- •1.Сақтандырудың экономикалық мазмұны
- •2.Сақтандыру қаржы нарығы дамуының ажырамас бөлігі ретінде.
- •5. Мемлекеттің резервтік қорлар жүйесіндегі сақтандыру қоры
- •7.Сақтандыру келісімшарты: түсінігі, негізгі элементтері ерекшеліктері мен пайда болу шарттары
- •9.Қр сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.
- •12.Сақтандыру сыйақысы сақтандыру компанияларын қаржыландырудың қайнар көздері ретінде.
- •15. Рентаны сақтандыру түсінігі
- •16. Зейнетақыны сақтандыру – жеке сақтандыру түрі
- •17. Мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық белгілері
- •«Жалпы сақтандыру» саласына кіретін жауапкершілікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.
- •19. Жауапкершілікті сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері: негізгі ерекшеліктері мен жіктеліну белгілері.
- •20. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
- •22.Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
- •23.Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.
- •24. Сақтандырушының қаржылық жағдайын бағалау.
- •25.Қайта сақ-у мен сақ-удың теориялық негіздері мен мәндері
- •26.Қайта сақтандыру сақтандыру операц-ң қаржылық тұрақтылығын нығайтудың әдісі ретінде
- •Сақтандыру маркетингіне жалпы сипаттама
- •28. Шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерде орын алған жағдайларға байланысты жауапкершілікті сақтандыру.
- •29.Несиені төлемегені үшін қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру.
- •30.Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру
- •Сақтандыру негізгі экономикалық категориялардың бірі ретінде
- •32.Әлеуметтік сақтандыру жүйесі
- •33. Сақтандырудың экономикалық табиғаты және қызмет ету аясы
- •34 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ісі
- •35.Сақтандырудағы ақша ағындары
- •36.Әлемдік сақтандыру нарығының сипаттамасы
- •37.Отандық сақтандыру саласының даму тарихы
- •38. Қазақстанның сақтандыру нарығы: негізгі даму перспективалары
- •39. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының тарихы және қазіргі кездегіжағдайы
- •40.Отандық сақтандыру нарығының дамуының негізгі мәселелері
- •41.Сақтандыру нарығынлағы негізгі қатысушылары
- •42.Сақтандыру нарығындағы бәсекелестік
- •44.Институционалды инвестордың қызметі, сақтандыру компаниясының негізгі және перспективалық қызметі ретінде
- •45.Әлемдік тәжірибедегі сақтандыру компанияларының негізгі типтері
- •46.Дамыған мемлекеттердегі сақтандыру нарығының ерекшеліктері
- •47.Зейнетақылық аннуитет зейнетақы қорына балама ретінде
- •48.Сақтандырудың сақтық қорғау обьектісі тұрғысынан негізгі сыныптамасы: саласы, сыныптары, түрлері
- •50.Сақтандыру компанияларының қаржысы
- •51.Нарықтық экономикадағы сақтандырудың орны мен ролі
- •52.Сақтандыру қатынастарының пайда болуындағы тәуекелдің ролі
- •54.Қазақстандағы өмірді сақтандыру жүйесі
- •55.Сақтандырудың табиғаты мен қажеттілігі
- •56.Мүліктік және жеке сақтандырудың ерекшеліктері
- •58.Сақтандыру нарығының субьектілері
- •59.Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі сақтандыру
- •60.Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
- •Сақтандырудың экономикалық мазмұны.
37.Отандық сақтандыру саласының даму тарихы
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 жетті. Әрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды. ҚР президентінің 1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастыру – құқықтық шаралар туралы» жарлығы сақтандыру ісін мемлекеттік қадағалау жүйесін енгізу құқығын берді. Қаржы министрлігі құрамында Сақтандыруды қадағалау департаменті құрылды. 1994-1998 жылдары «Сақтандыру туралы» жаңа заң қабылданды және көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Республикадағы сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді. 1998 жылдан 2004 жылға дейін «Пруденциалды нормативтер мен орындалуы міндетті басқа норма мен лимиттер», «Сақтандыру туралы» тағы бір заң, және де 2002 жылға дейінгі Қазақстан сақтандыру нарығын дамытудың жаңа мемлекеттік тұжырымдамасы енгізілді. 2004 жылы 6 қаңтарда «ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Президенттің жарлығына сәйкес ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі (ҚҚА) құрылды. Агенттікке Сақтандыру нарығындағы әрекеттерді қадағалау мен реттеу тапсырылды. Бүгінде республикамыздағы сақтандыру өрісін 44 ұйым құрайды, соның ішінде өмірді сақтандыру әрекетін жүзеге асыру лицензиясына тек 8 ұйым ғана ие. Сондай ақ сақтандыру қызметтері нарығында 12 сақтандыру брокері мен 56 актуарий өз әрекеттін жүзеге асырады. 2008 жылы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 2007 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 23,4%-ға артты және 01.01.2009 ж. 5,8 млрд. теңгеге жетті, ал жиынтық сақтандыру сыйақыларындағы өмірді сақтандырудың үлесі 4,3% (2008 жылдың 1 қаңтарында 3,2% құраған) құрады. Сақтандыруға қатысты қырағылық факторы баяу тарауды: қазақстандықтардың бесеуінің біреуін де ғана сақтандыру полисі бар. Сақтандыруұйымдарыүшінбұлпринципиалдымәселе.
38. Қазақстанның сақтандыру нарығы: негізгі даму перспективалары
Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс практикасына айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық жағдайына қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру компаниясы жұмыс атқаруда, олардың ішінде 14 компанияның кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар. Кез-келген кәсіпорын өз жұмысын жүзеге асыру барысында қандай-да бір кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай отырып, кәсіпорын өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады.Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері бар.ҚР АК-нің 810-бабына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартымен тек сақтанушы өз кәсіпкерлік тәуекелін және өз пайдасын ғана сақтандыра алады.Кәсіпорынды тәуекелден қауіпсіздендірудің бір тәсілі – сақтандыру бағдарламасын қалыптастыру. Ол үшін компания қызметін талдап, оған сипатты тәуекелдерді анықтап алу керек. Олар өз кезегінде компания шешуге дайын тәуекел және міндетті түрде сақтандырылатын тәуекелдерге бөлінеді.Көп жағдайда сақтандыру бағдарламасы мыналарды сақтандырады:құрылыс-монтаждық, іске қосып реттейтін тәуекелдерді және кепілді міндеттемелерді;мүліктерді;құрылғыларды бүлінуден;азаматтық жауапкершіліктерді;жетекші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын. Өз кезегінде, кәсіпкерлік тәуекел сақтандырудың мынадай әдістерін қолдана отырып, тоқтатылуы немесе төмендеуі мүмкін.1.Кәсіпорынды бос тұрып қалудан сақтандыру есебінен.Сақтандырудың бұл түрі әр түрлі сақтандыру жағдайларынан тууы ықтимал шығындарды: коммерциялық факторларды, саяси факторларды, табиғи факторларды жабады. Сақтандырудың басқа да жағдайларына жаңа технологияларды енгізу, қарсы агенттер тарапынан қаржылық міндеттемелерді орындамау салдарынан шығынға ұшыраған табыс жатуы мүмкін. Мұндай жағдайларда табыстың шығындалмауын сақтандыру ала алмаған табыстың өтемақысын, сондай-ақ сақтандырушы фирманың ағымдық шығыстарын және оның табысты төмендету шараларына байланысты қосымша шығындарын қарастырады.
