Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корпор. финансы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
157.7 Кб
Скачать

23. Өнім өткізу, қызмет, жұмыс жасау бойынша табыстардың экономикалық мәні және мазмұны

Табыс - өндірістік, коммерциялық, делдалдық, өзгк де нысаналы қызметтердің нәтижесі болып табылады ж/е жаңа өндірген өнім мен қызметті бөлу кезеңінде пайда болады.Табыс аралық сипатта болады. Яғни өзі қалымтасқан соң бөлудің жаңа кезеңіне түседі, не ұдайы өндірістің жаңа сатысына айырбасқа өтіп табыс ретінде қызмет етуі мүмкін. Табыстың аралық сипаты бір шаруашылық субьектісінің табысы екіншісінің шығыны есебінен қалыптасуында байқалады. Мысалы: табыс салығын төлегенде, кәсіпкерлік сектордың шығыны немесе мемлекеттің әлеуметтік мақсатты шығындары халықтың кейбір топтарының табысы болып табылады. Табыс есептік кезеңдегі активтердің көбеюі не міндеттерінің азаюы. Табыс алынған н/се алынуға тиіс өткізілім құнымен бағаланады. Өткізу құны субьекті мен сатып алушы н/се актив пайдаланушысы арасында келісіммен белгіленеді. Субьект қызметіндегі бірдей мәсілелерден не оқиғалардан түскен табыстар қатар танылады. Келесі шарттар орындалғанда табыс танылады:

1.Табыс сомасы аса үлкен растау дәрежесімен бағаланады.

2.Мәмілеге байланысты экономикалық пайданы субьекті алу ықтималдылығы бар болғанда.

Жоғары талғандар ж/е мына шарттар орындалғанда тауар өткізуден түскен табыс танылады:

1.Субьектінің меншік құқығын сатып алушыға тапсыру

2.Мәміле бойынша нақты немесе күтілетін шығындарды бағалау аса үлкен растық дәрежесімен жүргізіледі.

Жоғарыда атлған ж/е мына шарттар орындалса, қызметтен түскен табыс:

1.Есептік датаға мәміленеің аяқталу сатысы аса үлкен растық дәрежесімен бағаланады.

2. Мәміле барысындағы шығын мен мәмілені аяқтауға қажетті шығын аса үлкен растық дәрежесімен бағаланады.

25.Табыс –корпорацияның меншікті қаржы ресурстарының негізгі көзі ретінде.

Табыс –корпорация құрылтайшыларының салымдарынан басқа, ұйымның капиталын ұлғайтатын, міндеттемелерді өтеу мен активтердің ұлғаюының нәтижесіндегі экономикалық пайдасының ұлғаюы.Бухгалтерлік есептің ережесіне сәйкес табыс келесідей табыстарға топтастырылады: қызметтің жай түріндегі табыстары; басқада операциялық табыстар; басқада жүзеге асырылмайтын табыстар; басқада төтенше табыстар;

Қызметтің жай түріндегі табыстар қызмет көрсетуден,жұмысты орындаудан, тауарлар мен өнімді сатудан түскен табыстар болып табылады.

Басқада операциондық табыстарға мыналар жатады: 1. ұйымның активтерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемдерден түсім; 2. жаңа құралдарға патент құқығын алу үшін төлемднрден түсім 3. басқа ұйымдардың жарғылық капиталының қатысуымен байланысты түсімдер 4. бірігіп істеген қызметтердің нәтижесінде ұйымның алған табысы 5.өнімдерді, тауарларды , басқада активтерді сатудан түскен түсімдер 6. ұйымның ақша қаражатын қолданылуынан түсетін пайыздар

Басқада жүзеге асырылмайтын табыстар: айыппұл, өсімпұл; ыйақы ретінде берілген активтер; ұйымға келтірілген шығындарды өтеу үшін түскен түсімдер; есептілік жылда анықталған ескі жылдың табыстары; несиелік және депоненттік қарыздардың сомасы; бағамдардың айырмашылықтары; активтердің бағалауға дейінгі сомасы; басқада табыстар.

Басқада төтенше табыстар ретінде шаруашылық қызметтің төтенше жағдайларында пайда болатын түсімдер(табиғи апаттар, авариялар,өрттер).