Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211.53 Кб
Скачать

7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.

Қазақстан жер региондарының ішіндегі сумен аз қамтамасыз етілген елдердің қатарына жатады.Сумен қамтамасыздандыру деңгейі бойынша ол ТМД елдерінің ішіндегі ең соңғы орынды алады, тіпті Түркіменстаннан кейін тұр. Қазақстанның жер беті сулар қорының (жер асты суларының қоса алғанда) жалпы мөлшері жылына 89.5 текше шақырымды құрайды.Республикада таза ауыз суды тым тапшылығы байқалады.

Қазақстанның жер беті су ресурстары түгел дерлік таусылған. Республиканың су шаруашылығы мәселелері тек жер беті суларын шектеп пайдалану және жер асты суларының ресурстарын меңгеру есебінен ғана шешілуі мүмкін. Республикада жалпы су пайдаланудың 9 % жер асты суларының үлесіне тиеді , біздің ойымызша , оны 25% дейін көтеруге болады.

Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның қалдықтары су ресурстарына негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін тұрмыстық және техникалық мақсаттарға паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы өзгеріске ұшырыайды., жағымсыз дәм мен иіс пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.

Су ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау қағидалары:

  • өзендер мен көлдердің ағын сулармен ластанудың алдын алу

  • жер беті суларын прогрессивті су қорғау технологияларына негізделген үнемді пайдалану

  • айналымдық су пайдалану және сумен қамсыздандыру технологияларын енгізу

  • тазаланбаған өндірістік және комуникалдық-тұрмыстық ағын сулардың келіп түсуін болдырмау үшін прогрессивті технологиялар мен тазалау құрылғыларын енгізу

  • ауылшаруашылығында суды пайдалану нормаларын қысқарту

  • жерасты суларын үнемді пайдалану

  • термалды,минералды сулар мен батпақтарды өндірістік және радиациялық мақсаттарға кеңінен пайдалану.

Ауыз судың шаруашылыққа қолданатын су сапасы мемлекеттік стандартпен реттеледі.Бұл талаптар судың иісі мен дәмі 20 С температурасы 2 балдан аспау керек.Мөлдірлігі шрифт бойынша 30 см кем болмауы керек.Лайлылығы 2 мг/л көп болмауы тиіс, судың жалпы кермектілігі 7 мг/экв/л аспау керек.Ауыз суда қорғасын 0,1, мышьяк 0,05, фтор 1,5, мыс 3, цинк 5 мг/л аспау керек.1 мг суда 24 сағ.өсірген өзінде бактериялар саны 100, ал ішек таяқшалары 1 л судан үштен, Fe, Mg 0.3, PH 6.5-9.5 дейін аспауы шарт. Суда хлорофенол иісі болмауы керек.

Ауыз судың жылулығының көрсеткіші 7-10 градус, ал 35 шектеуші мөлшері. Ауыз су минералдығы 10 мг/1000, хлоридтер 350, сульфат 500.

Судың тұйықталған шығыны экстенсивті және қарқынды шараларды ескеретін. Суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқалардың салыстыруын ұйғаратын оңтайлы су шаруашылығы балансы негізінде анықтауы мүмкін.

Тұтынылатын судың мөлшерін ұлғайтуға бағытталған, ол үшін ШБУ кіріс бөлігін арттыруды қажет ететін шара экстенсивті шара деп аталады. Ал интенсивтілігі баланстардың шығыс бөлігін көрсететін тұтынылатын судың мөлшерін азайтумен байланысты шара. Экстенсивті шара өндірісте суды аз қажет ететін немесе сусыз қолданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен қамтамсыз етуге көшіруді ұйғарады, оған барлық шара судың шығымын үнемдеуге бағытталған. Су ресурстары көздерінің нақты айтқанда, өзенр суы жүйесінде қалыптасады. ӨСЖ-ң су ресурстарын реттеп, территорияға бөлуді жүзеге асыратын барлық су шаруашылығы обьектілерін қоса ескеретін, өзен тараптарынан су жинайтын бөген.

Қолдағы су ресурстары (ҚСР)- бұл қамтамасыз етудің тиісті есебінен пайдаланатын жер үсті және жер асты суларының ең көп пайдаланудағы жылдық мөлшері.

1 шаршы м, есептік жылдық кету қайтарымның үлестік шығыны келтірілді.

Шығындық есептік қайтарымға деген қатынасынан есептелінеді.

8.Шаруашылық-ауызсу және мәдени-тұрмыстық пункттердегі су қасиеті мен құрамының сандық және сапалық сипаттамасы.

Мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-ауыз суға арналған су обьектілері токсикологиялық, жалпы санитарлық, органолептикалық лимиттерге, ал балық шаруашылығына бағытталғын су обьектілері- негізінде токсикологиялық және аздап органолептикалық лимиттерге негізделіп нормаланады.

Ауыз суға және шипалылығын пайдалануға бағытталған сулар негізгі 11 көрсеткіштермен нормаланады. Қазіргі кезде 1200-дей улы заттарға ШРК белгіленген. Балық шаруашылығына қоладанылатын су негізгі 8 көрсеткіштермен нормаланады. 1000 заттарға ШРК белгіленген.

Бақылау створы – су нысандарының көлденең ағысы, онда судың құрамы мен қасиеттері нормативті сапаға сәйкес болуы тиіс.

Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану пункттеріндегі су объектілерінің құрамы

мен қасиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Су объектісі суының құрамы мен қасиеттерінің көрсеткіштері

Өлшенген заттар

(судағы өлшенген антропогендік заттардың: ағынды суларды тазалау кезінде пайда болатын гидроксид металлдың қауызының, асбест бөлшектерінің, әйнек талшықтарының, базальттың және басқалардың құрамы 111 және 137-тармақтарына сәйкес регламенттеледі.

Жүзбелі қоспалар

(заттар)

Иісі

Түсі

Температура

Сутегі көрсеткіші (рН)

Минералдық құрамы

Ерітілген оттегі

БПК толық

ХКТ

Аурулардың қоздырғыштары

Лактозиялық оң ішек таяқшалары

Коли-фагтар (бляшка-құраушы бірліктерінде)

Гельминттердің өмір сүруге қабілетті жұмыртқалары, (аскарида, власоглав, токсокар, фасциол), тениид онкосфералары және патогенді ішек қарапайымдыларының өмір сүруге қабілетті цисталары

Химиялық заттар

Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғауға, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарының шекараларын айқындауға, ауыз судың сапасына, сумен жабдықтау және кәріздеу құрылыстарына, суды дезинфекциялауға, жабық және ашық жылумен жабдықтау жүйелеріндегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауға, ыстық сумен жабдықтаудың бөлек желілері бар жылы сумен жабдықтау жүйесіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидалар сумен жабдықтау объектілеріне (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері), орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына қолданылады.

3. Осы Санитариялық қағидалар қызметі сумен жабдықтау объектілерін жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен, оларды күтіп-ұстаумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

9.Суқоймасы суының қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер, Суқоймаларын есептеудің жалпы тәсілдері.

Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. Қазіргі таңда су нысандарының ластануы өзекті проблема болып табылады, өйткені барлығына мәлім ақиқат «Су – өмірдің көзі». Сусыз адам үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды, бірақ судың қаншылықты маңызды екенін біле тұрып, су нысандарын өте қатаң, ұқыпсыз пайдалануда, түсірілістер мен қалдықтарды тастау арқылы судың табиғи режимін қайтарылмастай етіп бұзуда.Суды қорғау, су нысандарының барлық жиынтықтарынының құрайтын, судың жинақталған аумақтары біздің мемлекетіміздің жіті бақылауында. Осыған орай Есіл экология департаменті суды қорғау саласында белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар су нысандарына қалдықтар тастайтын табиғатты пайдаланушылар расында үнемі бақылау жүргізілінеді. Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандары қалдықтарды шамадан тыс тастауды сынап, іріктеу жұмыстарын үнемі жүргізеді.  Астана қаласы құрғақ аумақта орналасқандықтан, су ресурстарының шектеулі екендігін аңғартады. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ және Ақбұлақ.  Астана қаласының шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік тұрып қалған сулар канализациялық тазартылудан өткен соң, Талдыкөл жинаушы-буландырғышына жіберіледі. Талдыкөлге түскен тазартылған тұрып қалған су көлемі 2010 жылдың 3 кварталы 2009 жылмен салыстырғанда көбейген. Бұл шаруашылық -тұрмыстық су қалдықтарын тастаудың көбеюі, қаланың шаруашылық ауыз су қажеттіліктерін қамтамасыз ететін су қақпасының ұлғаюы, сонымен қатар Астана қаласының шаруашылық-тұрмыстық канализациясына нөсерлі сулардың түсуі, қаланың сыртқы аумағында және ішкі квартал бөліктерінде нөсер су түсетін канализация жүйесінің дамымағанына байланысты. «Қазгидромет» РМК тұрақты түрде Астана қаласының 13 гидрожармаларының жоғарғы судың гидрохимиялық мониторингін жүргізеді. Су нысандарының және су шаруашылық құрылымының санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай болуы үшін, ластануын тоқтату, су құрамының жұтаңдануы мен қоқыстануын болдырмау үшін су қорғау аумақтары мен алабында пайдаланудың ерекше жағдайлары дайындалуда. Қорытындылай келе, су нысандарының адам өміріндегі ең маңызды рөл атқаратынын  атап айту қажет. Ал су қоймаларының ластану көлемі жыл сайын көп мөлшерде көбеюде. Сондықтан да әр адам су нысандарының ластануы жайында аз да болса ойланып, су ресурстарын және жалпы қоршаған ортаны қорғау үшін әрекет етуі керек.