Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сактандыру готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
128.41 Кб
Скачать

51.Нарықтық экономикадағы сақтандырудың орны мен ролі

Қазіргі кезде елімізде өмір мен мүлікке зиян келтіруге алып келетін өндірістік және әлеуметтік салалардың түрлі қолайсыз факторлар әсеріне берілу дәрежесінің жоғарылығы жағдайында, халықтың болашаққа деген сенімділігінің төмендеуі жағдайында сақтандыру қызметінің рөлі ерекше маңызды болып табылады.

Сақтандыру бұл Қазақстан экономикасындағы дамып келе жатқан салалардың бірі болып отыр. Сақтандыру ісі қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық әдістермен басқару мен реттеудің құралы болып табылады.

Сақтандыру қызметінің бір ерекшелігі ол тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтап қана қоймайды, сонымен бірге елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан да, нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың басыңқы стратегиялық секторларының бірі болып табылады.

Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшіп, нарықтық қатынастардың белең алуымен бірге жеке меншік дамыды, онымен қатар сақтандырудың да рөлі артып отыр, алайда отандық сақтандыру қызметінің халыққа және кәсіпкерлерге көрсетіп отырған сақтандыру қызметтерінің аясы тар, тиімділігі аз болып отырған жайы бар.

Сақтандыру қызметі нарығының жеткіліксіз дамуы сақтандыру компанияларының қолында шоғырланған капиталдың аздығынан, жалпы қазақстандық тұрғындардың сақтандырудың мәдениетінің жетіспеушілігінен, ең бастысы халықтың сақтандыру компанияларына деген сенімділігінің төмендігінен болып отыр. Сондықтан да сақтандыру нарығын дамыту үшін мемлекет тарапынан саланы қолдау мен ынталандыруға қатысты бірқатар экономикалық, қаржылық, әкімгершілік шараларды қабылдау қажеттілігі туындайды.

Қазақстандық нарықтағы сақтандыру компанияларының дамуын тежеуші факторларға сол сияқты ұсынылатын сақтандыру қызметінің аздығы мен олардың бірін-бірі қайталауы, халықтың табыс деңгейінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігінің аздығын жатқызуға болады.

52.Сақтандыру қатынастарының пайда болуындағы тәуекелдің ролі

«Тәуекел» түсінігі күтілетін құбылыстың жағымсыз нәтижесінің болу қауіпін білдіреді. Залал болуының жорамалданған мүмкіндігі. Әрбір нақты тәуекел (мысалы, өрт тәуекелі, сел, жер сілкінісі), ол белгілігі бір оқиғаның болу мүмкіндігімен сипатталады (мысалы, сақтандырылған объектінің өртенуі). Тәуекел дегеніміз – адам қызметінің кез-келген өрісінің объективті құбылысы және көптеген бөлек, жеке тәуекелдер ретінде көрініс табады.

Тәуекелді математикалық жолмен ықтималдықтар теориясын және үлкен сандар заңын пайдалану арқылы нақты өлшеуге болады. Тәуекел өзінің табиғаты бойынша болашақта белгісіз көлемде болуы мүмкін, тиімсіз экономикалық нәтижеге ие, жағымсыз оқиға болып табылады. Тәуекел түсінігі мен залал түсінігі тығыз байланысты. Адам зерттемеген тәуекел ең үлкен залал әкеледі. Тәуекел деңгейі көтеріледі, егер:

- мәселелер кенеттен және күтілімге қарамастан пайда болса;

- коммерциялық ұйымының өткен тәжірибесіне сәйкес емес мақсаттардың қойылуы (рыноктік жағдайларда жұмыс істеу тарихы аз болып табылатын біздің компанияларға аса өзекті);

- қаржылық шығынға әкеліп соғатын (қосымша немесе тұрақты табыс алу қабілетінің төмендеуі), компания басшылығының қажетті және мерзімді шараларды қабылдау мүмкінсіздігі;

- нақты жағдайы бойынша кейбір оптималды шараларды қолдануға, заңнама жүйесінің жеткіліксіздігі немесе компания қызметінің тәртібі.

Тәуекел факторлары және пайда болған залалдың орнын толтыру сақтандырудың қажеттілігін айқындайды.

Тәуекел, мынадай керексіз кездейсоқ нәтижелердің болуымен сипатталады:

- алынған өнім (қызмет) төлемсіз қалған себебінен табылған шығын және табысты жоғалту;

- ресурстік базаның қысқартылуы.

Сонымен қатар тәуекел көлемі төмендеген сайын, үлкен табыс алу мүмкіндігі төмендейді, сондықтан:

- бір жағынан, әр өндіруші өзінің тәуекелін төмендетуге тырысады және бірінші балама шешімдердің ішінде ең төменгі тәуекелді таңдайды;

- екінші жағынан, тәуекел мен іскерлік, табыстылық дәрежесі арасындағы оптималды қатынасты таңдау қажет.

53. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және нормативтік құқықтық базасы. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер: жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін; төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін; өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін; активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.  Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады. Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.