Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1178_N_emtikhan.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
256.45 Кб
Скачать

1) Тқн пән ретінде міндеттері,пәнді зерттейтін сұрақтар:

Тіршілік қауіпсіздігі – денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау, адамды әр түрлі қауіптен және зиянды факторлардан сақтау туралы ғылым саласы.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні:адамды әртүрлі қауіптен және зиянды факторлардан қорғау жөніндегі пәне болып табылады.

Бұл тәртіп келесі негізгі мақсаттарды орындайды:

- тіршілік ету ортасында жағымсыз әсерлерді анықтау (тану және сандық баға);

- қауіптен қорғау немесе адамға жағымсыз факторлардың әсерін болжау;

- қауіпті және зиянды факторлар (кері) әсерінің кері нәтижелерін жою;

- адамға қолайлы тіршілік ортасын құру.

-ТЖ ошағында құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және атқару,санитарлы гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

-ТЖ кезінде мекеме ,ұжым, әртүрлі ұйымдарда атқарылатын АҚ жұмысын ұцымдастыру

-ТЖ кезінде халықтың,мекемелер мен құрылымдардың қимыл әрекетін реттеу

-Негізгі медициналық шараларды ұйымдастыру

Қауіпсіздік – (өте жоғары қауіптің жоқтығы) – қауіпсіз кәсіп немесе тіршілікте өте жоғарғы қауіптің жоқтығы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жарғысында: “Денсаулық – бұл аурудың және физикалық ақаудың болмауы ғана емес, толық физикалық ақаудың болмауы ғана емес,адамның физикалық, рухани, әлеуметтік амандығы”, - деп жазылған іс - әрекет құрамына мақсатталған өзгерістер мен қайта құрулар кіретін – адамның қоршаған ортаға арнайы белсенді талпынысы. Кез келген іс - әрекетте мақсаты, мүліктері, нәтижесі және әрекет ету үрдісі болады. Әрекет ету формалары көп түрлі. Оған тұрмыста, қоғамда, мәдени, еңбек, ғылыми, оқу және өмірдің басқа да орталарына тәжірибелік, интеллектуалдық, рухани үрдістер кіреді.

Денсаулық – аурудың жоқтығымен және қоршаған ортамен тепе – теңдіктің сақталуымен сипатталатын адамның табиғи жағдайы.

Қауіпті идентификациялау – қауіпті сезу, оның болатын себебін, уақытын, әрекетін, көлемін және әкелетін әсерін анықтау.

Қауіп – белгілі жағдайда адам денсаулығына зиян келтіретін заттар, құбылыс, үрдіс, кешен.

Себеп – құбылыстың алдында болатын не болмаса басқа құбылысты туғызатын әрекет не құбылыс.

Іс - әрекет жағдайы – тіршілік ортасында адамға әсерін тигізетін факторлардың жиынтығы.

Денсаулыққа зиян келу – ауру, жарақаттану, соңында өлім, мүгедектік болуы мүмкін.

Қауіп – адам өміріне және денсаулығына зиян келтіретін кез – келген құбылыс, тіршілік қауіпсіздігіндегі негізгі ұғым. Құрамында энергиялық, химиялық биологиялық белсенді компоненттері бар жүйелер, адам тіршілігіне сәйкес емес жағдайлар өзінде қауіп – қатер сақтайды.

Қауіп – қатер потенциалды болып қаралады. Қауіптің өзектілігі белгілі себепте, белгілі жағдайларда көрінеді.

Қауіпті анықтайтын себептер: өмірге қауіп, денсаулыққа зиян келтіру мүмкіншілігі; адамның жүйелері мен мүшелерінің қалыпты қызметінің бұзылыстары.

Қауіп – салыстырмалы түсінік болып табылады.

шаруашылық объектісі – өндірісте, ауыл шаруашылығында, және қоғамның әртүрлі саласында қолданылатын ғимараттар,құрылыстар

Ғылыми – техниканың дамуы адамның денсаулығына, өміріне, қоршаған ортаға қауіпті әсер етеді.

Тіршілік қауіпсіздігінің интегральды көрсеткіші-өмір ұзақтылығы болып табылады. Антропогенездің ерте кезең дерінде өмір ұзақтығы 25 жасты құрады. Қауіп адамға жиі табиғи сипатта әсер етті:климаттық әсерлер,ақуыздық тамақтанудың төмен деңгейдейде болуы т.б

Өркениетің дамуына қарай техника, экономика, ауыл шаруашылықты индустриализациясы , ядролық қаруларды жасап шығару, машина өндірісі, механикалық, әр түрлі тыңайтқыш қолдану, зиянкестермен күресу шараларының бәрі , адамға теріс әсер ететін зиянды фактордың, санын көбейтеді. Адам тіршілігін қамтамасыз етуіне негізгі элемент болып осы факторды қорғау болып табылады.

Адам популяциясында экономиканы дамытумен қатар, әлеуметтік – экономикалық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырды. Зиянды әсерлердің өсуінен, адамның қауіпсіздік дәрежесі өсіп отыр. Қазіргі кезде дамыған елдерде адам өмірінің орташа ұзақтығы 65 жыл. Адамдар табиғат заңдылықтарын толық меңгерместен, жаңа технологиярды жасау арқылы,жасанды өмір сүру ортасы –техносфераны пайда етті.. Адамның рухани және мәдени дамуы, ғылыми – техникалық прогресстен қалатындығын ескеретін болсақ,осы жағдай адамның өміріне және денсаулығына айқын зардап туғызады. ДДҰ мәліметі бойынша бақытсыз жағдайлар өлімі жүрек – тамыр және қатерлі ісік ауруларынан кейін 3ші орынды алады. Кездей соқ жағдайлардан жас, еңбекке қабілетті адамдар қайтыс болады: 2 ден 41 жас аралық адамдардың қайтыс болу себебі негізі жарақаттану. Бұл адам өмірінің жұмыс бабы мен ортасының жоғарғы қауіптілігіне байланысты.

Физиканың заңдарына сәйкес, адамның қоршаған ортаға ықпалы, оның барлық компоненттерінің қарама-қарсы жауаптарын шақырады. Адам организімі осындай және басқа да әсерлерді ауырусыз көтере алады, бірақ олар адаптация шегінен шықпайынша.

Тіршілік қауыпсіздігі қарастырады:

- тұрмыстағы қауіпсіздікті;

- қалалық ортада өмір сүрудің қауіпсіздігі (селитебті аймақ);

- қоршаған ортадағы қауіпсіздік;

- бейбітшілік және әскери кездегі төтенше жағдайлар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]