
- •2. Қр конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және тәсілі
- •4. Конституциялық құқықтық норма: ұғымы, негiзгi нышандары, ерекшелiктерi, түрлерi
- •5. Конституциялық құқықтың қайнар көздерi. Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көздерi ретінде Конституцияның түсінігі, ерекшеліктері.
- •6. Конституциялық құқықтық қатынас: ұғымы, ерекшелiктерi мен мазмұны Конституцияның функциялары, мазмұны мен құрылымы
- •7. «ҚазСср мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация, оны саяси-құқықтық талдау.
- •8. Қр тәуелсіздігінің қалыптасу және даму процесі. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңды құқықтық талдау
- •9. 28.01.1993 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi мен жалпы сипаттамасы.
- •10. 30.08.1995 Жылғы Конституцияның қабылдану себептерi және жаңалықтары.
- •11. Қр Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртібі. Қр Конституциясына енгiзілген өзгертулер мен толықтырулар
- •12. Қр Конституциялық құрылысы: ұғымы, негiздерi
- •13. Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы қызметiнiң түбегейлi қағидалары
- •14. Қазақстан Республикасы - демократиялық, құқықтық әлеуметтiк, зайырлы мемлекет.
- •15. Қазақстан Республикасы - президентiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
- •18. Қазақстанда бейбіт жиналыстар, демонстрация, митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- •20. Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негiздерi: ұғымы, қағидалары, мазмұны.
- •21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
- •22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
- •23. Азаматтық мәселелерiмен айналысатын субъектілер. Олардың өкiлеттiктерi.
- •24. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
- •25. Азаматтардың негiзгi мiндеттерi.
- •26. Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
- •27. Сайлау құқығының ұғымы, түрлерi, қағидалары
- •28. Сайлау жүйесi: түсiнiгi мен түрлерi.
- •29. Сайлау органдары, сайлау округтері және сайлау учаскелері
- •30. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •31. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің негіздері, оның конституциялық бекітілуі
- •33. Қр Президентiнің мәртебесі, сайлануы және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы
- •34. Қр Президентiнiң өкiлеттiгi
- •35. Қр Президентiнiң актiлерi.
- •38. Палаталардың бөлек отырысында қаралатын мәселелер.
- •39. Парламентте заңдарды қабылдау тәртібі. Заң шығару процесінің сатылары
- •40. Парламенттiң сессиясы. Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысы.
- •41. Парламенттiң жұмыс және үйлестіруші органдары.
- •42. Қр Парламентiн тарату.
- •43. Парламент депутаттарының мәртебесi.
- •44. Парламент палаталарының депутаттарын сайлау.
- •45. Қр Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер
- •46. Үкiметтiң мәртебесi, атқарушы органдар жүйесiндегi орны, құрамы және құрылымы, құрылу тәртібі
- •47. Қр Үкiметі қызметiн ұйымдастыру, актiлерi. Үкiметтiң және оның мүшесiнiң орнынан түсуі
- •48. Конституциялық қадағалаудың түсінігі, мәні және органдары.
- •49. Конституциялық Кеңестiң мәртебесi, мақсаты, өкілеттіктері.
- •50. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi, олардың заңдық күшi.
- •51. Конституциялық Кеңестiң төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
- •52. Қр сот билiгiнiң конституциялық мәртебесi. Қазақстан Республикасының сот жүйесi
- •53. Қр прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
- •55. Жергiлiктi өкiлдi органдар: мәртебесi, құрылу деңгейі және құрамы
- •56. Мәслихаттың өкiлеттiгi және қызметiнiң ұйымдық нысандары.
- •57. Мәслихаттың органдары, олардың құрылуы мен қызметі
- •58. Жергiлiктi атқарушы органдар: функциялары, мақсаттары, құрылуы
- •60. Республикалық референдум – тiкелей демократияның нысаны ретiнде. Республикалық референдумның пәнi және өткiзiлуi
21. Саяси және әлеуметтiк-экономикалық құқықтар мен бостандықтар
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар
жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.
Саяси құқықтар мен бостандықтар байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады;
әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.
ҚР-ның конституциясындағы азаматтарға берілген саяси құқықтар мен бостандықтар:
Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралу құқығы
Азаматтардың бірлесі бостандығына құқығы
Азаматтардың мүлкін жеке меншігінде ұстау құқығы
ҚР- азаматы бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар мен митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы
ҚР азаматтарының мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгінуге, жеке және ұжымдық өтініштерді жолдау құқығы
Республикалық референдумға қатысу құқығы
Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және сайлану құқығы
Азаматтардың ммлекеттік қызметке кіру тең құқығы
Азаматтардың әскери қызмет атқару құқығы
ҚР –ның Конституциясында берілген әлеуметтік-экономикалық құқықтармен бостандықтар:
Әркімнің билікті заң көмегімен тегін алу құқығы
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым – қатынас, тәрбие, оқу, және шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығы
Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы
Әркімнің тұрғын үйіне қолсұғылмаушылық құқығы
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына еңбегі үшін теңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы
Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез –келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы
ҚР азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда заңды негіздерде ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
ҚР азаматының денсаулығын сақтау құқығы
Азаматтардың мед-налық көмек алу құқығы
Тегін орта білім алу құқығы
22. Азаматтық: ұғымы, қағидалары. Қр азаматтығын алу және тоқтатылу негiздерi
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады
азаматтық - тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Қандай да бір тұлға нақты бір мемлекеттің азаматы болуы мүмкін, тиісінше сол мемлекетпен құқықтық байланыста болады., азаматтық – бұл өзара құқықтар мен міндеттер туындайтын жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс. Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы “азаматтық” байланысы белгілі бір қағидаларға негізделеді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді.
азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады
бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;
азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді
ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін. ҚР азаматық туралы заң
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтықты тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
20-бап. Азаматтықтан шығу
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.