
- •Гидросфера. Жер шарының су балансы. Әлемнің су ресурстары.
- •3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.
- •4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.
- •5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.
- •6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
- •7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.
- •10.Сумен қамтамасыз ету және су жүйелерін құрудағы экологиялық негіздер. Гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары
- •11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
- •12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.
- •13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері
- •14,Халықаралық және отандық экологиялық пен санитарлық заңнамаларға сәйкес сумен қамтамасыз ету сипаттамасын оптимизациялауға арналған талаптар.
- •16.Кешендік және салалық мақсаттағы гидротехникалық құрылғылар. Гидротехникалық құрылғылар аумағындағы суды сүзу.
- •19.Гидрологиялық өңдеу және су ресурстарын пайдаланудың, басқарудың ғылыми негіздері
- •20.Судың шрк-сын анықтау.
- •21.Ауылшаруашылық су пайдаланудың экологиялық принциптері. Су жинайтын орындардың мелиорациясы. Жерді ластанудан қорғау. Табиғи апаттармен күрес.
- •22.Мелиорацияның жер беті және асты ағындарына әсері. Әртүрлі мақсаттағы жер мелиорациясы. Мелиорация түрлері, әдістері мен тәсілдері. Мелиоративтік жүйелер, құрамы, жобалау мен басқару.
- •23.Су шаруашылығы және шаруашылық су пайдаланудың негіздері. Су шаруашылығының мақсаты мен шарттары, құрлымы және атқаратын қызметі.
- •24. Су және экологиялық құқық. Су шаруашылық салаларындағы экологиялық құқық. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы құқықтың пиринцптері , ережелері , стандарттары.
- •25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
- •26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
- •27.Су экожүйелеріндегі өндірістегі қалдықтарды ликвидациялау, утилизациялау және пайдалану. Қалдықтар классификациясы.
- •28.Статистикалық, қалпына келетін, аймақтық және мемлекетаралық су ресурстары.
- •29.Орманшаруашылығының су ресурстарын реттеуде ролі және қалпына келтіру.
- •30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық
- •31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.
- •32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •35.Шарын өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •36.Шу өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •37.Сырдария өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •38.Талас өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •39.Қаратал өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •40.Тобыл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •41.Жайық өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •42.Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •43.Ертіс бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •44.Арал-Сырдария бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •45.Орал-Каспий бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •47.Нұра-Сарысу бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •50.Суды тазарту әдістері
- •51.Судағы ластағыш заттарды анықтау әдістері
- •52.Арал теңізін құтқару жөніндегі ұсыныстарыңызды жазыңыз
- •53.Сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және өндірістік
- •57.Шаруашылық және ауызсумен жабдықтау үшін су дайындау сатылары.
- •60.Химиялық және органикалық ластанулардан суқоймаларының табиғи өздігінен тазару принциптері.
11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
Құрлыққа су Мұхит үстінен булану және атмосферада тасымалдану нәтижесіндеғ яғни Дүние жүзілік ылғал айналымы процесінде түседі. Құрлыққа жауған атмосфералық жауын-шашынның бір бөлігі сіңіп кетеді, ал олардың интенсивтілігі булану мен сіңудің қосындысынан көп болып шыққанда беткі ағынды құрап бет еңісіне сәйкес аға бастайтын болады. Ерімейтін қар жамылғылы аймаққа жауған атмосфера ылғалы мұздықтарда ұзақ жатып қалуы мүмкін, ол бірақ уақыттың өтуіне байланысты Мұхитқа құятын ағынға барып қосылады. Көлге құйылғанды су құрлықта будан аз уақыт кідірістейді. Топырақ грунтына сіңген атмосфералық жауын-шашынның бір бөлігі беткі ағынға қосылатын, немесе едәуір сирек тікелей Мұхитқа құятын жер асты ағынын құрайды. Сонымен Дүние жүзілік ылғал айналымының аса маңызды звеносы – құрлықтан келетін ағын 2/3 беткі және 1/3 жер асты ағынынан құралады. Ағын жер асты сулары, өзендер, көлдер мен мұздықтар арасында уақытша таралған құрлық суларын біріктіреді, байланыстырады.
Өзендердің қоректенуі. Өзендер қоректенуінің негізінен төрт көзі бар: жауын, қар, мұздық, жер асты.Қоректенуге қарай өзендегі судың мөлшері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер өзен деңгейінің ауытқуларынан байқалады. Өзен деңгейін үнемі қадағалап отыру уақыт ішіндегі өзендердегі заңдылықтарды – олардың режимін анықтауға мүмкіндік береді. Қоректенуде еріген қар суы маңызды роль атқаратын қоңыржай-суық климат өзендерінің режимінде 4 фаза немесе гидрологиялық маусым: көктемгі су тасу, жазғы межень, күзгі тасқын мен қысқы межень айқын бөлінеді. Басқа климаттық жағдайлардағы меженьдер режиміне су молдығы, су қайтымы мен межень тән болып келеді. Су тасу – жыл сайын белгілі бір маусымда қайталап отыратын деңгейінің көтерілуіне алып баратын өзендегі су мөлшерінің біршама ұзақ және едәуір көбеюі. Бұл жазықтарда қардың көктемгі еруінен, тау басындағы қар мен мұздың жазғы еруінен, жаңбырдың молдығынан болады. Түрлі жағдайларда су тасудың басталу уақыты мен ұзақтығы әр түрлі болады. Жазықтардағы қар еруінен болатын су тасу қоңыржай климат жағдайларында көктемде, суық климатта жазда болады, тауларда көктем мен жазға созылады. Көлдер дегеніміз Мұхитпен екі жақты байланысы жоқ, баяу су алмасатын, су қоймасы. Өзеннен көлден айырмашылығы, әдетте арнаның еңістігіне байланысты болатын ағысы болмайды, теңізден айырмашылығы Мұхитпен тікелей байланысы болмайды. Көл су массасы мен шұңқырдың біртұтас болып келуінен тұрады. Батпақ дегеніміз ылғал сүйетін өсімдіктер бүркеген және қабатының қалыңдығы кемінде 0,3 м болатын (құрғатылған жағдайда 0,2 м) шымтезек түзілу процесімен сипатталатын тым артықша ылғалданған құрлық бетінің учаскесі. Мұздықтар дегеніміз қатты атмосфера жауын-шашындарының жинақталу және бірте-бірте құралуы нәтижесінде құрлықта пайда болған мұздың қозғалыстағы көп жылдық қабаты.
Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пенжаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады. Артезиан суы – тереңде (75 – 100 м-ден астам) жатқан шөгінді (құм, құмтас, әктас) тау жыныстарында шоғырланған арынды жер асты суы. Ол өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқандықтан, арын күші едәуір болады, бұрғыланған ұңғылар арқылы жоғары көтеріліп (кейде шапшып), Жер бетіне шығады. Артезиан суының қоры, минералдылығы, химиялық құрамы, температурасы ұзақ жылдар бойы пайдалану нәтижесінде ғана өзгерістерге ұшырайды. Жер асты суының негізгі қоры өзен, көл, теңіз суларының және қар мен жауын суларының Жерге сіңуі нәтижесінде қалыптасады