Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_Konfliktuyuschaya_kopia_s_kompyutera_y...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі

Тамақтың калькуляциясы - тамақтың өзіндік құнының есептеу, кәсіпорынның азықтық ақшалы пішінде өндіріс және өнімнің нақты көрінісінің бірлігінің жүзеге асуы.

« Туран» мейрамханасындағы калькуляциясы келесі тәртіпте жүргізіледі.

  • тамақты менюге карап калькуляциясын құру;

  • тамақтың бір түріне қанша шикізат кететіндігін бағалау;

Калькуляция карточкалары арнаулы тізілімде тіркеледі, соған байланысты сату бағасын тіркейді.

Компанияда калькуляциялау бірнеше сағаттарға созылу мүмкін. Бір азық-түліктің құрамының өзгеруі, калькуляцияны қайта есептеуді қажет етеді. Ол бірнеше калькуляциялық карточкаларды қайттан қарауға әкеп соғады.

Біріншіден, тамақтағы қайсібір элементінің өзгеруі ассортименттегі осындай элементі бар тағамдардың бағалары да өзгереді.

Барлық есептер компьютермен өздігінен-өзі орындалады, бір рет тауардың тізбесін қоймаға енгізіп, калькуляциясын белгілесек, содан кейін оңайырақ сталыған тағамдарды сату журналында тіркеп қана отырады.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.

Өнімді сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебі өнімді сатуға жұмсалған шығындар тізімдемесінде, яғни кәсіпорын бекіткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргізеді.

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын талдау шығындарды басқару жүйесінде үлкен мәнге ие. Ол берілген көрсеткіштің өзгеру тенденцияларын анықтауға, оның деңгейі бойынша жоспардың орындалуына, оның өсіміне факторлардың әсерін анықтауға, өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін қолдану бойынша резервтерді анықтауға және кәсіпорынның жұмысына баға беруге көмектеседі.

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын талдаудың объектілері болып келесі көрсеткіштер табылады: 1) өнімнің бүкіл және шығындардың элементтері бойынша толық өзіндік құны; 2) өндірілген өнімнің 1 тг шаққандағы шығындар; 3) жекелеген бұйымдардың өзіндік құны; 4) шығындардың жекелеген баптары; 5) жауапкершілік орталықтары.

Өнімнің өзіндік құнын талдау үшін ақпараттың негізгі көзі статитикалық есептіліктің мәліметтері болып табылады, ү. №5-ш «Кәсіпорынның (ұйымның) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру мен өткізуге жұмсайтын шығындары туралы есеп» немесе ү.№2-ШК «Шағын кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері», өнімнің өзіндік құнының жоспарлы және есептік калькуляциясы, негізгі және көмекші өндірістер бойынша шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебінің мәліметтері және т.б.

Өнімнің өзіндік құнын талдаудың негізгі кезеңі өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге жұмсалатын шығындардың құрамы мен құрылымы болып табылады ол аналитикалық 3.4-кестеде келтірілген.

Кестенің мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар есептік жылы өткен жылдың нақты шығындарынан 7560,0 мың тг (42840,0–35280,0) асып отыр. Нақты шығындардың құрылымында ең үлкен үлес салмағы материалдық шығындарға келеді: 2008ж. олардың үлес салмағы 72,8 %-ды құрайды, 2009ж. олар 72,8 %-ға өсті, олардың үлес салмағы ұлғайды және 72,9 %-ды құрады. Шығындардың құрамында еңбек ақының үлесі 2009ж. өткен жылмен салыстырғанда 14,6 %-дан 14,5 %-ға дейін төмендеді, бірақ сомалай түрде олар 1060,0 мың тг өсті.

Шығындардың 7560,0 мың тг өсуі шығындардың барлық баптары бойынша өсуінен болып отыр.

3.4-кесте

Өндірістік шығындардың құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

Іс жүзінде

Ауытқу (+,-)

2008ж.

2009ж.

мың тг

үл. сал., %

мың тг

үл. сал., %

1. Материалдық шығындар

25680,0

72,8

31210,0

72,9

+5530,0

2. Негізгі құралдардың тозуы

1500,0

4,2

750,0

1,7

-750,0

3. Еңбек ақы шығындары

5140,0

14,6

6200,0

14,5

+1060,0

4. Басқа да шығындар

2960,0

8,4

4680,0

10,9

+1720,0

Барлығы

35280,0

100,0

42840,0

100,0

+7560,0

Өнімнің өзіндік құнында ең үлкен үлес салмағын материалдық шығындар алып отыр, сондықтан өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге жұмсалатын материалдық шығындардың құрамы мен құрылымын талдаймыз (3.5-кесте).

3.5-кестенің мәліметтерінен материалдық шығындардың құрамында ең үлкен үлес салмағы отынға келетіндігі байқалады: 2008ж. олар 59,0 %-ды, ал 2009ж. 65,5 %-ды құрады, яғни олардың үлес салмағының 6,5 %-ға (65,5 % – 59,0 %) ұлғайғандығы көрініп тұр.

Материалдық шығындардың құрамында отынның мұндай үлес салмағы «Нурислам-Сервис» ЖШС өндірісінің ерекшелігімен (арнайы бағытымен) түсіндіріледі: тағамдарды дайындау үдерісінде отынның үлкен көлемі тұтынылады. Материалдық шығындардың құрамында ең төмен үлес салмағы табиғи шикізатты пайдаланғаны үшін төлемге келеді, ол есептік жылы 0,2 %-ды құрады.

Өнімнің өзіндік құнында ең үлкен үлес салмағын материалдық шығындар алып отыр, сондықтан өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге жұмсалатын материалдық шығындардың құрамы мен құрылымын талдаймыз (3.5-кесте).

3.5-кесте

Материалдық шығындардың құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер

2008ж.

2009ж.

Ауытқу (+,-)

мың тг

үл. сал., %

мың тг

үл. сал., %

Материалдық шығындар, барлығы

25680,0

100,0

31210,0

100,0

+5530,0

соның ішінде:

- шикізат пен материалдар

9900,0

38,6

10100,0

32,3

+200,0

- отын

15150,0

59,0

20440,0

65,5

+5290,0

- энергия

600,0

2,3

630,0

2,0

+30,0

- табиғи шикізатты пайдаланғаны үшін төлем

30,0

0,1

40,0

0,2

+10,0

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының маңызды жалпылаушы көрсеткіші өндірілген және өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) 1 тг шаққандағы шығындар болып табылады (3.6-кесте), олар көрнекі түрде өзіндік құн мен пайданың арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Бұл көрсеткіш өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындардың жалпы сомасының өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстың құнына қатынасы ретінде анықталады.

3.6-кестеден көріп отырғанымыздай, өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) 1 тг шаққандағы шығындар алдыңғы жылы есептік жылмен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалды (0,75 тг).

Ал өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы материалдық шығындар есептік жылы + 0,01 тг өсті. Бұл өсу 571,2 мың тг (57120,0 * 0,01) көлемінде табыстың кемуіне немесе өзіндік құнның өсуіне әкеп соқтырды.

3.6-кесте

Өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы шығындарды бағалау

Көрсеткіштер

Өлш.

бірл.

Іс жүзінде

Ауытқу (+,-)

2008ж.

2009ж.

1.

Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс

мың тг

47040,0

57120,0

+10080,0

2.

Өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны

мың тг

35280,0

42840,0

+7560,0

соның ішінде:

– материалдық шығындар

мың тг

25680,0

31210,0

+5530,0

3.

Өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы шығындар (2:1)

тг

0,75

0,75

соның ішінде:

– материалдық шығындар

тг

0,54

0,55

+0,01

«Нурислам-Сервис» ЖШС-не өзіндік құнды төмендетудің резервтерін іздестіру қажет.

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын төмендету резервтерінің негізгі көзі болып табылатындар:

1) кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анағұрлым толық пайдаланудың есебінен өнімнің өндіріс көлемін арттыру;

2) өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды қысқарту, оған:

- еңбек өнімділігінің деңгейін арттырудың;

- шикізатты, материалдарды, электр қуатын, отынды, жабдықтарды үнемді пайдаланудың есебінен қол жеткізуге болады.

    1. Табыс пен шығын есебі және аудиті

Табыс- бұл есепті кезеңде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Негізгі және көмекші қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы – материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуға мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасы сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде,тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу,шығындық алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайда сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда яғни бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенім білдіреді.

Табыс бухгалтерлік есеп шоттарында 6-бөлімде көрсетіледі

6010- өнімді өткізуден, кызмет көрсетуден түскен түсім

6110- қаржыландырудан түскен түсім

6210- басқа да кірістер

6310- қысқарылатын қызметпен байланысты кірістер

6410- үлестік қатысу әдісі бойынша кірістер

Төмендегі 12, 13 кестелерде «Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорынының есепті кезеңнің табыстары мен шығыстары көрсетілген.

Кесте 12

«Нурислам-Сервис» ЖШС-нің есепті кезеңнің табыстары, мың.тг

Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

ауытқу

Тауарлар мен қызметтерді өткізуден түскен табыс

48363

116409

68046

Қаржыландырудан түскен табыс

1507

0

1507

Басқа да табыстар

14945

31275

-16330

Жалпы табыс

42921

100342

57421

Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

12 кесте бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: кәсіпорын 2010 жылы өнімді сатудан түскен табыс мөлшерін 68046 мың теңгеге жоғарылатты, ол жоспарды құру кезінде өнімнің жоғарырақ бағалары мен сатудың үлкен көлемдерін есепке алғанымен байланысты. Қаржыландырудан түскен табыс өзгеріссіз қалды, ал басқа да табыстар 16330 теңгеге төмендеді. Ал жалпы табыстар бойынша 2011 жылы табыс көлемі 57421 теңгеге артты.

Кесте 13

«Шим-шак НС» ЖШС-нің есепті кезеннің шығындары, мың.тг

Көрсеткіштері

2010 жыл

2011 жыл

ауытқу

Әкімшілік шығындар

4651

14525

9874

Шаруашылық шығындар

4596

10216

5620

Басқа да шығындар

36396

365988

329592

Жиынтығы

184250

529884

345634

Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

Есепті жылда жұмыс күшінің азаюы мен қызмет көрсету көлемінің артуына байланысты, сәйкесінше кезең шығындары да артты, 2010 жылы –жалпы шығын 184250 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 529884 теңгеге артты.

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономи-калық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдолан-ған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д = Д - Р (1)

Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

Д - жалпы табыс;

Р - кезең шығындары.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффи-циенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Шығыстар – бұл активтердің шығуы немесе басқа да пайдаланылуы, сондай-ақ тауарларды жабдықтау немесе өндіру, қызметтер көрсету және кәсіпорын қызметінің тұрақты негізі немесе басты түрлерін құрайтын басқа да түрлерін іске асыру нәтижесінде міндеттерінің пайда болуы.

Шығындар есебі бухгалтерлік есеп типтік шоттар жоспарының 7 Шағындар бөлімінде жүргізіледі.

7110- өнімді өткізу бойынша шығындар

7210- әкімшілік шығындар

7310- сыйақы бойынша шығыстар

Шығыстар өнімді өндіруге кеткен шығыстардан болады және олар өндіріс көлемінде тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық жүргізуші субъект, еш нәрсе өндірілмесе де белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.

Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;

  • пайыз бойынша шығыстар;

  • тауарлы-материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.

Кәсіпорын осы аталып өткен кезең шығыстары бойынша жалпы және әкімшілік шығыстары бойынша жұмыс атқарылады. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстар есебі 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстары» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]