Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons_prava_zhauap_60_surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.58 Кб
Скачать

60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi

Референдум – бұл республиканың мемлекеттік және қоғамдық ӛмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша бүкіл халықтық дауыс беру. Ал, сайлау – бұл азаматтардың мемлекеттік және жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарында ӛздерінің еріктері мен мүдделеріне сәйкес билікті жүзеге асыру үшін тиісті ӛкілдерге дауыс беру арқылы халық билігін жүзеге асыруға қатысуы болып табылады.

Референдум – бұл қоғамдық ӛмірдің түрлі маңызды мәселелері жӛнінде дауыс беру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың тікелей ерік білдірулері.

Республикалық референдум – бұл мемлекеттік маңызы бар шара. Референдум арқылы халық мемлекеттік биліктің қайнар кӛзі ретінде Конституцияны, заңдарды қабылдайды, оларға ӛзгертулер енгізу ісімен республикамыздың заң шығармашылық қызметіне қатысады.

Сонымен, референдумның бірнеше маңызды тұстарын кӛрсетуге болады:

1. халық тікелей заң шығарушы ретінде барлық азаматтар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін аса маңызды қоғамдық құқықтық нормаларды бекітеді;

2. референдум азаматтардың құқықтық санасының ӛсуіне ӛз ықпалын тигізеді;

3. референдум – бұл қоғамдық пікірді білдірудің бір нысаны;

4. референдум мемлекеттік органдардың нормашығарушылық қызметінің жетілуіне ӛз септігін тигізеді;

5. референдум арқылы қоғамның мемлекеттік және қоғамдық істерге деген қызығушылықтары дамиды, ӛмірдің барлық салаларына ықпал етуі күшейеді.

Референдум қандай да бір мемлекеттік мәселелердің нақты шешілуінің ӛзіндік нысаны болып табылады. Ол – халықтың қандай да бір мәселені тікелей ақырғы шешуі.

Сайлаулар секілді республикалық референдум да келесідей демократиялық қағидалар негізінде ӛткізіледі: азаматтардың еркін қатысуы, еркін түрде ерік білдіруі, азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең, тікелей қатысу құқығы.

Референдум ӛткізіп онда шешім қабылдау ұзақ та күрделі процесті қамтиды. Оны бірнеше сатыға бӛліп қарастырамыз:

Бірінші саты - республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылық. Референдум тағайындау бастамашылығы:

1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;

2) Қазақстан Республикасының Парламентiнде;

4) сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мӛлшерде бiлдiретiн республикалық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады.

Екінші саты – республикалық референдум ӛткізу (тағайындау) туралы шешім қабылдау. Мұндай құқық Республика Президентіне тән.

Республика Президентi Парламент пен Үкiметтiң немесе Республика азаматтарының бастамашылығы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) референдум тағайындау туралы;

2) референдум ӛткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша Конституцияға ӛзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе ӛзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;

3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы

Референдум тағайындау туралы шешiмдi Республика Президентi тиiстi Жарлық шығару жолымен қабылдайды.

Үшінші саты – референдумды ӛткізуге дайындық. Референдумға дайындық пен оны ӛткiзудi мыналар жүзеге асырады: Орталық референдум комиссиясының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық референдум комиссияларының функциясын орындаушы Қазақстан Республикасының аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелiк референдум комиссияларының функциясын орындаушы учаскелiк сайлау комиссиялары.

Тӛртінші саты – дауыс беру және дауыс санау. Референдумда дауыс беру мерзiмi, орны, ұйымдастыру мен ӛткiзу тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес айқындалады. Дауыс санауды учаскелік референдум комиссиясы жүзеге асырады.

Бесінші саты – референдум қорытындысын шығарып, оны жариялау. Дауыс берудiң қорытындылары Орталық референдум комиссиясының мәжiлiсiнде шығарылып, хаттамамен ресiмделедi, оған Орталық референдум комиссиясының Тӛрағасы, Тӛрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелерi қолдарын қояды және қаулымен бекiтедi.

Егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан кӛбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум ӛткiзiлген деп саналады.

Егер дауыс берудiң нәтижесiнде референдумға қойылған мәселе бойынша оның оң шешiмiн жақтап дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан кӛбi дауыс берсе, ол жӛнiнде шешiм қабылданды деп саналады.

Референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру ӛткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Алтыншы саты - республикалық референдум ӛткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]