
- •6.Біртекті изотропты орта дегеніміз не?
- •7.Неге борпылдақ тау жыныстарына қарағанда керіштелген (цементтелген) тау жыныстарында меншікті кедергі жоғары?
- •8.Коллектордың меншікті кедергі шамасына мұнай-газ қанықтылық қалай әсер етеді?
- •12.Қандай зонд төңкерілген (обращенный) және қандай зонд тізбектелген (последовательный)деп аталады?
- •17.Микробүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер.
- •22.Өп диаграммасы бойынша қабаттардың шекарасын қалай анықтайды?
- •27.Гк диаграммалары бойынша қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау.
- •29.Нейтрондардың заттармен әсерлесуінің сізге белгілі түрлерін атаңыз.
- •31.Мұнай және газ кен орындарының ұңғыма қималарында қандай элементтердің бар болуы нейтронды әдістер көрсеткішіне кедергі келтіреді.
- •35.Тау жыныстарының серпімділік қасиеттерінің артықшылығы.
- •38.Каверномер және профилимер көмегіменқандай мәселелерді шешеді.
- •41.Неге коллектор қабаттардың электрлік кедергісі радиальді бағытта, ұңғыма осінен алшақтау шамасына байланысты өзгереді?
- •42.А0.5м4.0n зондына толық сипаттама беріңіз.
- •47.Неге потенциал-зонд жұқа қабатты қимада қабат қалыңдығын анықтау үшін қолданылмайды?
- •50.Индукциялық каротаж әдісінің негізгі ерекшеліктері.
- •59.Ұгз жиынтықтарының мәліметтері бойынша коллекторлар көрсеткіштері?
- •67.Ұңғыманың шын диаметрі туралы мәлімет не үшін қажет?
17.Микробүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер.
МБК барлық іздеу мен барлау ұңғымаларының ашық оқпанында, нақты (детальный) зерттеу интервалдарында БКЗ кешенімен бірге жүргізілетін негізгі зерттеулердің бірі. МБК жəне МКВ
(микрокавернометрия) келесі мəселелерді шешеді:
- қалыңдығы 10-15мм аз, сазды қабыршақтың жəне қабаттың жақын (шайылған аймақ) аймағының МЭК анықтайды ;
- ұңғыма оқпанының диаметрін анықтайды;
МБК жəне МКВ келесідей геологиялық мəселелерді шешуге көмектеседі:
- сазсыз теригенді коллекторлардың шайылған аймағының МЭК бойынша Кп жайлы мəлімет алуға;
- МКВ бойынша (сазды қабыршақтың болуын немесе болмауын) коллекторларды бөлудегі сапалық белгілерін анықтауға;
- коллекторлар ішінен қатты, өткізгіш емес қабатшаларды бөлуге;
- коллекторлар қатарына кірмейтін немесе сазды аймақтар, коллекторлық қасиеттері нашар аймақтарды бөлуде;
- шайылғанаймақтың МЭК бойынша, қалдық мұнай қанықтылық коэффициентін алуды (тасбағанды зертханалық талдау бойынша бекітілген).
Əдістің физикалық негізі. МБК ұңғыма айналасындағы қабаттың меншікті кедергісін үш электродты қондырғы көмегімен анықтайды. Үш электродты зонд (БК-3) ұзынша пішінді үш электродтан тұрады (5.3-сурет). Орталық (негізгі) электрод А0 жəне оған симметриялы түрде орналасқан екі экранды А1 жəне А2 электродтардан тұрады. А1 жəне А2 электродтары бірдей потенциалға ие (UА1=UА0=UА2
), осының арқасында А0 электродынан тоқ ұңғыма оқпанына перпендикуляр бағытта
тарайды. Мұндай конструкциялы зонд бұрғылау сұйықтығының жəне сазды қабыршақтың əсерін азайтып, басқа микроəдістерге қарағанда шайылған аймақтың кедергісін нақты анықтайды. Қалыңдығы 1,5см кіші сазды қабыршақтар, өлшеу нəтижелеріне кедергі келтірмейді.
18.Мұнай сұйықтығымен толтырылған ұңғыма ішінде неге КК зондтарын жүргізуге болмайды? Мұнай жəне газ кен орындарының қималарын жыныс құраушы минералдар жəне қуыстар, осы қуыстарды су, мұнай, газ немесе осы флюидтердің қоспасы толтырып тұрған шөгінді тау жыныстары құрайды. Көбінесе, жынысты құраушы минералдардың кедергісі үлкен жəне электрт тоғын өткізбейтін болып келеді. Шөгінді тау жыныстары арқылы электрлік тоқ өткен кезде өткізгіш рольін құрамында еріген тұздары бар қабат суы атқарады. Əрбір жеке жағдайда МЭК – нің көрсеткіші тау жыныстарының қуыстары қабат суымен қаныққан меншікті кедергіге, жыныс қуыстарындағы көмірсутек жəне сулы
ерітінділерінің құрамдық пайызына, жыныстың текстуралық ерекшелігіне байланысты. Өз кезегінде қабат суының кедергісі еріген тұздар құрамына, концентрациясына жəне температурасына байланысты. Қышқыл тұздардың сулы ерітінділерінің концентрациясы (минерализациясы) бірдей кезде меншікті
кедергі мəндері жуық болады. Қабат суларында CI-, S04 2, Na+, Са2+ жəне Mg2+иондардың концентрациясы жоғары. Ал I-, Вr_ жəне т.б. иондардың саны төмен. Тұз NaCl –дан тұрады.
19.Индукциялық каротажы қолданылатын аймақтар. Индукциялық каротажды жүргізу
кезінде тау жыныстарының меншікті электрлік өткізгіштігі өлшенеді. Ол үшін ұңғыма ішіне генераторы (Г) жəне өлшеуші (И) катушкалары бар аспап түсіріледі. Генератор мен өлшеуші катушкалар ара қашықтығы зонд ұзындығы деп аталады. Генераторлы катушкада өлшеу жүргізу кезінде айнымалы тоқ
көмегімен айнымалы магнит өрісін белгілейді Фарадей заңына сəйкес, осы уақытта тау жыныстарында зондтың өлшеуші катушкасына тіркелетін электромагнитті құйынды тоқтар пайда болады. Ал, бұл құйынды тоқ жыныстарда қосымша магнит өpiciн тауып, ол бастапқы магнит өрісімен қосылып, қабылдаушы катушкада электр қозғаушы күш (ЭҚК) пайда болады. Бұл ЭҚК жыныстардың электрлік өткізгіштігіне, яғни меншікті кедергісіне тікелей пропорционал. Ұңғымадағы аспапты қоршаған орта біртекті болмағандықтан, өлшенген электрлік өткізгіштік шамакөрінерлік электрлік өткізгіштік болып есептеледі, яғни мұндағы Кс - катушкадағы сигналдан меншікті электрлік өткізгіштікке көшу үшін
пайдаланатын коэффициент. Көрінерлік меншікті электрлік өткізгіштік сименс/метр- мен өлшенеді (См/м). Сименс - кедергісі 1 Ом-м-ге тең өткізгіштің өткізгіштік қабілеті. Индукциялық каротаждық зондының шифры - бірінші сан зондтағы катушкалар санын білдіреді (өлшеу дəлдігін арттыру үшін басты екі катушкадан басқа зондта бірнеше қосымша катушкалар болуы мүмкін) Ф, И немесе Э əpiптepi зондтың түрін, үшінші элемент зондтың ұзындығын (басты екі катушкалар ортасынын, ара
қашықтығы) көрсетеді (мəселен, индукциялық зондтың шифры 6Ф1). Индукциялық каротажды жүргізу үшін бірнеше арнайы аспаптар пайдаланылады. Олар бip-бірінен зондтар құрылысымен, сұлбалар ерекшеліктерімен жəне басқа да параметрлері ерекшеленеді. Жалпы алғанда, ИК аппараты бір-бірімен кабелмен жалғасқан ұңғымалық аспаппен жер бетінде орналасқан басқару жүйесінен тұрады. ИК əдіci төменгі жəне орташа кедергілі геологиялық қималарды зерттеуде сапалы нəтижелер береді. Ал, жоғары кедергілі жыныстарда жəне ұңғыма жуатын ерітінді тұзды болған жағдайда ИК əдісінің нəтижелері көңіл толарлықтай дəрежеде болмайды.__
20.Индукциялық каротаждың ерекшеліктерімен кемшіліктері.Әдетте,ИК аспабы ЭҚК-тың белсенді құраушысын өлшейді. Егер ортаның электр өткізгіштігі төмен болса, бұл ЭҚК –тің құраушысы ортаның электр өткізгіштігіне σ тура пропорционал, e=c*σ ал,электрлік кедергісіне ρ кері пропорционал. Индукциялық каротаж диаграммасын интерпретациялау
21.Ұңғымада табиғи электр өрісін тудыратын физико-химиялық процесстерді атаңыз: Т а у жыныстардың акустикалық параметрлері олардың физико-механикалық қасиетіне, кеуектілігіне, кеуектілік кеңістігінің құрылысына жəне оның қанығу сипатына байланысты. Шегенделген ұңғымада тіркелген акустикалық сигналдар шегенделген жағдайына жəне көбіне цемент –жыныс жəне цемент-құбыр байланыстарының сапасына байланысты. Б ұ ла рдың бəрі акустикалық əдісті қолданумен мұнай-газды геофизикалық мəселелерді шешудің ауқымының кеңдігін білдіреді.