Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons_prava_zhauap_60_surak.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.58 Кб
Скачать

38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.

1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: 1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; 3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; 4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; 5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді; 6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; 7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі — Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: 1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды; 2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; 2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру; 3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру; 4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Заңымен алынып тасталды 5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау; 6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру21. 1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады: 1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; 2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру; 3)Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; 4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы

39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары

Заң шығару процесі келесідей сатылардан тұрады:

1. Заң шығару бастамашылығы.

2. Заң жобасын Мәжілісте қарау.

3. Заң жобасын Сенатта қарау.

4. Заңға Президенттің қол қоюы және оны жариялау.

18-бап. Заңдарды қабылдау

1. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылау және дауысқа салу үшiн берiледi. Сенат қайта қабылдамаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.

2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.

Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзге¬ріс¬термен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.

Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы.

Заң шығару бастамасы құқығы, оның жүзеге асырылуы. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. 2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. шығару бастамашылығы болып табылады.

2. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол:

1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;

1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;

2) заң құжатының жобасын Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республика Үкiметiне берiледi.

3. Республика Президенті, депутаттар және Үкiмет енгiзген заң актiлерiнiң жобалары Мәжiлiс қаулысымен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне қарауға жiберiледi әрi бұлар жөнiнде Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң тұжырымдары болған ретте ғана оның пленарлық отырысында қаралуы мүмкiн.

4. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

5. Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге мәселелердi Мәжiлiс Регламентi шешедi.

Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi.

Жәй заңдарды қабылдау тәртiбi. . Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда жобаны Сенат алған күннен бастап әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және Президенттiң қол қоюына берiледi.

2. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданады деп саналады

2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады.

Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi.

Конституциялық заңдарды қабылдау тәртiбi. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

  33-тармақ. Конституциялық заңның, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы түскен кезде Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда Парламенттің Қаулысымен заң жобасын қарау мерзімдері белгіленеді, содан кейін ол жұмыс істеу үшін Парламенттің Сенаты мен Мәжілісіне жіберіледі.

  34-тармақ. Конституциялық заңдардың, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізілуі міндетті.

  35-тармақ. Заң жобасымен жұмыс істеудің Парламент белгілеген мерзімі біткеннен кейін Мәжіліс Төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақырып, онда заң жобасының бастамашысына немесе оның өкіліне сөз береді. Сонан соң әрбір Палатадан бір-бірден қосымша баяндамашыларға және белгіленген кезек ретімен депутаттарға сөз беріледі.

Бірінші оқылымында конституциялық заңның жобасы, сондай-ақ конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тұжырымдамалық жағынан талқыланады.

  36-тармақ. Заң жобасының екінші оқылымы кезінде бірлескен комиссияның төрағасы оның жұмыс қорытындылары жөніндегі ұсыныстарын айтып сөз сөйлейді.

Депутаттардың бірлескен комиссияға жазбаша түрде енгізген ескертпелері мен толықтырулары ғана талқылануға тиіс. Ұсынысын комиссия қабылдамай тастаған депутат Парламент Палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Парламентке өз ұсынысын дауысқа қоюды өтініп жолдануға құқылы.

  37-тармақ. Түпкілікті оқылымда дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент әрбір Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен конституциялық заңды, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайды. Дауыс бергенде белгіленген дауыс саны алынбаған жағдайда заң жобасы қабылданбады деп саналады және оны нақ сол сессия ішінде Парламенттің қарауына енгізуге болмайды.

  38-тармақ. Парламенттің конституциялық заңды және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысы Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]