
- •Гидросфера. Жер шарының су балансы. Әлемнің су ресурстары.
- •3.Су ресурстарына антропогендік әсер. Улы заттардың зиянды әсері, оларды алдын алу және олармен күрес. Су ресурстарын қорғау.
- •4.Гидросфераның негізгі компоненттерінің негізгі көрсеткіштері. Су адамның тіршілік ортасының биологиялық, физикалық және химиялық факторлары ретінде.
- •5.Сумен қамтамасыз ету көздерінің сипаттамасы.
- •6.Су нысандары мен су тұтынушыларды жіктеу. Суды бірінші реттік есептеуді ұйымдастыру, оларды пайдалану мен сапасы
- •7.Су ресурстарын пайдалану мен сапасы туралы жылдағы және көп жылдық мәліметтер. Су шаруашылық есептік баланстар.
- •10.Сумен қамтамасыз ету және су жүйелерін құрудағы экологиялық негіздер. Гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары
- •11.Жер беті ағыстарының қалыптасуы; өзен бассейнінің су балансы; өзен суы ағынын реттеу міндеттері мен түрлері.
- •12.Ағынды сулар: тәуліктік, апталық, мезгілдік және көпжылдық реттеу.
- •13.Сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі типтері
- •14,Халықаралық және отандық экологиялық пен санитарлық заңнамаларға сәйкес сумен қамтамасыз ету сипаттамасын оптимизациялауға арналған талаптар.
- •16.Кешендік және салалық мақсаттағы гидротехникалық құрылғылар. Гидротехникалық құрылғылар аумағындағы суды сүзу.
- •19.Гидрологиялық өңдеу және су ресурстарын пайдаланудың, басқарудың ғылыми негіздері
- •20.Судың шрк-сын анықтау.
- •21.Ауылшаруашылық су пайдаланудың экологиялық принциптері. Су жинайтын орындардың мелиорациясы. Жерді ластанудан қорғау. Табиғи апаттармен күрес.
- •22.Мелиорацияның жер беті және асты ағындарына әсері. Әртүрлі мақсаттағы жер мелиорациясы. Мелиорация түрлері, әдістері мен тәсілдері. Мелиоративтік жүйелер, құрамы, жобалау мен басқару.
- •23.Су шаруашылығы және шаруашылық су пайдаланудың негіздері. Су шаруашылығының мақсаты мен шарттары, құрлымы және атқаратын қызметі.
- •24. Су және экологиялық құқық. Су шаруашылық салаларындағы экологиялық құқық. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы құқықтың пиринцптері , ережелері , стандарттары.
- •25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
- •26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
- •27.Су экожүйелеріндегі өндірістегі қалдықтарды ликвидациялау, утилизациялау және пайдалану. Қалдықтар классификациясы.
- •28.Статистикалық, қалпына келетін, аймақтық және мемлекетаралық су ресурстары.
- •29.Орманшаруашылығының су ресурстарын реттеуде ролі және қалпына келтіру.
- •30.Суды пайдаланудағы халқаралық экологиялық құқық
- •31.Суды ластанудан тазалауда қолданылатын техникалық әдістер.
- •32.Іле өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •33.Ертіс өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •34.Есіл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •35.Шарын өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •36.Шу өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •37.Сырдария өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •38.Талас өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •39.Қаратал өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •40.Тобыл өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •41.Жайық өзені бойында орналасқан шаруашылық объектілерін сумен қамтамасыз етуді сипаттаңыз
- •42.Балқаш-Алакөл бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •43.Ертіс бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •44.Арал-Сырдария бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •45.Орал-Каспий бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •47.Нұра-Сарысу бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •49.Тобыл-Торғай бассейнінің экологиялық жағдайына сипаттама беріңіз
- •50.Суды тазарту әдістері
- •51.Судағы ластағыш заттарды анықтау әдістері
- •52.Арал теңізін құтқару жөніндегі ұсыныстарыңызды жазыңыз
- •53.Сумен қамтамасыз етуге, канализацияға және өндірістік
- •57.Шаруашылық және ауызсумен жабдықтау үшін су дайындау сатылары.
- •60.Химиялық және органикалық ластанулардан суқоймаларының табиғи өздігінен тазару принциптері.
25.Су экожүйелернің биологиялық ресурстарын қорғау және пайдалану экологиялық принциптері.
Гидросфераның өздігінен тазалануы. Өздігінен тазару дегеніміз табиғи физикалық, химиялық,және биологиялық процестердің нәтижесінде гидросферадағы ластағыштардың табиғи түрде ыдырауы.
Су қоймаларының өздігінен тазалануы онда тіршілік ететін тірі организмдер жиынтығына да көп байланысты, себебі олар осы табиғи процеске тікелей ауқымды үлес қосып отырады. Мұхиттар мен басқа да су қоймалары суының тазалануы планктондардың сүзгіштік қабілеттеріне байланысты келеді.
Планктондар органикалық, минералды заттектермен қатар су қоймаларын әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар мен вирустардан да тазалап отырады. Устрица мен кейбір амебалар ішектік және басқа да вирустардыөз бойына сорып сіңіреді. Қара теңіз бен Каспий суын табиғи жолмен тазалап отыратын организмдер моллюска-санитар-дрейсен болып табылады. Ол өз денесі арқылы судағы органикалық қалқыма заттектерді өткізіп, өзінің тіршілігіне қажетті элементтерді пайдаланып, минералдандырып, қажеті жоғын ерімейтін түрге айналдырып сыртқа шығарады.
Биологиялық фактормен қатар су қоймаларының өздігінен тазалануына физикалық және химиялық факторлар да қатысады. Ламтағыш заттектердің мөлшерін төмендетуге қатысты негізгі физикалық факторларға сұйылту, еріту және араластыруды жатқызуға болады. Судың залалсыздандырылуы күннің ультракүлгін сәулесінің күшімен де өтеді. Физикалық факторлардың ішінде су қоймаларына түсетін бактериялар мен вирустардың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы әсер тигізетін температуралық фактор
26.Су экожүйелеріндегі биоалуанртүрлілікті сақтау жолдары. Фауналық ресурстарды пайдалану және реттеу.
Өзен және көлдерге түсетін ауылшаруашылық тұрмыстық, тағамдық және т.б. тыңайтқыштармен органикалық қалдықтар судағы табиғи тепе-теңдікті бұзады.
Тыңайтқыш құрамындағы нитраттар мен фосфаттар фитопланктонның дамуына әсер етеді. Оның әсерінен шаянтәрізділер мен балықтардың құрамы жоғарлайды. Сутоғандарындағы тіршілік иелерінің көбеюінен және көп өлген организмдердің ыдырауынан оттегінің жетіспеушілігі және күкірттісутектің жиналуына алып келіп, нәтижесінде сутоғаны кез келген тірі организмнің дамуына қолайсыз орта болып, біртіндеп «өледі» - евтрофикацияланады.
Сутоғандарының негізгі ластану көзі – тұрмыстық және өндірістік қалдық сулар болып табылады.
Қалдық сулар - сутоғандарына түсіп, яғни гидробионттарға улы әсер етуі мүмкін, сонымен қатар судың химиялық құрамын, әсіресе сутоғандарына түскен органикалық заттар - су құрамындағы оттегімен белсенді тотығып, оның жетіспеушілігіне соқтыратын газды режимі бұзылады
Қазіргі кезде сутоғандарын ластаушылардың кең тарған түрлеріне мұнай, сынап, фенол, сонымен қатар нитрат, фтор, мышьяк, селен және т.б. жатады. Органикалық синтез өндірістерінің қарқынды дамуына байланысты сутоғандарының табиғи емес органикалық қосылыстармен ластануы жоғарлауда.
Құрамында ластаушы заттар бар қалдық суларды - сутоғандарына шекті мөлшердегі концентрацияда (ШМК) жібереді. Мысалы, қорғасын үшін ШМК -0,1, мышьяк -0,05, селен -0,01, мырыш -1,0, сынап -0,005, цианид - 0,1, кадмий - 0,01, фтор - 0,5, акрил қышқылының нитрилі -2,0, хром (үш валентті) - 0,5, хром (алты валентті) - 0,1, триниротолуол - 0,5, капролактам -1,0, пикрин қышқылы - 0,5, ДДТ -0,2, тиофос - 0,003, метафос - 0,02, карбофос - 0,05, меркаптофос - 0,01, мұнай - 0,3, фенол - 0,001.
Шекті концентрацияда сутоғандарының биоценозы бұзылмайды. Балық шаруашылығы тоғандарының ШМК төмен: мырыш -0,01, цианид - 0,05, кадмий - 0,005, мұнай және мұнай өнімдері - 0,05 мг/л болады.
Қоршаған ортадағы көптеген химиялық ластаушылардың қауіптілігі, олар жоғары улы заттар ғана емес, сонымен қатар олардың көпшілігі тірі организмдерде ісіктер (канцерогенез) және тұрақты тұқым қуалаушы (мутагенез) өзгерістерді тудыратын қабелітке ие болады.
Сондықтан соңғы кездегі гидромикробиологияның мақсаты судағы ластаушы заттарды тиімді және тез бұзатын белсенді арнайы микрофлораны қолдана отырып қалдық суларды тазалаудың жаңа әдістерін қарастыру болып табылады.
Ол үшін, біріншіден қалдық сулардан, белсенді тұнбалардан әртүрлі ластанған суларды дектоксикация жүргізуге, бұзуға қабілетті микроорганизмдердің штамдарын бөліп, екіншіден зертханалық жағдайда микроорганизмдердің белсенді дақылдарын алады. Үшіншіден, табиғи емес химиялық қосылыстарды деструкциялауға қабілетті ферментті жүйеге ие микроорганизмдердің жаңа түрлерін сұрыптап алу үшін, әсері жоғары химиялық заттармен микроорганизмдердің тұқым қуалау белгілеріне әсер етіп, мутант штамдарды алуға болады.
Фауналық ресурстарды сақтау және реттеу.
Қазақстанның балық шаруашылығы су айдындары қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің, Балқаш көлінің, Алакөл көлдер жүйесінің, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Тасөткел және басқа су қоймаларының, көлдер мен өзендердің едәуір акваториялары кіреді.
Каспий теңізін есепке алмағанда, су айдындарының жалпы көлемі шамамен 3 миллион гектарды құрайды. 1990-2004 жылдар аралығында балық аулау көлемінің жылына 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейін күрт төмендегені байқалады.
Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейні Каспий теңізінің Қазақстандық секторының акваториясын, Жайық өзенінің Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекарасына дейінгі бүкіл арнасын және Еділ өзенінің оң сағасы болып табылатын Қиғаш өзенін қамтиды.
Осы бассейн Қазақстан Республикасындағы балық және балық өнімдерін негізгі жеткізіп берушілердің бірі болып табылады. Балық аулау көлемі республикада жалпы балық аулау мөлшерінің 45,1%-нан 61,3%-на дейін ауытқиды. 2000 жылдан бастап оны өндіру жылына 21,7 мың тоннадан 16,3 мың тоннаға дейін төмендегені байқалады. Әсіресе Каспий бассейнінде бекіре балығының түрлерін аулау көлемінің күрт қысқаруы 1985-2005 жылдар аралығындағы кезеңде орын алды. Осы жылдары аталған балық түрлерін аулау көлемі жалпы алғанда Каспий теңізі бойынша 29,4 есе, ал Қазақстан бойынша 36,6 есе дерлік қысқарып кетті. Кәсіпшілік балық түрлеріне шағын балық түрлері (сазан, көксерке, шортан, қаракөз, жайын, табан, ақмарқа, алабұға және басқалары), сондай-ақ бекірелер (қортпа, бекіре, шоқыр) жатады.
Бекірелер құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен сауда жөніндегі халықаралық конвенция (СІТЕS) объектілері тізбесіне енгізілген.
Балық шаруашылығын дамытуды іске асыру мақсатында 2004 жылы қабылданған «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын ұзақ мерзімді (10 жылдан 49 жылға дейін) пайдалану мүмкіндігі бекітіліп берілген. Аталған норма балық шикізаты ресурстарына ұзақ мерзімді қолжетімділікке кепілдік бере отырып су айдындары мен олардың учаскелерінде балық шаруашылығын дамытуға өз қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Заңды іске асыру мақсатында балық ресурстарын мемлекеттік бақылау, қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін 50-ден астам нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
Балық өсімін молайту бағытындағы бірқатар кәсіпорындардың балық тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстарды да, балық өсіру жұмыстарын да жүргізу үшін өндірістік әлеуетке ие екенін атап өту қажет. Балық өсіру жөнінде балық тұқымын асылдандыру-селекциялық орталық құру бірқатар ғылыми-практикалық міндеттерді шешуі тиіс, балықтардың гендік қорын сақтау және оларды өсіру үшін оларды өсірудің биотехникасын әзірлеу және жетілдіру осы орталықтың негізгі мақсатына айналуға тиіс. Балық өсіру шаруашылықтарының күтіліп отырған дәрежеде дамуы бастапқы кезеңде аталған шаруашылықтардың түрлік қана емес, сонымен бірге сандық құрам бойынша да қажеттіліктерін ескере отырып, балық отырғызу материалымен кепілді түрде қамтамасыз ету талап етіледі. Сонымен қатар келешекте осы немесе басқа өңірге арнайы сынақтан өткізілген балық түрлері қажет болады. Осы проблеманы шешу табиғи су айдындарының балық ресурстарының орнын толтыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындаумен тығыз байланысты. Осы айтылғандарды ескере отырып, мемлекет меншігінен шығару және жекешелендіру рәсімін жүргізе отырып кәсіпорындардың бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру мәселесін қарастыру қажет. Бұл орайда қазіргі тепе-теңдікті бұзбау және бастапқы кезеңде балықтар мен су жануарларының Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің санын сақтау және қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау өте-мөте маңызды.