
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
35. Қр Президентiнiң актiлерi.
1995 жылғы Конституцияға сәйкес Президентке бірінші рет заң актілерін шығару құқығы берілді. Президент Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен ӛкiмдер шығарумен қоса Конституцияда белгіленген жағдайларда заңдар және заң күші бар жарлықтар да шығарады. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады.
Республика Президентiнiң жарлықтары Республика Конституциясы мен заңдарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң жарлықтарымен:
1) Президенттiң Республика Президентiнiң актiлерiн шығаруды талап ететiн конституциялық ӛкілеттігі жүзеге асырылады;
2) мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және ӛкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгiленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi;
3) Парламенттiң заңдық құзыретiне кiрмейтiн, сондай-ақ Үкiмет пен басқа да мемлекеттiк органдардың заңмен белгiленген құзыретiне жатпайтын мәселелердi құқықтық реттеу жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк-саяси дамуының стратегиялық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылданады.
Республика Президентi шығаратын жарлықтардың ғана нормативтiк құқықтық акт күшi болады.
Республика Президентiнiң өкiмдерi Конституцияның, заңдардың және Президент жарлықтарының негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылады.
Республика Президентiнiң ӛкiмдерiмен:
1) әкiмшiлiк-ӛкiмдiк, жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу жүзеге асырылады;
2) Республика Президентiнiң құзыретiне сәйкес конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
36. ҚР Парламентiнiң мәртебесi, құрылымы және құрылу тәртібі. Екі палаталы құрылымның қажеттігі.
ҚР Парламенті - республика халқының еркін білдіретін, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендікті байқататын ӛкілді орган. Ӛкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан ӛкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақмат-мүдделері мен еркін бідіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, ӛз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету.Парламент - бүкіл ҚР аумағында міндетті күші бар заң актілерін қабылдайтын заң шығарушы орган. Парламенттің басты мақсаты – заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi. 1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан:
Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
2. Сенат конституциялық заңда белгiленген тәртiппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан өкiлдiк ететiн депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жылда қайта сайланады.
3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулi мүдделерiнiң бiлдiрiлуiн қамтамасыз ету қажеттiлiгi ескерiлiп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президентi тағайындайды.
4. Мәжiлiс конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сайланатын жүз жетi депутаттан тұрады.
Мәжiлiстiң тоқсан сегiз депутаты саяси партиялардан партиялық тiзiмдер бойынша бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнен жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжiлiстiң тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
5. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
6. Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.
37. Палаталардың бiрлескен отырысында жүзеге асырылатын Парламенттiң өкiлеттiгi.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; 2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; 3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; 4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; 6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; 7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; 8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады