Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons_prava_zhauap_60_surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.58 Кб
Скачать

7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.

Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:

Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;

Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;

ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды.

8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау

Қазақ КСР Президенті кызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Казақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.1990 жылғы 25 қазанда Қазак КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны кабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған кол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық оъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылыгы енгізілді.Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау.

Бұл Конституциялық заң бұрынғы одақтас республикалардың – Ресейдің,Украинанның,Беларуссияның арасында жасалған Беловеж келісімінің нәтижесінде Кеңес одағы таратылған кезде қабылданады.Қазақстан атынан бұл отырысқа Президент Назарбаев қатыспады және бұл келісімге қол қойған жоқ.Назарбаев ТМД-ны оған қатысатын мемлекеттердің толық құқылы және тең қатысуы негізінде құруды ұсынды.Осылайша ТМД-ның құрылу үрдісі келесідей сатылы түрде жүрді:8 қазанда ТМД ның құрылуы үш мемлекеттердің-Ресей,Украина,Белоруссия аралығындағы келісім нәтижесінде жүргізілді.13 желтоқсанда бес Орта Азиялық мемлекеттің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстанның, ТМДның толық және тең құқылы құрылтайшысы болуға әзір екендігі туралы арыз жасалды. Осы уақытта бұл үрдістермен қоса 1991 жылғы 16 желтоқсанда қираған Кеңес Одағы жағдайында Республиканың Жоғарғы Кеңесі «ҚР мемлекеттік тәуесіздігі»туралы Конституциялық заң қабылданды. Заң келесі тараулардан тұрды: ҚР тәуелсі мемлекет; ҚР халқы мен азаматы; ҚРның мемлекеттік өкімет органдары; ҚР мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері; ҚР дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі; ҚРның мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау; Қорытынды ережелер. Осы заңның идеяларын құрылымынан артық мазмұндау жүйесі болған емес және қазірдің өзінде жоқ. Заңда Қазақстан халқының ұғымына да нақты анықтама берілді.Заңда мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық нысандары көрсетілді:билікті халықтың тікелей іске асыруы және билікті халық сайлаған мемлекеттік органдар арқылы іске асыру.Заңда басты орынды адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ - ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялык және хұқылык мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толык иеленеді, өзінің ішкі және сырткы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді 1 бабында айтылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]