- •Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру
- •Тәжірибенің базасымен таныстыру
- •1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру
- •Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •2.1 Ағымдағы активтің есебі
- •2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы
- •2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі
- •2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •Ұзақ мерзімді активтер есебі
- •Ұйымның міндеттемесінің есебі
- •2.4 Капитал есебі
- •2.5 Табыс пен шығын есебі
- •2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі
- •2.7 Қаржылық есептілік: әдістеме және толтыру методикасы
- •Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
2.5 Табыс пен шығын есебі
ЖШС «Нурислам-Сервис» таза кірісті бөлуіне байланысты белгілі бекітілген тәтіпке сәйкес алынған кіріс материалдық шығындардың орынын төлеуге, серітестік қызметкерлерінің еңбек жалақысын төлеуге және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалады. Таза кірісті құрылтайшы бөледі.
Өнімді өткізуден түскен пайда жалпы табыс пен өндіріс және айналым шығындарының айырмасы негізінде анықталады. Жалпы пайда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін сипаттайды және өнім мен сатып алынған тауарларды өткізуден түскен пайда соммасын көрсетеді.
Серіктестіктің қаржылық есептемесіне сейкес 2011 жылғы пайда мен шығын туралы есеп беруінде қызмет көрсету сферасында тапқан пайдасы 280483,6 тг құрады. оның ішінде шығындар: (Қосымша-8)
сатып алынған тауарлардың өзіндік құны-122765,1тг
әкімшілік шығыстар 8733,9 тг
табыс салығы 134101,2
басқа да шығындар 14883,4
Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстың есебі
№ |
Операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Салықтық шот-фактураларының және накладнойлардың негізінде дайын өнім босатылды |
1210 |
6010 |
2 |
Қосылған құн салық сомасына |
1210 |
3130 |
3 |
Жұмыстарды қабылдау актілерінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер |
1210 |
6010 |
4 |
Қосылған құн салық сомасына |
1210 |
3130 |
5 |
Сатып алушылар шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті |
1030 |
1210 |
6020 шот – сатылған тауарлардың қайтарылып берілгендігі жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.
Қайтарылатын тауарлардың басты себептері болып: алып-сату бойынша жасалған келісім-шарттың тиісті деңгейде орындалмауы; тауардың саны мен сапасының сәйкес келмеуі; шартта көрсетілген ассортименттердің түгел болмауы; қосалқы бөлшектердің түгел еместігі және тағы басқалар табылады. Бұл жағдайда сатып алушы кәсіпорын сатушы ролін, ал сатқан кәсіпорын сатып алушы ролін атқарады, яғни олардың арасында жаңа міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
міндеттемелер пайда болуы мүмкін.
2008–2009 ж.ж. «Нурислам-Сервис» ЖШС-нің жалпы табысы
(мың тг)
№ |
Көрсеткіштер |
Іс жүзінде |
Ауытқу (+,-) |
||
2008ж. |
2009ж. |
||||
1. |
Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс |
47040,0 |
57120,0 |
+10080,0 |
|
2. |
Өткізілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құны |
35280,0 |
42840,0 |
+7560,0 |
|
3. |
Жалпы табыс (зиян) (1–2) |
11760,0 |
14280,0 |
+2520,0 |
|
Жалпы табыстың есептік жылғы көлемі өткен жылғы көлемінен 2520,0 мың тг (14280,0–11760,0) артық.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
өнім бірлігінің бағасы;
өткізілген өнім көлемі (саны);
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
