Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211.53 Кб
Скачать

31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.

- термиялық (буландыру және өртеу);

  • гидромеханикалық (сүзу және тұндыру, жүзгіш заттарды ұстау, центрофугадан және сүзгіден өткізу);

- физика-химиялық (коагуляция және флокуляция, флотация, адсорбция, радиациялық және иондық алмасу, экстракция, кері осмос, десорбция, электрохимиялық әдістер). Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластағыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.

- химиялық (бейтараптау (нейтралдау), тотығу-тотық­сыздану, ауыр металдар иондарын аластау). Бейтараптау – сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу-тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердің тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға – оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға – хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.

- биохимиялық (аэробты және анаэробты). Аэробты биохимиялық тазалау – өндірістік және тұрмыстық мақсатта пайдаланған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді.

Суды залалсыздандыру – судың ауру тудырғыш микро­организмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың көмегімен залалсыздандырып келді. Алайда, полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне майлардың құрамында кездесетіні белгілі болды. Тотыға отырып, олар өте улы диоксинді түзеді. Қазіргі кезде суды озонмен өңдейді.

32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз

Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен. Қазақстанның  ОрталықТянь-Шань тауларынан (Тәңіртаудан) бастау алатын Текес пен Күнесөзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.  Қазақстан аумағында 77400 км². Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қаш өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағайшатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп,Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Ірі салалары: Түрген,Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 – 4,5 км³/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн. м³/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қ-нан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас а-на дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.  Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Қазақстан территориясында Ілеге бірнеше салалар қосылады, олардың ірілері — Шарын, Шелек, Талғар, Қаркелең және Курті. Бұлар Солтүстік Тянь-Шань жоталарынан басталады. Іленің көпшілік салалары мұздың пен таудағы қар суымен қоректенеді. Іленің өзі суды негізінен жауын-шашыннан жинайды, оның ішінде қысқы қар суы ба-сым. Сондыңтан Іле аралас қоректенетін өзендердің типіне жатады және ұзақ уақыт тасиды. Іле өзені мен оның салаларының шаруашылық маңызы өте зор. Ол өн бойында кеме жүруге қолайлы. Мұнымен қатар одан балық ауланып, ағаш ағызылады. Өзеннің салалары жер суару және электр энергиясын алу үшін пайдаланылады. Іленің шаруашылың мәні, асіресе Қапшағай ГЭС-інің құрылысына байланысты барынпга артады.