
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
Сайлау жүйесі – бұл мемлекеттің өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен сайланбалы лауазымды тұлғасын құрудың заңмен бекітілген тәртібі, яғни кандидаттарды ұсыну мен дауыстарды санаудың жүйесі. Сайлау жүйесінің екі түрін көрсетуге болады: мажоритарлық сайлау жәйесі және бара-бар өкілдік сайлау жүйесі. Тарихи тұрғыда алғашқы сайлау жүйесі болып мажоритарлық жүйе табылады. Бұл көпшіліктің қандай болатындығына байланысты мажоритарлық жүйе өз кезегінде әдетте үш түрге бөлінеді:
1. Салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі – бұл ең қарапайым сайлау жүйесі. Мұнда қарсыластарына қарағанда дауыстардың ең көбірек санын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Қазақстанда Президентті және Сенаттың сайланатын депутаттарын сайлаудың екінші турында және маслихат пен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау кезінде салыстырмалы көпшілік жйүесі қолданылады.
2. Абсолюттік көпшілік мажоритарлық жүйе – сайлану үшін дауыстардың абсолюттік көпшілігін, яғни жалпы санының жартысынан астамын алу талап етеді. Қазақстанда бұл жүйе бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алуы қажет.
3. Квалификацияланған көпшілік мажоритарлық жүйе – тиісті сайлау жүйесінде квалификацияланған көпшілік дауыс санын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Қазақстанда бұл жүйе қолданылмайды.
сайлау жүйесі бойыншаҚазақстанда Парламент Мәжілісінің 98 депутаты сайланады. Бұл жүйенің басты идеясы мынада: әрбір саяси партия парламентте сайлаушылардың өзі үшін берген дауысына бара-бар болатын мандаттар санын иеленеді.
29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
Қазақстанда сайлаулар өткізу кезінде сайлау округтері, сайлау учаскелері құрылып, пайдаланылады. Сенат депутаттарын сайлауда сайлау округтері құрылмайды. Сайлау округтерінің үш түрі болады:
А) бірмандатты сайлау округі. Мұнда әр округтен тек бір ғана депутат сайланады. Бір округтегі кандидаттар саны көп болуы мүмкін, бірақ сайланған тұлға біреу ғана болады. Бірмандатты округ мажоритарлық жүйеге тән болып келеді.
Б) Көп мандатты (полиноминальный) сайлау округі. Мұндай көп мандатты округ маслихаттан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде құрылады.
В) Біртұтас округ. Мұндай округ бүкіл мемлекеттің аумағын қамтиды.
Қазақстанда сайлау округтерiн аумақтық сайлау комиссиялары құрады, олар республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың шамамен тең саны ескеріліп құрылады.
Сайлау округтері әдетте сайлау учаскелеріне бөлінеді. Сайлау учаскелері – бұл сайлаушыларға барынша қолайлылық түғызу мақсатында құрылатын дауыс беру үшін арналған орын. Ол мына жағдайлар ескеріле отырып құрылады: - әрбір сайлау учаскесінде 3 000 аспайтын сайлаушы болуы; - әкімшілік аумақтық бөліністегі әкімшілік-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы
30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
Саяси жүйені көпшілік ғалымдардың көзқарасына сүйеніп көмегімен халық өзінің мемлекеттік, саяси билігін жүзеге асыратын мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Саяси жүйенің негізгі элементтері Конституцияның “Жалпы ережелер” бөлімінде бекітілген.
Саяси жүйенің негізгі элементі болып мемлекет табылады. Одан басқа элементтеріне саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ... кіреді.
Марксизм-ленинизм идеологиясына сәйкестікте кеңестік социалистік мемлекет құрылды. Мемлекеттің саяси жүйесінің орталық элементі болып кеңестік Конституцияға сәйкес коммунистік партия танылды. Ол қоғамның дамуының басты бағыттарын анықтап, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгіледі.
Кеңес өкіметінің құлдырауымен оның қағидаттары да өзгеріп, бірқатары жойылды. Марксизм-ленинизм іліміне негізделген коммунистік партияның бағдарламасы мемлекеттік идеология болудан қалды. 1993 жылғы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қоғамдық бірлестіктердің тең құқылы мүмкіндіктерінің болуына кепілдік бере отырып қоғамдық бірлестіктердің идеологиясы мемлекеттік идеология орнына жүре алмайтындығын бекітті.
Ал, 1995 жылы қабылданған Конституция жоғарыда атап кеткеніміздей Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылатындығын бекітті.
Идеологиялық әр-алуандылық Қазақстанда түрлі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмір сүруі мен әрекет етуіне рұқсат берілетіндігін білдіреді. Бұл түсінік кез-келген ағымдардың өмір сүруіне рұқсат етпейді. Олардың алдына қойылатын шарт – олар ҚР-ның конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру идеясын жарияламауы тиіс, сондай-ақ әлеуметтік, діни және ұлтаралық араздықты тудырмауы керек.
Саяси әр-алуандылық қоғамда түрлі саяси партиялардың және ұйымдардың әрекет етуі мүмкіндігін білдіреді.