Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдана диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
760.9 Кб
Скачать

1.3 Натрий бораттары және олардың қолданылуы

Натрий бораттарының ішінде ең маңыздысы, халық шаруашылығанда көп қолданылатыны натрий тетрабораты Na2B4O7 болып табылады. Оның дека -, пента -, тетра -, ди -, моногидрат және сусыз тұз түрлері болады. (1-кесте)

Декагидрат натрий тетрабораты Na2B4O7 10H2O (бура минералы немесе тинкал) немесе Na2[B4O5(OH4)] 8H2O сутектік байланыстың әсерінен тізбектеліп қосылған аниондардан тұрады.

Тізбектің араларында натрий иондары және су молекулалары орналасады. Олар өз кезегінде бір-бірімен иондардың тартылыс күшімен және сутек иондарымен байланысады.

Декагидрат натрий тетрабораты құрғақ ауада желдетілінеді. Балқу температурасы 60,8oC. Ауада қыздыру барысында декагидрат құрылымы Na2[B4O5(OH4)] 3H2O түрінде болатын метатұрақты пентагидратқа Na2B4O7 5H2O (тинкалконит минералы)айналады. Пентагидрат гигроскопты, ауадағы ылғалды жұту барысында декагидратқа, ал 136oC дейін қыздырған кезде тетрагидратқа Na2B4O7 4H2O (кернит минералы) айналады. Тетрагидраттың құрылымы келесідей болады: Na2[B4O6(OH2)] 3H2O. Сулы ерітінділерден ол 60oC -тен жоғары температурада кристаллизацияланады. Температураны 161oC дейін көтерген кезде тетрагидрат құрылымы Na2[B4O5(OH4)] түрінде болатын дигидратқа (метакернит минералы) ауысады. Ал 260oC болғанда аморфты моногидрат түзіліп, температураны 380oC дейін ары қарай көтергенде сол сол аморфты моногидрат сусыз шыны тәріздес натрий тетраборатына Na2B4O7 айналады.

Сусыз натрий тетрабораты Na2B4O7 метатұрақты және модификацияларға ие. Олардың балқу температуралары сәйкесінше 664 және 710оC, қайнау температуралары 1575оC. Суыту процесі кезінде балқыма тығыздығы 2.76 г/см3 болатын шынылар түзеді. Су буының қатысында HBO2 NaBO2 қоспасы түрінде буланады. Бура балқымасы металл оксидтерін оңай ерітеді. Суда ерігіштігі 3.1% (25oC), 9.5% (50oC). Натрий тетраборатының сулы ерітінділері буферлі қасиеттерге ие. 25oC кезінде этанолдағы ерігіштігі-0.05%, ацетонда-0.006%, глицерин мен диэтил эфирінде ерімейді, ал метанолмен борорганикалық қосылыстар түзеді.

Өндірістік жағдайларда натрий тетраборатын табиғи бураны қайта кристалдау арқылы немесе табиғи бораттардың, соның ішінде боронатрийкальцит, ашарит және т.б бораттарды натрий карбонаты, гидрокарбонаты қоспасымен әрекеттестіру арқылы алады. Бұрынғы Вавилон мен Египетте бураны шыны жасауда,алтынның пайкасында қолданған.

1-кесте. Натрий тетрабораты және оның кристаллогидраттарының қасиеттері

Көрсеткіш

- Na2B4O7

Na2B4O7 10H2O

Na2B4O7 5H2O

Na2B4O7 4H2O

Сингония

Тор пара - метрлері, нм:

a

b

c

, град

, град

, град

Кеңістік тобы

Тығыздығы, г/см3

Триклинді

0,65445

1,058

1,04855

93,279

94,870

90,843

P1

2,279

1,471

1,493

1,528

Моноклинді

1,18790

1,06440

1,22012

-

108,617

-

C2/c

1,705

1,446

1,468

1,472

Тригональді

1,109

-

2,107

-

-

-

R32

1,88

1,401

-

1,474

Моноклинді

0,70172

0,91582

1,56774

-

108,861

-

1,903

1,445

1,473

1,488

сәйкесінше кіші, орташа, жоғары сыну көрсеткіштері

2-кесте. Натрий бораттарының құрамдық мөлшері

Натрий бораттарының химиялық атауы

Химиялық формуласы

Құрамындағы компоненттер мөлшері, %

B2O3

Na2O

H2O

декагидраттетраборат

Na2B4O7 10H2O

36,5

16,3

47,2

пентагидраттетраборат

Na2B4O7 5H2O

47,8

21,3

30,9

тетрагидраттетраборат

Na2B4O7 4H2O

50,9

22,7

26,4

Дигидраттетраборат

Na2B4O7 2H2O

58,82

26,05

15,13

моногидраттетраборат

Na2B4O7 H2O

63,64

28,18

8,18

Дигидраттриборат

Na2B3O5 2H2O

68,18

20,13

11,68

пентагидратпентаборат

Na2B5O8 5H2O

71,14

12,6

16,26

гептагидратдекаборат

Na2B10O17 7H2O

58,33

20,66

21

Натрий пербораты-формуласы Na2[B2(O2)2(OH)4] 6H2O болатын комплексті қосылыс. Натрий бораттарының осы түрі ақ түсті кристаллды ұнтақ тұрінде болады. Балқу температурасы 65 oC, тығыздығы 1731 кг/м3. Герметикалық қорапта бөлме температурасында бір жыл бойы сақтаса белсенді оттектің тек 0,1% -ын жоғалтады. Фосфор ангидриді немесе концентрлі күкірт қышқылымен кептіру процесінде натрий пербораты үш молекула суын жоғалтып, құрамында 16% активті оттек бар Na2BO2 H2O2 қосылысын түзеді. Ол жарылыс түзіп ыдырауы мүмкін. Ары қарай сусыздандырса NaBO2 H2O2

NaBO2 xH2O [(NaBO2)2O2] комплексті қосылысының қоспасын түзеді. Бұл қоспа оттек бөле отырып сумен жақсы әрекеттеседі және натрий метаборатын түзеді.

Натрий перборатын 30%-дық сутек пероксидімен төмен температурада буландырғын кезде төрт молекулалы сутек пероксиді бар қосылыс алынған.

Натрий перборатының судағы ерігіштігі айтарлықтай аз болып келеді. 100г суда 20oС температурада шамамен 2г, ал 38оС-та шамамен 3г ериді. Натрий пербораты суда еріген кезде сутек пероксидін түзе отырып гидролизденеді:

NaBO2 H2O2 3H2O NaBO2+H2O2+3H2O

Нарий перборатының сулы ерітіндісін 50-60oC дейін қыздырған кезде оттек айтарлықтай жылдамдықпен бөлінсе, 100oC температурада өте үлкен жылдамдықпен бөлінеді.

Сусыз кристалды метаборатта циклді үшборатты топтар анықталған. Натрий пербораты ағартқыш, тотықтырғыш және синтетикалық жуғыш заттардың басты компоненті ретінде кеңінен қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]