
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді
45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
1. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы.2. Саяси партияның фракциясы - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиядан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиiстi саяси партияның мүдделерiн бiлдiру мақсатында Парламент Мәжiлiсiнде құрылады. Саяси партия фракциясындағы ең аз адам саны Парламент Мәжiлiсiнiң Регламентiмен айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары кiре алады. Депутаттың бiр ғана саяси партия фракциясының құрамында болуға құқығы бар.3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн бiрлесiп жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында Парламенттiң кемiнде он бес депутаты болуға тиiс.4. Саяси партиялардың фракцияларын тiркеу - Парламент Мәжiлiсiнiң Бюросында, депутаттық топтарды тiркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтарды тiркеу келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi.5. Парламент Мәжiлiсiндегi саяси партиялардың фракциялары мен Парламенттегi депутаттық топтардың өкiлеттiгi, ұйымдастырылуы мен қызметi, олардың жұмысын қамтамасыз ету Парламент пен оның палаталарының регламенттерiнде айқындалады.
46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы № 284-І Заңымен алынып тасталды. 10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. 1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.
2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Республика Үкiметi:
1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
5. Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
6. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
7. мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;
8. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
9. еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;
10. мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
11. ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;
12. табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
13. құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
14. келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi;
15. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
16. өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.