Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
24.18 Кб
Скачать

6-билет

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.

1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жеке меншікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының қалыптасуына бағытталды.

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.

2.Кәсіпорын капиталы-ның үлесін сату (акцияларды)

3.Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

  2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

Ұзақ мерзімді  кезеңдегі шығындар 

    Ұзақ  мерзімді кезеңде шығындардың қисық  сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері  үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының  графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа  мерзімді шекті шығындардың қисық  сызықтарына сәйкес салынады.   

    Ұзақ мерзімді кезеңде орташа шығындардың шамасы Q3 өндіріс көлеміне дейін түсіп, сонан соң өседі. Бұл ауқым әсерінің әрекетімен түсіндіріледі: алдында өндірістің кеңеюі дайын өнімдердің көбею қарқынына шығындардың өсу қарқынынан асып түсуіне жағдай жасайды (оңды ауқым әсері), сонан соң – керісінше (кері ауқым әсері). АС төмендеген өндіріс көлемі тиімді екені, АС өскенде – тиімсіз екені және АС азайғанда (Q3) – ең тиімді (нәтижелі) екені сөзсіз. Орташа шығындардың ең аз (шамалы) мағынасына сәйкес нүкте олардың шекті шығындар қисық сызықтарымен қиылысу нүктесі болып табылады (яғни LRAC = LRMC болған нүктесі). 

    Сонымен бірге өндірістің тиімді көлемін  іздеу мәселесі ауқым әсері мәселесімен  ғана шектелмейді. Ауқым әсерімен қатар  фирма өніміне деген сұраныс  екінші маңызды фактор ретінде болып  келеді. Q1 тең сұраныс тек қана шағын фирманың АС1 тең шығындарын жабады; ірі фирмалардың АС2,, АС3 тең шығындары Q1 сұранысы үшін өте көп (үлкен). АС2 тең шығындарының мөлшері бар орташа кәсіпорын үшін Q2 тең сұраныс ең оңтайлысы. Q3 сұранысы үшін ірі фирма қажет, себебі тек қана сол шығару көлемінің тиісті сұранысы үшін АС3 ең аз шығынын қамтамасыз етеді. 

3. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.

Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.

Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

  1. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

    1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

    2. Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

    3. Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

    4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

  1. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

    1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

    2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

    3. Постиндустриалдық жүйе- бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Меншік қатынастарының формалары бойынша әр жүйеге төмендегідей қысқаша сипаттама беруге болады.