Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геофизика ответы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.29 Mб
Скачать

12.Қандай зонд төңкерілген (обращенный) және қандай зонд тізбектелген (последовательный)деп аталады?

13..Коллекторлар көрсеткіштерін КК әдістердің диаграммасынан қалай анықтауға болады? Электрлік өрістерді зерттеу сипатына байланысты көрінерлік кедергі әдісінің зондтары потенциал және градиент зондтарға бөлінеді. КК әдеттегі үшэлектродты зонды үшін өлшенеу нәтижелері AM және AN (AB) арақашықтық қатынасындағы электрлік сипаттарға байланысты.

Потенциал зонд

Потенциал зонд деп көрінерлік кедергіні өлшеу негізінен M электродының потенциалын Uм анықтаумен жүретін зондты атайды. Бұл жағдай алшақ орналасқан N электродының потенциалы UN нолге ұмтылғанда, яғни шексіз алшақталған (геофизикалық зерттеулер тәжірибесінде ол ұңғыма сағасының айналасында орналасады), орндалуы мүмкін. Мұндай зондтар шексіз потенциал зонд (идеалды) деп аталады.

Потенциал зондтың М және N электродтар арасында өлшенетін потенциалдар айырымы:

мұнан потенциал зондпен өлшенген көрінерлік кедергі:

, (1.6)

мұнда LП =АМ –потенциал-зондтың мөлшері, а КП =4π LП – потенциал-зондтың коэффициенті.

1-сурет. Зондтарды белгілеу 1- градиент-зонд: а - жабындық (кровельный),

б—табандық (подошвенный), II — потенциал-зонд: жақша ішіндегі: 1- бірполюсті зонд; 2- екіполюсті зонд; I- ток жүретін электродтар (А,В);

2 — өлшеуші электродтар (M,N); 3 — тіркеу орны; 4— ұңғымадағы табиғи өpic потенциалын өлшейтін электродтар

Келтірілген формула өлшенген көрінерлік кедергінің ρК М электрод потенциалына UM пропорционал екенін дәлелдейді.

П отенциал-зонд екіэлектродты (А және М) болуы тиіс, бірақ мұндай зондтармен алынған нәтижелер А және М электродтары түсірілген кабель желілері арасындағы индукция әсерінен өзгереді. Осыған байланысты өлшеу сұлбасына тағы да бір кабель желісі N электродымен қосылады. Үш электродты потенциал-зонд АМ << MN шартын қанағаттандыруы тиіс. 2-сурет. Жоғары кедергілі (а,б)және төменгі кедергілі (в,г) бірнеше қабаттар үшін кедергі әдісінің қисық сызықтары. а, в— табандылық градиент-зонд; б,г- потенциал –зонд

Потенциал зондпен өлшенетін көрінерлік кедергі А және М электродтары арасындағы О жазу нүктесінен тиісті деп алады. Жазу нүктесінің мұндай болған кезде ρК қисығы қабаттың ортасына симметриялы болып келеді. Потенциалөзондтың зерттеу радиусы оның екі еселенген өлшеміне сәйкес келеді, яғни 2АМ.

14.Микрозонд әдістері неге арналған? ? МКЗ ашық оқпанда, нақтылау (детальный)

интервалын зерттеу кезінде БКЗ кешенімен бірге іздеу мен барлау

ұңғымаларында жүргізілетін негізгі əдістер қатарына кіреді.

МКЗ келесі мəселелерді шешеді:

- БКЗ кешенін талдау кезінде, алынған мəліметтерді растау үшін жуу

- сазды қабыршақ жəне кедергінің радиалды градиенті бар кезінде МКЗ диаграммаларының оңға қарай өсуі байқалады;

- коллекторлар арасынан қатты өткізбейтін қабатшаларды бөлу;

- біршама каверна (ойық) беретін шайылатын саздарды бөлу;

- тасбағанды тереңдікке теңестіру кезінде МКЗ мəліметтері

қолданылады;

- МКЗ мəліметтерін литостротиграфиялық бөлу мен басқа геологиялық құрылымдарын жəне объектінің басқа қасиеттерін анықтау кезінде қосымша материал ретінде қолданады. Əдістің физикалық негізі. МЭК негізі ұңғыма айналасындағы қиманы нақтылауда (детальный), меншікті кедергілерді ұзындығы өте аз зондтармен зерттеу болып табылады. Бір-бірінен 2,5 см ара-қашықтықта орналасқан, үш

нүктелік электродты зондылау қондырғысы ретінде резенкелі «табан» алынады. Олар екі зондтан тұрады: микро градиент- зонд (МГЗ) A0.025M0.025N жəне микро потенциал зонд A0,05M.

МГЗ зерттеу радиусы 3-5см жуық, ал МПЗ зерттеу радиусы одан 2-2,5 есе үлкен, яғни 10-12см құрайды. МПЗ қарағанда МГЗ өлшеу радиусы аз болғандықтан оның көрсеткіші сазды қабыршақ жəне жуу сұйықтығы, ал МПЗ көрсеткішіне ұңғыманың шайылған аймағы əсер етеді. Біздің жағдайымызда сазды қабыршақ кедергісі шайылған аймақтың меншікті кедергісінен үлкен, коллекторларға қарсы МПЗ көрсеткіші МГЗ көрсеткішінен үлкен. Осылай МКЗ бағалау кезінде сапалы материал болып, МГЗ көрсеткішінен МПЗ көрсеткішінің жоғары болуын айтады.

15.Микрозонд диаграммасынан саздар және қатты карбонатты таужыныстарының коллектор көрсеткіштерін анықтау? Потенциал және градиент зондтар әртүрлі зерттеу радиустарымен сипатталады: Потенциал зондтын зерттеу радиеусы градиент зондқа қарағанда екі-бес есе көп.(ұзындықтары бірдей болғаныменде),сондықтан коллектор қабатта мико градиент зондтың көрсеткіші сазды қабыршақтың кедергісіне жақын ρkмгз→ ρгк ал,микропотенциал зондтың көрсеткіші толығымен шайылған таужыныстың кедергісімен (ρпп) немесе ρ мәнімен анықталады. Шындығында, ρгк<ρ болғандықтан, коллектор қабаттарда оң танбалы ∆ρк тіркеледі. ∆ρк= ρkмпз - ∆ρkмгз>0

Сазда бұрғылау ерітіндісінің ену белдемі болмайды.Сондықтан екі зондпен де саздың кедергісі өлшенеді.олай болса ρkмпз ≈ρkмгз.Карбонаттық және тығыз тау жыныстарда ену белдемі болмайды.сондықтан екі зондтыңда көрсеткіші бірдей болуы керек.Дегенмен карбонатты тау жыныстармен бұрғылау ерітіндісінің меншікті электр кедергілерінің бір-бірінен айырмашылығы көп.Сондықтан ұңғыма қабырғасында орналасқан екі зондтар арасындағы аз да болса жарықшақтар олардың көрінерлік кедергісін әлде кайда азайтады.Осы себептен алынған екі қисық сызықтар кескіленіп бір-бірімен қиылусулар ешбір заңдылықсыз болады.

16.Бүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер. Меншікті кедергілері өте жоғары немесе өте төмен қабаттарда зерттеу жүргізу кезінде, БКЗ кешенін тіркеудегі негізгі кемшілік болып, қимадағы

жоғары жəне төмен кедергілі қабаттардың жиі алмасып келуінен алынған мəліметтерді өңдеу үшін көп деген түзетулерді енгізуді талап етеді. Мұндай жағдай БКЗ тіркеу кезінде қоректендіруші электродтардан тоқ сызықтары жан- жаққа тарайды жəне олардың қозғалу бағытын бақылау мүмкін емес. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тау жыныстарының кедергілерін өлшеуде фокусталған зондтар қолданады. Фокусталған зондтар қисық сызығын тіркеу - бүйірлік каротаж (БК) деп аталады.

Бүйірлік каротаж (БК) деп экрандалған электродтары бар зондтармен тоқты фокустау (бip жерде жинау) арқылы жүргізілетін кедергі каротажын айтады, яғни кедергі əдісімен каротаж жүргізу барысында зондтардағы электр өpici бақылауда болады (басқарылады). Бүйірлік каротаж зондтарының санына байланысты көп электродты (жеті-, тоғызэлектродты) жəне үшэлектродты болып бөлінеді.

Жеті электродты зонд орталық А0 электродынан, өлшеуіш екі жұп М1, М2, N1, N2 жəне бір жұп экрандық А1 жəне А2 электродтарынан тұрады. Əрбір жұп электродтар бір-бірімен қосылған А0 электродынан бірдей қашықтықта орналасады. А0 электроды арқылы I0 тогы жіберіліп, ол тоқтың шамасы бірқалыпты ұсталады. Экрандық А1 жəне А2 электродтары арқылы Iэ тогы таралып, оның мөлшері М1 жəне N1, М2 жəне N2 электродтары аралығындағы потенциалдар айырмасы 0-ге тең болуын қамтамасыз етеді. Өлшенетін шама- М1, М2 немесе N1, N2 электродтарының потенциалдың N

электродына қарағанда азаю деңгейі. Ал, N электроды тоқты электродтардан біршама қашықта орналасады. Өлшенген шама А0 нүктесіндегі мəні болып есептеледі. Зондтың ұзындығы Lз

ретінде М1N1 жəне М2N2 аралығы (О1жəне О2 нүктелері) алынады. Экрандық А1 жəне

А2 электродтар аралығы зондтың жалпы мөлшері Lобщ деп аталады (q=(Lобщ –Lз)/Lз –

фокустық параметр). Көрінерлік меншікті кедергі өлшенген ΔUмк жəне орталық А0 электродынан

таралған I0 ток күші арқылы формуламен есептелінеді. БК зондымен есептелген көрінерлік кедергі, кедергі əдісіндегі əдеттегі зондпен өлшенген ρк -ға қарағанда қабаттың нақты ρ кедергісіне шамалас. БК əдісінде зерттеу тереңдігі, экранды А1 жəне А2 электродтарының ара қашықтарымен тікелей байланысты: А1жəне А2 аралығы өскен сайын зерттеу тереңдігі де өсе түседі. Жеті электродты зондта электродтардың орналасуы төмендегі түрде жазылады: А 0 0,2 М1 0,2N11,1А1. Бұл жазу L общ =3 м, L 3 = 0,6 м, q = 4 деген түсінікті білдіреді. Диаграммада мұндай зонд L А 3q 4 деп бейленеледі. Тоғыз электродты зонд тереңдігі əдетте аз болады, сондықтан да ұңғыма ашқан қабаттың аз ғана бөлігін (ұңғыма оқпанына жақын) зерттеуге арналады. Оның құрылысы жетіэлектродты зондқа ұқсас, тек жеті электродты зондтың сыртында А0 электродынан бірдей қашықтықта қосымша В1 жəне В2 электродтары орналасқан. В1 жəне В2 электродтары арқылы I0 жəне Iэ ток тізбегі тұйықталып, А0

электродынан таралған ток қабатқа сіңбей, шашыраңқы түрде таралып, қабаттың беткі бөлігінің ғанa меншікті кедергісін сипаттайды. Электродтардың орналасуы A00,2Ml0,2Nl0,2A10,9В1 түрінде жазылып, ол Lжалпы=1,2м, L.=0,6м, q=1 деген түсінікті білдіреді. Диаграммада мұндай зонд LB3LAl,2ql деп бейнеленеді. Үш электродты зонд (БК-3) ұзынша пішінді үш электродтан тұрады (3.1-сурет). Орталық (негізгі) электрод А0 жəне оған симметриялы түрде орналасқан екі экранды А1

жəне А2 электродтары жұқа оқшаулатқыш қабатшамен бөлініп, металдан жасалған цилиндр түрінде болады. Электродтар арқылы жіберілген токтың күші үш электродтардағы потенциалдардың мəндері бірдей болуын қамтамасыз етеді (UА1=UА0=UА2 ). Көрінерлік меншікті кедергі А0 жəне N электродтары аралығында өлшенген потенциалдар айырмасы арқылы ΔUKC, -формуласымен есептелінеді.__