- •Гидросфера. Жер шарының су балансы. Әлемнің су ресурстары.
- •3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.
- •4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.
- •5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.
- •6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
- •7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.
- •10.Сумен қамтамасыз ету және су жүйелерін құрудағы экологиялық негіздер. Гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары
- •11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
- •13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері
- •12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.
- •14,Халықаралық және отандық экологиялық пен санитарлық заңнамаларға сәйкес сумен қамтамасыз ету сипаттамасын оптимизациялауға арналған талаптар.
- •16.Кешендік және салалық мақсаттағы гидротехникалық құрылғылар. Гидротехникалық құрылғылар аумағындағы суды сүзу.
- •19.Гидрологиялық өңдеу және су ресурстарын пайдаланудың, басқарудың ғылыми негіздері
- •20.Судың шрк-сын анықтау.
- •21.Ауылшаруашылық су пайдаланудың экологиялық принциптері. Су жинайтын орындардың мелиорациясы. Жерді ластанудан қорғау. Табиғи апаттармен күрес.
- •22.Мелиорацияның жер беті және асты ағындарына әсері. Әртүрлі мақсаттағы жер мелиорациясы. Мелиорация түрлері, әдістері мен тәсілдері. Мелиоративтік жүйелер, құрамы, жобалау мен басқару.
- •23.Су шаруашылығы және шаруашылық су пайдаланудың негіздері. Су шаруашылығының мақсаты мен шарттары, құрлымы және атқаратын қызметі.
- •24. Су және экологиялық құқық. Су шаруашылық салаларындағы экологиялық құқық. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы құқықтың пиринцптері , ережелері , стандарттары.
- •25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
- •26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
- •27.Су экожүйелеріндегі өндірістегі қалдықтарды ликвидациялау, утилизациялау және пайдалану. Қалдықтар классификациясы.
- •28.Статистикалық, қалпына келетін, аймақтық және мемлекетаралық су ресурстары.
- •29.Орманшаруашылығының су ресурстарын реттеуде ролі және қалпына келтіру.
- •30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық
- •31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.
- •32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •35.Шарын өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •36.Шу өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •37.Сырдария өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •38.Талас өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •39.Қаратал өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •40.Тобыл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •41.Жайық өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •42.Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •43.Ертіс бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •44.Арал-Сырдария бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •45.Орал-Каспий бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •47.Нұра-Сарысу бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •50.Суды тазарту әдістері
- •51.Судағы ластағыш заттарды анықтау әдістері
- •52.Арал теңізін құтқару жөніндегі ұсыныстарыңызды жазыңыз
- •53.Сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және өндірістік
- •57.Шаруашылық және ауызсумен жабдықтау үшін су дайындау сатылары.
- •60.Химиялық және органикалық ластанулардан суқоймаларының табиғи өздігінен тазару принциптері.
33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]
Ертіс өзенінің табиғи жағдайлары
Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Бесбоғда тауынан) алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс,көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.
Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге жетеді
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқааймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды. [2]
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск.1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды.Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суыОрталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, мекіре, шортан, алабүға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан, көксерке және байқал омулі жерсіндірілген.
34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
Есіл өзені — Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумағы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның шығыны қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толығып отырады. Олай болса, су шығыны ауа райына байланысты – кей жылдары мол, кей жылдары өте аз болады. Судың жылдық орташа шығыны Цилиноград қаласының тұсында секундына 6,2 текше метр, ал Петропавл қаласының тұсында секундына 57,7 текше метрге дейін барады. Сәуір айында Целиноград маңында орташа жылдық су шығыны он есе көбейсе, Петропавл тұсында 7 есеге дейін көбейеді, сол кезде су деңгейі Целиноград қаласының тұсында 2 метрден 4 метрге дейін көтерілсе, Петропавл қаласының маңында 4 метрден 9 метрге дейін көтеріледі. Есіл өзенінің бойында Есіл, Сергиев, Осакаров және тағы басқа су қоймалары бар. Сергиев су қоймасы суды совхоз – колхоздарға құбырлар арқылы жеткізеді. Сонда көптеген совхоз бен колхоздарды сумен қамтамасыз етіп, қосымша 40 мың гектар жерді
суландырады.
Суды қорғау, су нысандарының барлық жиынтықтарынының құрайтын, судың жинақталған аумақтары біздің мемлекетіміздің жіті бақылауында. Осыған орай Есіл экология департаменті суды қорғау саласында белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар су нысандарына қалдықтар тастайтын табиғатты пайдаланушылар расында үнемі бақылау жүргізілінеді. Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары қалдықтарды шамадан тыс тастауды сынап, іріктеу жұмыстарын үнемі жүргізеді.
Республикалық бюджеттің есебінен Есіл өзенінің арналарын қайта қалпына келтіру шаралары, арналарын қамыс пен тұнбалардан тазарту, өзеннің кеңеюі, өзен жағасының бағытының түзелуі мен көріктендіріліуі іске асырылады.
