Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons_prava_zhauap_60_surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.58 Кб
Скачать

42. Қр Парламентiн тарату.

1. Республика Президентi Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейiн Парламенттi немесе Парламент Мәжiлiсiн тарата алады.2. Парламенттi және Парламент Мәжiлiсiн төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды.3. Мәжiлiс таратылған жағдайда Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi қызметiн уақытша, Мәжiлiстiң жаңа құрамы сайланғанға дейiн Сенат атқарады.Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртiбi Сенат Регламентiнде айқындалады. Республика заңнамасына сәйкес Парламент тұтастай немесе Мәжіліс жеке таратылуы мүмкін. 19.06.2007 жылы Парламент туралы заңға енгізілген ӛзгертулерге дейін Республика Президентi мынадай жағдайларда Парламентті тарата алатын: 1) Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген; 2) Парламент Премьер-Министрдi тағайындауға келiсiм беруден екi мәрте бас тартқан; 3) Парламент Палаталары немесе Парламент пен мемлекеттiк билiктiң басқа тармақтары арасында еңсерiлмейтiн келiспеушiліктер нәтижесiнде саяси дағдарыс туындаған жағдайларда. Соңғы ӛзгертулерге сәйкес Парламенттің және Парламент Мәжілісінің ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібіне жаңалық енгізілді, яғни Республика Президенті Парламент палаталары тӛрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. Тарату жағдайлары анықталмаған.

Тӛтенше немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Республика Президентi ӛкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiн бiр жыл ӛтпейiнше Парламенттi және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жӛніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады.

43. Парламент депутаттарының мәртебесi.

1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқынаа ант бередi. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.2. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.3. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.4. Парламент Мәжiлiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкiлеттiгi оның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi Республика Президентiнiң шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Парламент депутаты:

1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.

7. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:

1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.

8. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгiзу туралы шешiм қабылдайды.Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде Парламент Палатасы тиiстi Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатады.9. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы қабылдайды.10. Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]