
- •4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары:
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1 Негізгі әдебиеттер:
- •6.2.Қосымша әдебиеттер:
- •7. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау.
- •II. Оқу пәні бойынша тапсырмалардың орындалуы мен тапсыру кестесі
- •Ііі. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы Оқулықтар, оқу құралдары
- •IV. Дәріс кешені
- •Пәннің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі мәтіні.
- •2. Тақырып .Меншік құқығының мазмұны, меншіктің түрлері мен нысандары.
- •Тақырып. Меншік құқығын иемдену тәртібі.
- •Тақырып. Ортақ меншіктің түсінігі және түрлері
- •7 Тақырып. Кондоминимум ортақ меншіктің ерекше нысаны ретінде.
- •8 Тақырып.Басқа да заттық құқықтардың түсінігі және түрлері
- •VI. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар
- •4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •VII. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар
- •1. Білім алушылардың еңбек көлемі анықталған өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2. Семинар, практикалық немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау тақырыптар мазмұны
- •3. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •4. Пән бойынша иллюстрациялық материалдар
- •5. Хрестоматиялық және әдістемелік нұсқаулар
- •8. Курстық жұмыстарды орындау бойынша материалдар
- •9. Сабақтың бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
- •VIII. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаумен бағалауға арналған материалдар
IV. Дәріс кешені
ГЛОССАРИЙ
Заттық құқық- бұл біреудің басқалардың еркінен тыс және тәуелсіз затқа әсер ету құқығы (мүмкіндігі). Әсер ету деп иелену, пайдалану, билік ету ұғынылады.
Иелену бұл затқа нақты ие болу. Бірақ заттық құқық кез келген затқа фактілі ие болу таныған жоқ және соған байланысты иелену және қолында ұстауды ажыратты.
Сервитут деп белгілі бір учаскіні пайдалану барысында одан пайда алу мақсатында немесе біреудің мүддесі үшін біреудің затын пайдалану аталады.
Кепіл бұл пайдалыну және белгілі бір жағдай кезінде біреудің затын басқару құқығы.
Пәннің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі мәтіні.
Тақырып 1 Меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы
Дәрістің мақсаты: студенттерге меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар пәнін, принциптерін, жүйесін, қайнар көздері мен қатынастарының ұғымдарын түсіндіріп, жетілдіру.
Жоспары:
1 меншік құқығы пәні
2 меншік құқығы ұғымы
3 меншік құқығының жүйесі
4 меншік құқығының қайнар көздері
5 меншік құқығының қатынастары
Меншік құқығы дегеніміз-субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелермен басқа адамға берілетінін атай кеткен жөн болар еді. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.Иелену құқығы дегенміз- мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асырыруды заң жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалану табиғи қасиеттерін алу сондай ақ мүліктен пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс өсім жеміс төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік Құқығы:
Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.