
- •1) Тқн пән ретінде міндеттері,пәнді зерттейтін сұрақтар:
- •2) Қр төтенше жағдайлардың қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуі:
- •Қоршаған ортаның факторларының бөлінуі
- •Апаттар түрлері
- •Өндірістік факторлар және адам денсаулығына әсері
- •Өндірістік факторлардың жіктелуі
- •4) Адам ағзасына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторлар:
- •5) Литосферадағы табиғи апаттың түрлері.Зақымдаушы факторлары және негізгі алдын алу шаралары
- •6. Атмосферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары.
- •7. Гидросферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары
- •8. Жер сілкінісінің жіктелуі, зақымдаушы факторлары, жер сілкінісін шығаратын көріністер
- •9. Жанартаулар жіктелуі, зақымдаушы факторлары, көріністер.
- •10. Тасқын себептері. Тасқынның алдын алу шаралары.
- •11.Қар көшкіндері. Көшкінге қарсы және алдын алу шаралары
- •13.Цунами жаршысы алдын алу шаралары.
- •15.Дауылдар. Дауыл жаршылары алдын алу себептері.
- •16,Өндірістік жіне транспорттық апатта,алдын алу шаралары
- •17, «Адам –машина –өндірістік орта»желісіндегі қауіпсіздік орта
- •18,Үй адамның мекен ортасы ретіндегі,адамның мекен ортасының қаупі.
8. Жер сілкінісінің жіктелуі, зақымдаушы факторлары, жер сілкінісін шығаратын көріністер
Жер сілкінісі табиғаттың ең қауіпті және қатты қирауды туғызатын көрінісі. Ол жер қабаттарындағы тектоникалық қысымның нәтижесінде пайда болатын жердің шайқалуы.
Жер шарында жыл сайын 100 мыңға дейін жер сілкіністері болады, бирақ олардың көбі тек арнайы құрал- сейсмографтың көмегімен тіркелетін әлсіз жер сілкіністері. Алматы мен Акмола облыстарында сейсмографтар жыл сайын жер қыртысының 400-ге жуық жер шайқалуын тіркейді. Жер сілкінісі жер қыртысында немесе мантияның жоғарғы қабатында болады.
Жер сілкінісінің бірнеше түрі белгілі.
Тектоникалық жер сілкінісі- жанар таулардың жанында, олардың тіршілік қызметіөршігенде, магманың жанар тау арықтары арқылы қозғалуы әсерінен болады.
Техногенді жер сілкінісі- адамның іс әрекеті нәтижесінде, мұнай, газ, жер асты суларын сорғанда, су сақтайтын орынды соққанда және күшті жарылыстарда пайда болады.
Жер сілкінісінің сипаттамасы
Жер сілкінісінің негізгі көрсеткіштері:
1) гипоцентр- жер с3лк3н3с3 басталатын жердің тереңдігі, ол жер астында 30кмден 750кмге дейінгі тереңдікте орналасуы мүмкін.
2) эпицентр- гипоцентрдің жер қыртысындағы көшірмесі.
3) жер сілкінісі кезінде тербелістердің ұзақтығы орташа 2-ден 5 секундқа дейін, ал қатты тербелісте 20-90 секундқа жетеді
4) сейсмикалық энергия
5) жер сілкінісінің интенсивтілігі
Сейсмикалық энергия деп гипцентрден сейсмикалық толқын ретінде бөлінетін энергияны айтады.
Магнитуда- жер сілкінісі дүмпулерініңи сейсмикалық қуатымен сипатталатын өлшем.
Қазақстанның сейсмолық тұрғыдан қауіпті аймақтарында келесі облыстар орналасқан:
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы облысы
Жамбыл облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Сейсмкалық жағдайлар- қатты жер сілкінісінің индикаторы, әртүрлі магнитудадағы жер сілкінісінің саны мен орналасуы.
Геомагнитизм- жер қыртысының қозғалысы және таулы аймақтың деформациясы жердің магниттік алаңына байланысты өзгереді.
Жер сілкінісі зардабынан қорғау шаралары алдын ала атқарылатын шаралар және жер сілкінісі кезіндегі шаралар болып бөлінеді.
Алдын ала қорғау шараларына жатады:
Сейсмотұрақты құрылыстар, ғимараттар тұрғызу
Құтқару және зардаптың алдын алу қызметін дайындау
Жоғары қауіп көздерін залалсыздандыру
Әр үйде азық түлік пен су қоры 3-5 тәулікке жететіндей болуы, алғашқы медициналық көмек қобдишасы әрдайым болуы
Халықты жер сілкінісі кезіндегі атқаратын іс әрекет ережелеріне үйрету
Уақытында ғимаратты тастап шығу
Ғимараттан шығып үлгермегенде қауіпсіз жерге жасырыну, оларға ішкі капитальді қабырғаның бұрыштары, есіктер мен қабырғаның арасы жатады.
Лифтіні пайдаланбау
Газды, электрді, отты дереу сөндіру
Алғашқы сілкініс басыла салысымен ғимаратты тастап шығу
Көлікпен келе жатқанда, көлікті шұғыл түрде тоқтатып, толқын басылғанша тоса тұру
9. Жанартаулар жіктелуі, зақымдаушы факторлары, көріністер.
Жанар таулардың атқылауы- жер қыртысындаағы магманың оның беткейіне ығысуын вулканизм деп атайды.
Жанар таулар әрекетіне байланысты сөнген және сөнбеген болып бөлінеді.
Сөнбеген жанар таулар- олардың атқылауы туралы мәлімет жоқ, алайда олар өзінің қалпын сақтаған және олардың астында жергілікті жер сілкіністері болады.
Сөнген- бұл вулкандық белсенділігі жоқ әртүрлі жанар таулар. Магниттік ошақтар мантияда 50-70 км тереңдікте немесе жер қыртысында 5-6 км тереңдікте болады.
Жанар таулардың атқылауы ұзақ және қысқа мерзімді болады. Атқылау өнімдері ұзақ қашықтыққа шашырайды. Жанар тау күлінің концентрациясы өте жоғары, соның салдарынан айналаны түн тәрізді қараңғылық басады. Төгілген лаваның көлемі ондаған кмге дейін жетеді.
Атқылаудың келесі түрлері бар: эффузиялық(гавайының), аралас(стромболикалық), экспрузиялық(күмбезді). Вулканның атқылауы мен жер сілкінісі арасында тығыз байланыс бар.
Вулканның негізгі болжамы: атқылаудың басталуын сипаттайтын сейсмикалық дүмпулер.
Негізгі қауіптер: лавалық атқылаулар, ыстық лава ағысы, бөлінген газдар. Вулкан жарылысының сырғуы, көшкіндер, теңіз және мұхиттарда цунами тудыруы мүмкін.