
- •4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары:
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1 Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау.
- •II. Оқу пәні бойынша тапсырмалардың орындалуы мен тапсыру кестесі
- •Ііі. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы Оқулықтар, оқу құралдары
- •IV. Дәріс кешені
- •Пәннің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі мәтіні.
- •2. Тақырып .Меншік құқығының мазмұны, меншіктің түрлері мен нысандары.
- •Тақырып. Меншік құқығын иемдену тәртібі.
- •Тақырып. Ортақ меншіктің түсінігі және түрлері
- •7 Тақырып. Кондоминимум ортақ меншіктің ерекше нысаны ретінде.
- •8 Тақырып.Басқа да заттық құқықтардың түсінігі және түрлері
- •VI. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар
- •4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •VII. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар
- •1. Білім алушылардың еңбек көлемі анықталған өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2. Семинар, практикалық немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау тақырыптар мазмұны
- •3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •4. Пән бойынша иллюстрациялық материалдар
- •5. Хрестоматиялық және әдістемелік нұсқаулар
- •8. Курстық жұмыстарды орындау бойынша материалдар
- •9. Сабақтың бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •VIII. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаумен бағалауға арналған материалдар
Тақырып. Меншік құқығын иемдену тәртібі.
Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.
Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.
Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.
Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.
Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.
Тақырып 4 Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды алудың және жоюдың әдіс-тәсілдерін топтастыру
Рим құқығы меншік құқығын затқа толығымен басшылық етуін білдірді. Меншік құқығының мазмұны үш элементтен тұрды: а) затты пайдалану; ә) затқа билік ету; б) затты пайдалану мен билік алудан µнім алу. Ежелгі Рим заңгерлерімен меншік құқығын шектеудің тµрт жағдайы анықталды:
1. Учаскенің иесі бір күннен кейін µз учаскесіне түскен ағаштың µнімін жинау үшін кµршісін шақыруы керек.
2. Ағаш бұтағының кµршісінің учаскесіне түсуі немесе µсіп кетуі оған 15 футқа дейінгі бұтақтарды кесуге рұқсат берілді, егер кµршінің µзі кеспесе.
3. Меншік иесі, егер кµршінің салған ғимараты жарты футқа шығатын болса, µзінің қарсылығын білдіруге құқылы.
4. Меншік иесі жерлеу жеріне оның жер участогі µткені үшін белгілі мµлшердегі сыйақы алуға құқылы.
Меншіктің бірнеше түрі белгіленді:
1. квириттік меншік – толық құқыққабілеттілігі бар Римнің азаматтарына ғана тиесілі.
2. Перегриндер меншігі – олар Римде тұрғанына қарамастан µз елінің құқығына бағынды.
3. Провинциалдық меншік жаулап алудық кµпшілік сипатына байланысты Рим халқының меншігі болып саналды.
4. Абыройлы иелену және бонитарлық меншік. Бұл терминімен ие болушының затты иеленуіу құқықтық жолмен алып, µзінің сенімділігін білдірді, нақтырақ білмегендігі.
Меншік құқығына ие болу әдістері бастапқы және кейінгі болып бµлінеді. Меншік құқығын алудың бастапқы тәсілдерібасқа тұлғаныңменшігінен тундамайды. Мұндай тәсілдер болып табылады:
- оккупация, ешкімге тиесілі емес µзінің меншігіне айналдыру;
- иеленудің мерзіміне байланысты затты меншікке алу. Иелену құқығын алу мерзімі - затты абыройлықпен жалғастырып иеленуге байланысты меншік құқығын алу.
- Кµмбе табу. Рим құқығы бойынша кµмбенің жартысын тауып алған, екінші жартысын жер иесі алады.
Меншік құқығын алудың кейінгі тәсілдері бастапқы меншік иесінің құқығына негізделеді. Мұндай тәсілдер болып табылады:
- Затты тапсыру (әдет-ғұрып - traditio). Әдет-ғұрып – бұл затты меншікке тапсыру ниетімен байланысты. Әдет-ғұрыптың негізі болып келісім-шарт табылған.
- Спецификация, яғни затты қайта µңдеп алу. Спецификацияның негізінде бір заттан басқа бі р зат пайда болды.
- Заттарды қосу, яғни бір затты екіншісіне қосып, оның құрамдас бµлікке алйналып кетуі.
- Мұрагерлік бойынша. Меншік құқығы мұраға қалдырушы қайтыс болған кезде мұрагеріне кµшеді.
- Біреудің меншігінің табысы мен кµмбесін қолдану.
- Претор немесе сот шешімі.
Затқа меншік құқығы жойылады:
- Дереликции, яғни, иесінің µз еркі бойынша меншігінен бас тартуы.
- Зат µлген кезде;
- Иеліктен шығарған кезде;
- Иесінің мүлкін тәркілеген кезде;
- Заттың азаматтық құқық айналымынан алынып тасталуы.
Меншік құқығының қорғалуы кез келген бұзушылыққа қарсы бағытталған заттық талап-арыз арқылы жүзеге асты. Меншік құқығы үшін негізі виндикациондық және неготорлық талап-арыздың түрлері болған.
Виндикациондық талап-арыз - бұл зат иесінің басқа біреуден затын µзіне қайтаруы жµнінде талап-арызы. Бастапқыда виндикацияның шексіз мінезі болған. Кейін дамып отырған экономикалық айналымның қажеттілігі үшін ар-ұяты бар иелер мүддесін орындай отырып шектелді. Талап-арыздың мақсаты – затын иесіне қайтару. Затты заңсыз еиелену әр түрлі жауапкершілікке әкеліп соқты. Абыройлы иесі талап-арыз дың тапсыру сәтінен бастап тек заттың сақталуына жауап береді. Зат иесі сақтаушысының қайтарылған затты ұстауы үшін кетірген шығынын тµлеген. ¦яты жоқ иесі меншік иесіне тек затын қайтару ғана емес, сонымен қоса, ол иемденген заттың берген µнімінің және табыстың мµлшірін тµлеуі керек.
Негаторлық талап-арыз – меншіктің бостандығын бұзушыларға қарсы бағытталады. Меншік иесі мүліктен айырудың қаупі тумаса да, бірақ қайсыбіреу оған меншік құқығын жүзеге асыруға кедергі жасаған ретте талап-арызды қолданады. Рим құқығы меншік құқығынан басқа , біреудің затына құқығын білген. Бұл орайда меншік құқығы басқа біреуге тиесілі, бірақ иесі еместің бұл затқа қатысты құқығы бар. Барлық заттық құқығы сияқты бұл категория абсолюттік құқықтарға жатты, яғни, кез келген бұзушылықтан қорғалды және мұрагерлікке қалдыру және айқын басымдылық құқықпен ерекшеленді. Біреудің затына құқығының келесі түрлері болған:
- біреудің затын пайдалану құқығы – севитут;
- біреудің затын басқару және пайдалану құқығы
а) кепіл; б) эмфитевзис; в) суперфиций.
Сервитут деп белгілі бір учаскіні пайдалану барысында одан пайда алу мақсатында немесе біреудің мүддесі үшін біреудің затын пайдалану аталады. Сервитуттар жеке және заттық болған. Жеке сервитут – затты тек белгілі бір тұлғаның ғана пайдалану құқығы болды, яғни бұл сервитут белгілі бір тұлға үшін құрылады және оның µлімімен қысқарады. Заттық сервитут – белгілі-бір тұлға үшін емес, белгілі бір заты үшін құрылды, сондықтан иесінің ауысуы севитуттың аяқталуына әкеліп соққан жоқ. Кепіл – бұл пайдалыну және белгілі бір жағдай кезінде біреудің затын басқару құқығы. Кепілдің негізі, егер борышкер келісімдегі шартын бұзса, онда кредитор бұл затты тиісінше билейді. Рим құқығындағы кепілдің түрлері: Фидуция; Пигнус; Ипотека. Фидуция – манципацияның негізінде борышкер затын кредитордың пайдасына иеліктен шығарды. Міндеттеме орылданған жағдайда кредитор затын қайтаруға міндетті. Пигнус – заты кредитордың меншігіне емес, тек иелікке ғана, сондықтан борышкердің міндеттемені орындаған жағдайда заты иесіне қайтарылады. Эмфитевзис – бұл мерзімге дейін мұрагерлік құқығы және иеліктен шығару бойынаша ауылшаруышылық жерін пайдалануға беру. Эмфитевзис : а) біреудің жерін пайдалануға (оның µнімін табысын алуға); б) жер кепіліне; в) жерін иеліктен шығаруға; г) мұрагерлік бойынша қалдыруға құқығын берді. Суперфаций – бұл иеліктен шығарылатын және мұрагерлік жолмен берілетін басқа қалалық жерде құрылыс салу, сонымен бірге мұндай құрылысты пайдаолану құқығы. Құрылысқа меншік құқығысуперфацияның субъектісіне емес, құрылыстың жердің бір бµлігі болғандықтан жер иесіне тиесілі болған.