- •Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру
- •Тәжірибенің базасымен таныстыру
- •1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру
- •Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •2.1 Ағымдағы активтің есебі
- •2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы
- •2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі
- •2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •Ұзақ мерзімді активтер есебі
- •Ұйымның міндеттемесінің есебі
- •2.4 Капитал есебі
- •2.5 Табыс пен шығын есебі
- •2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі
- •2.7 Қаржылық есептілік: әдістеме және толтыру методикасы
- •Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
2.4 Капитал есебі
ЖШШ « Нурислам » жарғылық капиталының мөлшері 110 000 тг.құраған. Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшымен серіктестікті мемлекеттік тіркегенге дейін толық құрылған.
Серіктестітің жарғылық капиталы шаруашылық-коммерциялық қызметтен түскен пайда есебінен толтырылады, ал керек бол,ан жағдайда қатысушының қосымша жарнасы арқылы толтырылады. ( Қосымша 1)
2011 жылы ЖШС « Нурислам-Сервис » жалпы капиталы 74896.9 тг құрады, ол 2010 жылға қарағанда 30%-ға өсті.( Қосымша -7)
V. Капитал |
609479 |
7,9 |
611165 |
1,2 |
1686 |
0,3 |
Шығарылған капитал |
97100 |
1,3 |
97100 |
0,3 |
0 |
|
Шығарылмаған табыстар (жабылмығын шығындар) |
512379 |
6,6 |
514065 |
0,9 |
1686 |
0,3 |
Міндеттемелер мен капиталдың жиыны |
7713715 |
100 |
53345232 |
100 |
45631517 |
85,5 |
Кәсіпорының меншікті капиталы - бұл міндеттемелерін шегергендегі кәсіпорын активтері. Меншікті капитал құрамына жарғылық капитал, резервтік капитал, есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залал) қосымша төлінбеген капитал кіреді. Жарияланған Жарғылық капитал көлемі құрылтайшы құжаттарыда тіркеліп, бухгалтерлік есепте заң тәртібібойынша тіркелгеннен кейін көрініс табады. Тегін алынған негізгі құралдар мен көрсетілген қызметтер сомасы, негізгі құралдардың және қызметтердің бағалаауға дейінгі сомасы және басқа да осыған ұқсас сомалар қосымша капитал ретінде есепке алынады. Резервтік капитал таза табыстан Жарғылық капитал сомасынан 10% көлемінде жыл сайын аударымдар жүргізу арқылы құрылады. Резервтік капитал сомасы тек қана кәсіпорын шығындарын жабуға қолданылады [18, б.55].
Бөлінбеген пайда көлемін ұлғайту мақсатында негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалаудан алынған құралдар қолданылады, олар келесі шоттарда есепке алынады.
5420 Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв
5440 Инвестицияларды қайта бағалауға арналған резерв
5460 Өзге де резервтер
«Шим-шак НС» ЖШС-нің меншікті капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялардың үлгісі 11-кестеде көрсетілген.
Кесте 11
Меншікті капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ |
Шаруашылық операция |
Дебет |
Кредит |
Сомасы, теңге |
1 |
Кәсіпорын зиян шегуінің қорытынды сомасы |
5510 |
5610 |
45600 |
2 |
Кәсіпорыннның алған табысының қорытынды сомасы |
5610 |
5510 |
85200 |
Ескертпе – В.П.проскурина Бухгалтерлік проводкалар Алматы 2001 жыл |
||||
Активтердің толық істен шығуы жағдайында немесе негізгі құралдардың тозу сомасы көлемінде қайта бағалау сомасы бөлінбеген пайда ретінде танылады.
Жарғылық капитал құрамына енгізілген активтер жарғылық капиталға өткізілген күннен бастап, әділетті нарықтық құны бойынша бағаланады.
Меншікті капиталды талдау кезінде оның құрамы мен құрылымына аса назар аударылады.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны кұрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылык жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Серіктестіктің жалпы жиналысында Жарғылық капиталдың ұлғаюы туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 ай ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға ол туралы хабарлауы тиіс. Хабарламас бұрын Жарғылық капитал ұлғаятын соманың жартысынан кем болмайтын сомасы енгізілуі тиіс. Бұл кезде 1030 шот дебеттеліп, 5010 шот кредиттеледі.
Егер жарғылық капиталдың ұлғайғаны туралы аталған органға хабарламаса, Жарғылық капитал орындалмады деп есептеледі.
«Нурислам-Сервис» ЖШС бөлінбеген табысты 5500 бөлімшесінің 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттарында есепке алады. Жыл соңында 5510 шот 5610 «Қорытынды пайда» шотпен жабылады, және ол бухгалтерлік баланс пен қаржылық есептілікте мынадай жазба арқылы көрсетіледі:
Дебет 5510 Кредит 5610 – кәсіпорын зиян шегуінің қорытынды сомасы.
Дебет 5610 Кредит 5510 – кәсіпорынның алған табысының қорытынды сомасы.
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянның) қалған сомасы 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шоттан 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шотқа жіберіледі.
