Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kons_prava_zhauap_60_surak.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.58 Кб
Скачать

31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі

Экономикалық жүйе – меншіктің алуантүрлігі, кәсіпкер-ліктің және бағаның еркінділігі, тиянақты бәсекелестік қағида-ларымен, сондай-ақ адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру-ға бағытталған басқа да шаруашылық қызметінің түрлерімен сипатталатын Конституцияда және басқа заң актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың құрылысы. Экономикалық жүйенің негізгі қағидалары:1. меншіктің алуантүрлігі;2. меншікке ешкімнің қол сұқпауы;3. меншіктің барлық субъектілерінің теңдігі;4. меншік иесінің құқығын мемлекеттің қорғауы;5. экономикада монополизмді жою;6. еркін кәсіпкерлік;7. бәсеке;8. еркін баға;9. салықтарды төлеу міндеттілігі;10. адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру;11. т.б.Экономикалық жүйенің негізі болып меншік табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді – жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мем-лекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекет-тiк меншiк екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншiк. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келе-сілер құрайды: республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Меншiк құқығы – бұл субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымы негіздерінде меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп, нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды.

Конституцияға сәйкес меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызме етуге тиіс. Меншік субъекілері мен обектілері меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді

32. ҚР-ның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы: ұғымы, жүйесi, категориялары. Елдi мекендер және аймақ

Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл , поселке, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.

2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң категориялары Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi. Аймақ - республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi. Республикалық әкiмшiлiк-аумақтық құрылыстың негiзгi буындары ретiнде облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады. Елдi мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, заңда белгiленген тәртiпте есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және селолық елдi мекендерге бөлiнедi. 3-бап. Қалалар мен басқа елдi мекендердiң категориялары Қалалар және басқа елдi мекендер: 1) республикалық маңыздағы қалаларға бөлiнедi, бұларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар және, әдетте, бiр миллион адамнан астам халқы бар елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн; 2) облыстық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар, iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн; 3) аудандық маңызы бар қалаларға бөлiнедi, бұларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған жүйесi, кемiнде 10 мың адам халқы бар, оның халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамы жұмысшылар, қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн; 4) поселкелерге бөлiнедi, бұларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа экономикалық маңызды объектiлердiң жанындағы, кемiнде 3 мың адамы бар, оның кемiнде үштен екiсi жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi болып табылатын елдi мекендер жатқызылуы мүмкiн; 5) ауыл - саны кемiнде 50 адам болатын, халқының кемiнде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, бал ара шаруашылығында, балық аулау мен балық өсiру шаруашылығында жұмыс iстейтiн қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi және денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елдi мекен; 6) халқының саны кемiнде 50 адам шаруа және басқа да қоныстар ең жуық елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi. 4-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңдар Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн құқықтық реттеудi Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де заңдар мен қалыпты құжаттар жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]