
- •Гидросфера. Жер шарының су балансы. Әлемнің су ресурстары.
- •3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.
- •4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.
- •5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.
- •6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
- •7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.
- •10.Сумен қамтамасыз ету және су жүйелерін құрудағы экологиялық негіздер. Гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары
- •11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
- •12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.
- •13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері
- •14,Халықаралық және отандық экологиялық пен санитарлық заңнамаларға сәйкес сумен қамтамасыз ету сипаттамасын оптимизациялауға арналған талаптар.
- •16.Кешендік және салалық мақсаттағы гидротехникалық құрылғылар. Гидротехникалық құрылғылар аумағындағы суды сүзу.
- •19.Гидрологиялық өңдеу және су ресурстарын пайдаланудың, басқарудың ғылыми негіздері
- •20.Судың шрк-сын анықтау.
- •21.Ауылшаруашылық су пайдаланудың экологиялық принциптері. Су жинайтын орындардың мелиорациясы. Жерді ластанудан қорғау. Табиғи апаттармен күрес.
- •22.Мелиорацияның жер беті және асты ағындарына әсері. Әртүрлі мақсаттағы жер мелиорациясы. Мелиорация түрлері, әдістері мен тәсілдері. Мелиоративтік жүйелер, құрамы, жобалау мен басқару.
- •23.Су шаруашылығы және шаруашылық су пайдаланудың негіздері. Су шаруашылығының мақсаты мен шарттары, құрлымы және атқаратын қызметі.
- •24. Су және экологиялық құқық. Су шаруашылық салаларындағы экологиялық құқық. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы құқықтың пиринцптері , ережелері , стандарттары.
- •25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
- •26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
- •27.Су экожүйелеріндегі өндірістегі қалдықтарды ликвидациялау, утилизациялау және пайдалану. Қалдықтар классификациясы.
- •28.Статистикалық, қалпына келетін, аймақтық және мемлекетаралық су ресурстары.
- •29.Орманшаруашылығының су ресурстарын реттеуде ролі және қалпына келтіру.
- •30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық
- •31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.
- •32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •35.Шарын өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •36.Шу өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •37.Сырдария өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •38.Талас өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •39.Қаратал өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •40.Тобыл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •41.Жайық өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •42.Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •43.Ертіс бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •44.Арал-Сырдария бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •45.Орал-Каспий бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •47.Нұра-Сарысу бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •50.Суды тазарту әдістері
- •51.Судағы ластағыш заттарды анықтау әдістері
- •52.Арал теңізін құтқару жөніндегі ұсыныстарыңызды жазыңыз
- •53.Сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және өндірістік
- •57.Шаруашылық және ауызсумен жабдықтау үшін су дайындау сатылары.
- •60.Химиялық және органикалық ластанулардан суқоймаларының табиғи өздігінен тазару принциптері.
49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
Тобыл (орыс. Тобол) — Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км², Қазақстандық алабы 130 мың км². Тобыл Оңтүстік Оралдыңшығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды).Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар. Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м³/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды.Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов – Сарыбайкен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғары Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанайқалалары орналасқан.
Торғай — Шалқартеңіз алабындағы өзен. Ұзындығы — 825 км. Су жинау алабы — 157 мың км2.
Қостанай облысындағы Жалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады. Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені — 40—60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені — 10— 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45—100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені — 5—10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5—1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады. Ірі салалары:Ырғыз, Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейек, Қараторғай, Жалдама. Жауын-шашын, ыза суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны Тосын құмы тұсында секундына 10,6 м3. Торғай өзеніне құятын, не одан тарайтын ағыңды өзендердің болуы және көптеген терең иірім қарасулардағы мол су қоры мал шаруашылығын, балық аулау кәсібін дамытуға қолайлы. Өзен жайылмасы шабындық, мал жайылымы. Соңғы кезде Торғай өңіріндегі өзендер суы өнеркәсіптік мақсатта, егін суаруға пайдаланыла бастады.
50.Суды тазарту әдістері
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі. Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді. Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады. Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Солардың бірқатарына тоқталамыз. Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады. Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді. Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны