
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады
Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Орта білім алу міндетті.
. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті7
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, “Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы” 1995 ж. 19 маусымдағы ҚР заңымен т.б. заң актілерімен анықталады. Шетелдіктер – бұл Қазақстанда тұратын, оның заңына бағынатын бірақ оның азаматы болып табылмайтын тұлғалар. Оларға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар кіреді. Ал, Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқ адамдар – бұлар Қазақстан Республикасының азаматы емес, сондай-ақ өзге мемлекеттің азаматтығында болмайтын адамдар. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің құқықтық мәртебелері көбіне сәйкес келе бермейді. Негізгі айырмашылықтары келесілерде:
1. кейбір лауазымдарды тек ҚР азаматтары ғана иеленеді;
2. мемлекеттік құпиямен байланысты жұмысқа кіру ҚР азаматы болып табылмайтындар үшін шектелген;
3. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін еркін жүріп-тұру құқығы шектелген;
4. жалпыға бірдей әскери міндеттілік шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға емес тек ҚР азаматтарына ғана тарайды;
5. ҚР азаматтары мен шетелдіктердің деликтқабілеттігі бірдей емес.
6. шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан мемлекетінің саяси өміріне араласа алмайды.
Сонда да аталмыш ерекшеліктерді ескере отырып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық мәртебесінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі – бұл Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Конституциямен, заңдармен және өзге құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері, жауаптылығы.
Қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтық мәртебесінің мазмұнын келесідей бөлшектер құрайды:
конституциялық құқық нормаларымен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің кешені;
бұл құқықтар мен міндеттерді заңмен қорғау және мемлекеттік,
Қазақстан Республикасының Конституциясы тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді.
Саяси құқықтарға мыналар жатады: мемлекеттік қызметке кіру құқығы, қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысу құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысу құқығы
Атап кеткеніміздей шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар біршама құқықтарды шектеулермен иеленеді. Олардың бірі – еңбек ету бастандығына құқық. Қазақстанда жүрген шетелдіктерді үш топқа бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер;
2. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктер;
3. транзиттік шетелдіктер.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер деп тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарынан рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады. Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтуші шетелдіктер транзиттік шетелдіктер деп танылады.
Шетелдіктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса мiндеттемелер орындалғанға дейiн;
г) Қазақстан Республикасының заңдары белгiлеген өзге де негiздер бойынша рұқсат етiлмейдi.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдік оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
ҚР-ның шегiнен қуып жiберу. Шетелдік мына жағдайларда:
а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;
б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
в) егер ол шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, Қазақстан Республикасының кедендiк, валюталық немесе өзге де заңдарын бұзса;
Заң бойынша бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген шетелдіктерге шығарып жіберу туралы шешім шығарылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.