
- •43.Әлеуметтік стратификация.
- •50.Отбасының өмір циклі.
- •58.Этникалық социология.
- •59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
- •60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
- •61.Қазақ ұлтының стратификациялық процесін этникалық қатынастар тұрғысынан түсіну.
- •62.Қазақ ұлтының дәстүрі, діні, ділі, тілінің жағдайын социологиялық тұрғыдан қарастыру.
- •63.Қазақ қоғамының мобилділігінің сипаттамасы.
- •64.Қазақтардың урбанизация процесіне енуінің өзекті әлеуметтік мәселелері.
- •65.Ауыл мен қала арасындағы қайшылықтардың әлеуметтік мәні.
- •70.Жастар социологиясы.
- •71. Жастар мәдениеті.
- •75. Этнос, ұлт, диаспора.
- •76. Этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік мәселелері және оны шешудің жолдары.
- •77.Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау.
- •78.Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау.
58.Этникалық социология.
Этносоциология этностардың мәселелерін, этникалық мәдениеттің және дәстүрдің әлеуметтік өмірге әсерін, этника аралық карым-қатынастарды, дау жан-жалдарды, этникалық идентификацияны зерттейтін социологияның саласы. Оның зерттеуіне әр ұлттың, этностың әлеуметтік құрылымдарын, этникалық ерекшіліктердің әлеуметтік өзгерістердің динамикасына әсері кіреді. Соныменен қатар отбасындағы қатынастардағы этникалық дәстүр, этникалық мәдениеттің орны мен әсері, этникалық топтардағы тіл, этникалық сана сезімнің өсү динамикасы, этноәлеуметтік мәдени ділдің ерекшіліктерін қарастырады. Этносоциология этнографияға қарағанда этникалық мәселелерді әлеуметтік қатынастардың кең көлемінде қоғамның бөлігі ретінде қарастырады. Этносоциологияның бастаунда Э. Дюркгейм, Леви-Брюль, А. Рэдклифф-Браун, Б. Малиновскилердың алғашқы тайпалардың этникалық мәдениеттік зерттеү арқасында әлеүметтіктінің не екенін түсінүге тырысуында болатын. Қәзіргі этносоциология этностар мен этникалық топтардың әлеуметтік параметірлерін зерттеүге бағытталған
59.Қазақстандағы этникалық процестерге сипаттама.
Қазақстандағы этносаралық мәселері қәзіргі кезде мемлекеттің турақтылығына, оның дамыған, демократиялық қуқықты елдер қатарына қосылуына зор ықпалы бар. Этникалық мәдениетті, дәстүрлерді унитарлық мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне қызмет етуі үшін олардың жетістіктерін, ерекшеліктерін жалпы мемлекеттің, елдің игілігіне жумылдыру қажет. Мысалы, қәзіргі нарықтың экономикаға көшу әр этностың өзіне тән дәстүрінің, ділінің, еңбекету тәжірибесінің, рухының қаншалықты дайын екендігін нақты көрсетті. Сондықтан саудаға, нарыққа жақын этностардың тәжірибесін үйрену әр этнос өкілінің қажетті ісі деп танылуы дұрыс болар. Кеңестік заманда сауда сатыққа ыңғайлы адамдарды, ұлттарды жек көрінішті етіп көрсету үйреншікті жағдай болатын, соған орай адамдардың ойлауы, ділі қалыптасқан еді. Қәзіргі кезде де осы келеңсіз жағдай іс жүзінде әлде болса жойыла қойған жоқ.
60.Қазақ ұлтының мүдделерін социологиялық тұрғыдан түсіну.
біз әуелі мемлекет құрушы ұлт дегеніміз не, оның ұлттық мүддесі қалай қорғалуы керек және ол мемлекет құрушы ұлт ретінде толыққанды дамуы үшін оның қандай белгілері болуы шарт деген сұрақтар қойып, оның теориялық негізін анықтап, қазіргі кезде ол еліміздің өмірінде қалай іске асып жатқанын білсек, шындықтың кімнің жағанда екенін анықтауға болады.Ұлттың қалыптасуы бұл тарихи процес, ол алғашқы қауымдық құрылыстан басталып, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациалардың өзгеруінің әсерінен руға, тайпаға, онан ұлтқа айналып, дамып отырады. Былайша айтқанда халықтың ұлтқа айналуы адамзат баласының қоғамдық, әлеуметтік, рухани дамуының ең жоғарғы сатысы деуге болады.Ұлт болып қалыптасу үшін оның территориясы, экономикасы, мәдени-тілдік ортасы болуы керек және ол ұлт осы құндылықтардың иегері болып, соған қожалық етуі тиіс. Сонда-ғана ол ұлт өзінің ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын жасап, ұлттық мүддесін қорғап, оны әрі қарай дамытуына мүмкіншілігі болады.
Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек.