
- •Гидросфера. Жер шарының су балансы. Әлемнің су ресурстары.
- •3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.
- •4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.
- •5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.
- •6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
- •7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.
- •10.Сумен қамтамасыз ету және су жүйелерін құрудағы экологиялық негіздер. Гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары
- •11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
- •12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.
- •13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері
- •14,Халықаралық және отандық экологиялық пен санитарлық заңнамаларға сәйкес сумен қамтамасыз ету сипаттамасын оптимизациялауға арналған талаптар.
- •16.Кешендік және салалық мақсаттағы гидротехникалық құрылғылар. Гидротехникалық құрылғылар аумағындағы суды сүзу.
- •19.Гидрологиялық өңдеу және су ресурстарын пайдаланудың, басқарудың ғылыми негіздері
- •20.Судың шрк-сын анықтау.
- •21.Ауылшаруашылық су пайдаланудың экологиялық принциптері. Су жинайтын орындардың мелиорациясы. Жерді ластанудан қорғау. Табиғи апаттармен күрес.
- •22.Мелиорацияның жер беті және асты ағындарына әсері. Әртүрлі мақсаттағы жер мелиорациясы. Мелиорация түрлері, әдістері мен тәсілдері. Мелиоративтік жүйелер, құрамы, жобалау мен басқару.
- •23.Су шаруашылығы және шаруашылық су пайдаланудың негіздері. Су шаруашылығының мақсаты мен шарттары, құрлымы және атқаратын қызметі.
- •24. Су және экологиялық құқық. Су шаруашылық салаларындағы экологиялық құқық. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы құқықтың пиринцптері , ережелері , стандарттары.
- •25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
- •26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
- •27.Су экожүйелеріндегі өндірістегі қалдықтарды ликвидациялау, утилизациялау және пайдалану. Қалдықтар классификациясы.
- •28.Статистикалық, қалпына келетін, аймақтық және мемлекетаралық су ресурстары.
- •29.Орманшаруашылығының су ресурстарын реттеуде ролі және қалпына келтіру.
- •30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық
- •31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.
- •32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •35.Шарын өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •36.Шу өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •37.Сырдария өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •38.Талас өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •39.Қаратал өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •40.Тобыл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •41.Жайық өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •42.Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •43.Ертіс бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •44.Арал-Сырдария бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •45.Орал-Каспий бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •47.Нұра-Сарысу бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •50.Суды тазарту әдістері
- •51.Судағы ластағыш заттарды анықтау әдістері
- •52.Арал теңізін құтқару жөніндегі ұсыныстарыңызды жазыңыз
- •53.Сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және өндірістік
- •57.Шаруашылық және ауызсумен жабдықтау үшін су дайындау сатылары.
- •60.Химиялық және органикалық ластанулардан суқоймаларының табиғи өздігінен тазару принциптері.
6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
СУ – ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды бөлігі. Сутектің оттекпен жай тұрақты қосылысы. Су – жер бетінде ең көп таралған қосылыс. Ол барлық гидросфераны құрайды, байланысқан күйінде әртүрлі минералдармен тау жыныстарының құрамына кіреді, топырақта, атмосферада болады. Планетадағы жсудың жалпы мөлшері 1,5 *10 – 2,5 * 10 яғни жер бетінің гектарына шамамен 50 млн. Тн судан келеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында және топырақта мекендейтін организмдер үшін судың басты көзіне жауын- шашын жатады. Жер бетіндегі организмдерді сумен қамтамасыз етуде грунт суы сондай-ақ суқойма суы маңызды роль атқарады. Судың маңызды сипаттамасына оның сапасы жатады.Ол ластану салдарынан бірден нашерлауы мүмкін.
Суды әртүрлі шаруашылық мұқтаждығына пайдаланады.Суды қолданудың мәнісіне қарай су тұтынушылар мен су пайдаланушыларды айыруға болады.Су тұтынушылар- шаруашылықтың су ресурстарын су көзінен тыс жерде пайдаланатын салалары (шаруашылық тұрмыстық мұқтаж үшін, өндіріс, су шаруашылығы жүйелері және т.б. үшін қажет су тоғандары ), су пайдаланушылар – шаруашылықтың су ресурстарын су көздерінен тасымалдып пайдаланатын салалары ( гидроэнергетика су транспорты, балық шаруа. т.б.) Су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың судың сапасына қоятын талаптары әр түрлі олар судың қандай қызмет атқарун байланысты. Судың сапасына ең қатал талап оны ішу мақсатына, балық өсіру үшін қолданғанда қойылады. Қазіргі кезде өнеркәсіп пен А.Ш. суды пайдалану көлемі аса зор мөлшерге жетті. Жылына 150 км куб. Жуық су қайтымсыз пайдаланылады ол ағымдағы тұщы су көлемінің 1% құрайды екен. Тұщы суға деген сұраныс орташа жыл сайын 3,1 процент өсіп келеді. Қазіргі уақытта адамдар жылына 3000 км куб. тұщы су тұтынады. Тұщы суды ең көп пайдаланатын салаға А.Ш. жатады мысалы 1 тонна бидай өндіру барысында 1500 т су пайдаланады. Өнеркәсіптің де суға деген сұранысы жоғары.
Өнеркәсіпте су ерітінділерді дайындауға, сұйықтықтар мен газдарды суытуға және қыздыруға шикізаттарды тасымалдауға, жылу энергетика мақсаттарына, қалдықтарды жоюға, құрал жабдықтарды, ыдыстарды т.б. жуып тазалауға пайдаланылады. Мыс: 1 т болат, шойын өндіру үшін 15-20 м куб. су жұмсалады. Қуаттылығы орташа химиялық комбинат тәулік ішінде 1-2 млн. м куб су шығындайды . 1,5 млн халқы бар қалада тәулік ішінде 1 млн м куб шамасында су жұмсалады.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі – көзден суды алуға, оны реттеуге ж/е қысммен жеткізуге арналған ғимраттар кешені С.қ.е.ж. су алу ғимараттары, сорғы станциялары, суға тұтыну қасиеттерін беру қондырғылары қосалқы ж/е реттеуші ыдыстар, су құбырлары ж/е жабу, реттеу, су алу ж/е тежегіш арматуралармен жабдықталған су құбырлары тораптары кіреді. С.қ.е.ж. жер үсті көздеріне су алу жағалық ж/е арналық әртүрлі су тартқыш құрылғыларымен жүргізілетін өзендер, көлдер, бөгендер, теңіздер жатады. Жер асты көздеріне артезиан грунтты су, арна асты суы, бұлақ көздері жатады. Олардан су алу ұңғымалар шахталық құдықтар, горизонталь ж/е сәлелік су тартқыштар, құрғату ғимараты ж/е жерасты суын жинау құрылыстары арқылы жүргізіледі.
Өнеркәсіптік кәсіп орындарда суды пайдалану сулбасына байланысты С.қ.е.ж. суды тізбектеп пайдаланатын тура ағу ж/е айналма болып жіктеледі. Тура ағу жүйесінде су технологиялық циклде пайдаланғаннан кейін суқоймаға жіберіледі қайтадан пайдалану жүйесінде су өндірістің 1 технологиялық процесінде қолданылады. Осы жүйеде технологиялық процесте пайдаланылған су суқоймаға жіберілмейді, өңдеуден өткен соң қайтадан өндірістік циклге қайтарылады.
Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады. Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi, жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады. Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне алып келедi. Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жүйелi суландыру жер беті суларымен, негiзiнде оңтүстiкте және республиканың оңтүстiк-шығысында – Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертiс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған. Жайылма суландыру негiзiнен, солтүстiк және батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы басқа өзендер.