының қалыптасуына келесідей қағидаларды ұстану керек: 1.таңдалған нарықтың стратегиясының ерекшелігімен және сауда нарығының конъюнктурасымен осы саясат сай болу керек. 2. бүкіл табысты басқару саясаты мен қызметтің негізгі ағымдағы мақсаты баға саясатымен сәйкес болу керек. 3. баға саясаты ұтымды болу керек. 4.сатып алушылардың жағдайына қарай баға саясатын тиімді пайдалану керек 5. сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгерісіне баға саясатының икемділігі болу керек

Сонымен қатар баға саясаты келесі этаптардпн тұрады: баға саясатының қалыптасуына негізгі мақсаттарды таңдау; қызмет деңгейіне баға беру; сауда нарығының ерекшеліктеріне және потенциалына баға беру; өндіріс шығындары мен өнім түрлеріне баға саясатының дифференциациасы; өнімнің жеке түріне баға қалыптастырудың әдістерін таңдау; тауарларға нақты баға деңгейін құру;бағаға қазіргі өзгерту әдістерін қалыптастыру. Бәсеке нарығында жылдам баға саясаты корпорацияға беделді орын алуын қамтамасыз етеді.

27 Рентабельділік көрсеткіштері ж/е оны есептеу әдістері. Рентабельділік өндіріс тиімділігін ж/е корпорацияның табыстылығын анықтайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Рентабельділік – кәсіпорындардың өндірістегі экон/қ тиімділік көреткіші. Жалпы алғанда материалды еңбек ж/е ақша ресурстарының қолданылуын көрсетеді. Рентабельді болып тек пайда әкелетін кәсіпорын саналады. Корпорация рентабельділігінің ж/е табыстылығының деңгейіне ішкі ж/е сыртқы факторлар әсер етеді.

Кәсіпорынның жалпы рентабельділігі баланстық табыстың негізгі өндірістік қорлардың ж/е нормаланған айналым қорлардың жалпы орташа құнына қатынасы б/ша анықталады. Ол мына формула б/ша есептеледі: Р = (Т*100%) / Қнақ. Т – табыс, Қнақ – негізгі өндірістік ж/е нормаланған айналым құралдардың орт. Жылдық құны. Рентабельділік деңгейі өндірістің қор сыйымдылығына да б/ты болады.

Корпорацияның қызметіне баға беру процесінде өнім рентабельділігі өте маңызды көрсеткіш б/п табылады. Оны анықтау үшін табыстың сомасының өнімнің толық өзіндік құнына қатынасын табамыз. Кәсіпорынның өнімінің жеке түрлерінің рентабельділігі келесі формула б/ша есептеледі: Р = (Бк-Қө)*100% / Қө. Бк – кәсіпорын өнімінің көтерме бағасы. Қө - өнімнің өзіндік құны. Өнім б/ша есептелген рентабельділік көрсеткіші өнімді өндіруге кеткен еңбек ж/е заттай шығындардың тиімділігін көрсетеді.

Меншікті капитал рентабельділігі – кәсіпорынның меншігіндегі мүлкінің тиімді пайдалануын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы көрсеткіштердің негізінде активтердің иесі оларды орналастыру орнын таңдауы мүмкін. Меншікті капитал рентабельділігі = таза табыс / меншікті капиталдың жылдық орташа құны. Меншікті капиталдың қорытынды көрсеткіші недеен ж/е калай құрылатынын түсіну үшін бір қатар аралық көрсеткіштерді қарау керек: Таза активтер рентабельділігі – кәсіпорынның операциялық қызметінің тиімділік көрсеткіші. Оны операциялық табыстың таза активтердің орташа жылдық құнына қатынасы б/ша анықтауға болады. Мұндағы таза активтер = меншікті капитал+несие. Таза активтер рентабельділігі қаржылық тұтқа тиімділігін бағалағанда қолданылады. Қаржылық тұтқа – таза активтердің құрамындағы меншікті ж/е тартылған қаражаттардың арақатынасы, кәсіпорынның қызмет тиімділігіне несиелендіру әсерін сипаттайды.

Корпорация рентабельділігін арттырудың негізгі жолдары: пайда сомасын арттыру; негізгі қорлардың пайдалану тиімділігін жақсарту; айналым құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру.