Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211.53 Кб
Скачать

5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.

Сумен қамтамасыз ету,сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі  жұмыстардың  жиынтығы .  Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі, немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады. Сумен жабдықтау - судың әртүрлі тұтынушыларын сумен қамтамасыз ету шараларының жиынтығы. . Жерасты және жерүсті су көздерін пайдалану , ластаунуы және сапасын анықтау. Сапалы су пайдаланудағы экологиялық принциптері: 1. Судың сапасын үнемдеу, сақтау шаралары; 2. Негізгі мақсаты және сапалы пайдалану жоспары : тұрмыстық жағдайда, өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында, қоғамдық қызмет көрсету орындарында.Мақсаты: 1. Суды үнемдеу 2. Судың сапасын қадағалау 3.жаңа суды үнемдейтін жүйелерді, технологияларды енгізу 4. Сумен қамтамасыз етуге энергия жүйесін ұйымдастыру, орнату.Ауыл шаруашылығындағы: 1. Жаңа технологиялар пайдалану 2. Тамшылатып суару 3. Шайымды сулардың мөлшерін 40 % асырмау.Қоғамдық қызмет көрсету саласында: 1. Машина жууда 2.инфракрасный крандар және т.б.Физико-техникалық әдіс(стерилизация): 1. Нормативтік реттеу принциптерін енгізу; 2.суды пайдалануда басқару жүйесін және саясатын ұйымдастыру; 3.сумен қамтамасыз ету технологиялары. Сумен қамтамасыз ететін жерасты көзінің СҚА анықтау үшін мынадай мәліметтер болуға тиіс:1) су көзінің су сапасы;2) су көзінің орналасқан ауласының жалпы гидрогеологиялық сипаттамасы; таңдаған су қабат (артезиандық – арынды, грунттық – арынсыз) түрі бойынша мәліметтер, оның шатырының тереңдігі, күштілігі, сусыйымдылық жынысы; сулы қат-қабаттың қоректену және босатылу жағдайлары мен орны, су молдылығы (қордың іске қосылатын); сулы қат-қабаттың сумен жабдықтау және басқа мақсатта қолданылуы және келешекте пайдаланылуы;3) ауданның (кен орнының) гидрогеологиялық жағдайлары туралы жалпы мәліметтер, сумен жабдықтау үшін ұсынылатын қабаттың қоректену жағдайлары, сужинау ауласының топографиялық, жер қыртысы және санитариялық сипаттамасы, іске қосылатын су қабатының сипаттамасы (литологиялық құрамы, қуаты, бөгеу сипаттамасы) су алуды есептеудегі судың динамикалық деңгейі);4) қабаттардың, бөгелетін қабаттардың өткізгіштік деңгейі, қоректену аймағының су сапасына әсер ету мүмкіндігі;5) су жинауға іргелес орналасқан елді–мекеннің санитариялық сипаттамасы; су жинаудан бастап ықтимал ластану көздеріне: жұмыс істемейтін ұңғымаларға, сіңіргіш шұңқырларға, ойылып түскен жерлерге, құдықтарға, ескі тау-кен орындарына, жинауыштарға дейінгі орналасу мен арақашықтық.Сумен қамтамасыз ететін жерүсті көзінің СҚА анықтау үшін мынадай деректер болуға тиіс:1) су көзінің су сапасы;2) гидрологиялық деректер: су жинаудың қоректену бассейнінің көлемі, үстіңгі қабаттағы ағынды режимі, ең жоғарғы, ең төменгі және орташа шығындар, су жинау орнындағы судың жылдамдығы мен деңгейі, мұзқұрсау мен ашудың орташа мерзімдері, көздегі күтілетін шығын, көтерілу-қайту ағыстарының сипаттамасы жөніндегі деректер;3) бассейннің су жинау тұсында су сапасына әсер ететін бөлігіндегі жалпы санитариялық сипаттама: бассейннің геологиялық сипаттамасы, жер қыртысы, ормандардың, жыртылатын жерлердің, елді мекендердің бар болуы, өндірістік кәсіпорындар (олардың саны, мөлшерлері, орналасуы, өндіріс сипаттамасы);