Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК меншик кукыгы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
325.63 Кб
Скачать
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Күні: _______ 2012 ж.

  • Баспа: екінші

  • Пәннің оқу-әдістемелік кешені

  • 14-10-44

  • бет. 40 ден 40

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Мамандық бойынша міндетті пән

МКОZK 2231- Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар

______050301 – Заңтану_______

(Мамандықтың атауы және шифры)

Астана

2012

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ

МАЗМҰНЫ

І. Силлабус

ІІ. Оқу пәні бойынша тапсырмалардың орындалуы мен тапсыру кестесі

ІІІ. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

  1. Дәріс кешені (дәріс тезистері, иллюстрациялық және қолға берілетін материал, ұсынылған әдебиеттердің тізімі).

  2. Семинар сабақтарының жоспары

  3. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар

  4. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар (үй тапсырмасының терілген мәтіні, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған материалдар, рефераттар).

  5. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіңдік дайындыққа арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.).

I. СИЛЛАБУС

«Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» пәнінен СИЛЛАБУС

1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:

Бердиярова Жамиля Серікбайқызы – заң ғылымдарының кандидаты, азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 70-95-00 (34-504)

Ғылыми қызуғышылығы:азаматтық құқық,шарттық құқық,еңбек құқығы.

2.Пәннің атауы,коды және кредит саны: «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар»,код-МКОZK 2231, кредит саны- 2.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: семестр -4, аудитория сабақ кестесі бойынша.

4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:

4.1 Оқу пәнінің переквезиттері:«меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар» ” пәнiн оқу үшiн студенттер келесi пәндердi бiлу қажет: мемлекет және құқық теориясын, конституциялық және азаматтық құқық отбасы құқығын, себебi осы оқу пәндерiнiң аясында келесi мәселелер зерттеледi – мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi жөнiнде, нақты құқықтық қатынастардың мазмұны, олардың субъектiлерi, құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру, қысқартылу негiздерi туралы.

4.2 Оқу пәнінің постреквизиттері:«меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар»” пәнiн өткен соң студенттер қажеттi құқықтық бастамалармен, осы құқық саласының концептуалдық проблемаларымен танысуға, құқықтық қатынастарды реттеу жөнiндегi халықаралық шарттарды және құқықтық актiлердi зерттеуге, азаматтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiн, меншік құқық қатынастарын реттейтін нормаларын бiлуге; Меншік құқығын және басқа да заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістерінің түсінігін білуге,алған білімдерін практикада қолдана білуге мiндеттi.

5 Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің мәні:меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар «Заңтану» мамандығы бойынша жалпы білім беретін мемлекеттік стандарттарда қарастырылған жоғары оқу орындары мен факультетерінің студенттеріне арналған маңызды құқық салаларының бірі болып табылады. “«меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар – бұл белгілі бір тұлғаның заңмен танылған өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез келген шаруашылыққа пайдалану құқығы. Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.

5.2 Оқу пәнінің мақсаты:Білікті заң-мамандар корпусын қалыптастыруға қажетті азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, құқықтың демократиялық жаратылысы, нарықтық қатынасты құқық арқылы реттеу ерекшеліктерін түсінуге бағыт беретін, сондай-ақ Қазақстан Р меншік құқықтарын реттеу,республикасының азаматтық құқықтық нормаларды және заңдарын студенттерді тереңірек білулеріне ықпал жасау негізінде осы «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» оқу бағдарламасының үлгісі жасалып отыр.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері:«меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар» курсының мақсаты студенттердің азаматтарды меншік құқығы аясындағы қатынастарды реттейтін құқық нормаларын, меншік құқығының теориясын игеруді, меншік құқығы және өзгеде заттық құқығының нормаларын практикада қолдана алуына үйретуден тұрады.

5.4 Оқу пәнінің мазмұны:Құқықтың қажетті қайнар көздерімен, осы құқық саласының көкейкесті мәселелерімен танысу, қажетті заңды актілерді, халықаралық конвенциялар мен шаттарды зерттеу болып табылады. «Меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар» курсын оқу нәтижесінде студенттер мыналарды білуі керек: Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтар жүйесін, олардың міндеттері мен құрылымын; Қазақстан Республикасындағы меншік ұғымы, оладың түрлері пайдалау құқығы, иелену құқығы, билік ету құқығы мазмұның, мемлекеттік және жеке меншік нысандарын,меншіктің пайда болу негіздерін, заттық құқық құқықтық реттеу тәртібін, Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау .