Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211.53 Кб
Скачать

12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.

Ағын су — жер бетіндегі жоғарыдан төмен қарай ағып жататын су (өзен, жылға). Ол тұрақты (жыл бойы ағатын) және уақытша, маусымды әрекетті болуы мүмкін. Ағын судың мөлшері мен режимі жауын-шашынның мөлшеріне, режиміне, жер бедерінің түріне, жердің геологиялық құрылысына, топырақ және өсімдік жамылғысына байланысты.

Ағын – табиғаттағы су айналымы процесінің нәтижесінде судың жер бетімен және оның астымен ағуы. Беткі және жер асты ағыны болып екіге бөлінеді:

Беткі ағын өз алдына беткейлік және арналық болып ажыратылады. Ағын мөлшері және режимі жауын-шашын мен булану мөлшеріне,ауа температурасы, жер бедері, геологиялық құрылысы, топырақ пен өсімдік сипатына байланысты қалыптасады.

Ағынның келесі екі мағысы бар:

  • өзендегі немесе өзге де су арналарындағы сумассасының көлденең кеңістікті түгел қамтитын қозғалысы;

  • жалпы қозғалысты бейнелейтін түсінік (мысалы, су ағыны, ауа ағыны, т.б.)

Ағын аймақтың климат жағдайына тәуелді. Ағынның жалпы шамасы – су шығымы, ағын модулі, ағын коэффициенті және ағын суқабатының қалыңдығы деп аталатын элементтер арқылы анықталады.

13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері

Сумен қамтамасыз ету,сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылаты әртүрлі жұмыстардың жиынтығы. Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі, немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады. Сумен жабдықтау - судың әртүрлі тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету шараларының жиынтығы.Сумен қамтамасыз ету, суды табиғи қорлардан шығару, оны тазарту, тұтынушыларға жеткізу мен тасымалдау міндеттерін атқаратын ғимарат кешендері сумен қамтамасыз ету жүйесі немесі су құбыры деп аталады. Сонымен бірге, сумен қамтамасыз ету және жер суару мәселелері гидроэнергетика және су транспорты мәселелерін де қамтиды, өйткені онсыз ірі табиғи су көздері орынды пайдаланыла алмайды. Су құбыры немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі - тұтынушыларға суды тасымалдауды, тазартуды қамтамасыз ететінинженерлік құрылыстар және шаралар комплексі. Орталықтандырылған сумен қамтумен елді мекендердің 60%-ы қамтамасыз етеді, тасып әкелінетін сумен - 5%. Сумен қамту нысандары көпшілігінің (сужинау, сутарту, тазарту имараттары, су айдайтын мұнаралар, суға арналған резервуарлар) техникалық жағдайлары, ұзақ уақыт пайдалануда болғандықтан, жыл сайынғы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен қанағаттандырғысыз. Халықты сумен қамтамасыз ету мәселесі су ресурстары мен сапалы ауыз су жетіспеушілігі жағдайында өте өзекті мәселе болып табылады. Дамыған елдерде ауыз судың тазалық дәрежесін бақылау, ағынды суды қайта тазарту және сумен қамтамасыз ету жүйесін жобалау ұлттық экономиканы жоспарлаудың және қоғамдық денсаулық сақтау саласының өмірлік маңызы бар бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта заманауи гигиена ғылымы қоршаған орта және экологияның әсерінен туындаған аурулар факторларының өзгеруінің себеп-салдар байланысын анықтайтын жаңа деңгейге көтерілді. Өмір сүру ортасындағы зиянды факторлардың әсерінен халықтың денсаулығына «қауіп бағасы» тұжырымы кең қолданыс тапты. Алайда ауыз сумен қамтамасыз етудің гигиеналық мәселелеріне байланысты нашар эпидемиологиялық жағдай, ауыз су сапасына байланысты жұқпалы емес аурулар, алдын алу шараларының тиімділігі өте жеткіліксіз түрде зерттелген. Бұл факт болашақта сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту және еліміздің нашар экологиялы аймақтарындағы халықтың денсаулығын сақтау маңыздылығын анықтайды.    Осылайша, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету денсаулық сақтаудың аса маңызды факторы болып табылады. Шаруашылық-ауыз су мақсатында санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдалану жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындауына жағдай жасап, адамдардың денсаулығына шынайы қауіп төндіреді.