Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылык емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
211.53 Кб
Скачать

30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық

Су айдындары (ӛзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, кӛлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар),

мұздықтар, батпақтар, су кӛздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бӛлiнген жер су қорының жерi деп танылады. Су айдындары, мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бӛлiнген жер мемлекет меншiгiнде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органының ұсынысымен ӛзендер, кӛлдер, су қоймалары, каналдар, iшкi сулар, мұздықтар, батпақтар жағалауынан, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары жанынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер учаскелерiн бӛледi. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiне енгiзiлген жер учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органымен келiсiм бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттерi үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беруi мүмкiн. Су қорының жерiн пайдалану жер кодексімен және Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзға жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табыстайды. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi: қысқа мерзiмдi пайдалану; ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ӛз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi ӛкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бӛлiнедi: мемлекетаралық; мемлекеттiк; бассейндiк; аумақтық. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жӛнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкін. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады. Су объектiлерi: жер үстi су объектiлерi; жер асты су объектiлерi; Қазақстан Республикасының теңiз сулары; трансшекаралық сулар болып бӛлiнедi. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; асты су объектiлерi. Су кӛздерінің ластауына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайының

қанағаттанғысыздығына байланысты халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ең ӛзекті мәселе болып отыр. Маңғыстау облысының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аса күрделі, себебі аймақ жартылай шӛл далада орналасқан, су қорлары шектелген. Облыстың табиғи байлығын игеру экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті жағдай жасау сапалы суды кӛп қажет етеді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайының қанағаттанғысыздығы, сондай-ақ су кӛздерінің біртіндеп ластануы мен минералдануы бұл мәселені қиындата түсуде. Қазіргі сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру және жетілдіру бас тоған мен су құбырлары желілері және имараттарын жӛңдеу және тиісті қалпында ұстау, бас тоған шүмектерін қалпына келтіру, резервтік сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жӛніндегі шараларды жүзеге асыруды қамтиды. Бағдарламаның осы бағытын дамытуда аймақтық бағдарлама жобасымен аз шығын жұмсай отырып, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық жабдықтаумен байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкіндік беретін мынадай іс-шараларды іске асыруды кӛздейді: облыстың барлық қалалары мен аудандарында қазіргі сумен жабдықтау жүйелерін жӛңдеу-қалпына келтіру жұмыстары; бас тоғандарды кеңейтіп, сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту; бұрын салынған оқшау су құбырларын қалпына келтіру және күрделі жӛндеу.