Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_Konfliktuyuschaya_kopia_s_kompyutera_y...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать
    1. Ұйымның міндеттемесінің есебі

Міндеттеме- бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борыны немесе міндеті. Міндеттемелерді қадағалау үшін бірнеше тәсілдер бар:

  • Ақша қаражаттарын төлеу

  • Басқа да активтердің беру

  • Қызметтерді көрсету

  • Міндеттемені басқа міндеттеменен өзгерту

  • Міндеттемені капиталға өткізу

Міндеттемелерді басқа да қорлармен өтеуге болады.Ол кредитордың өз құқығынан айырылған жағдайда және оған рұқсат берілмегенде.

Міндеттеме орындалуы мүмкін ағымдық (Қысқа мерзімді), ол келесі клиенттерді қанағаттандырса;

  • Міндеттемені кәсіпорынның нақты кезенніңде өтелетін болғанда

  • Міндеттеменің басты мақсаты сату болған жағдайда

  • Есепті күннен 12 ай ішінде міндеттемені өтеген жағдайда

Ал басқа міндеттемелерді өтеу мақсаты ұзақ мерзімді болып саналады.

Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері бойынша;

Бағалау міндеттемелер- белгілі мерзімі және орындалу соммасы жоқ міндеттеме

Шартты міндеттемелер- болашақ кезеңнен туындайтын міндеттеме

Шартты активтер-қаржылық есепте есептелмейді өйткені ол табысқа есептелініп болашақта келіп түспеуі мүмкін.

Міндеттеменің азаюы мен көбеюі кәсіпорын экономикалық табыстылығын өзі бақылайда немесе сырттан мамандар шақырады (юристі,нарық аналитигін).

Бірақ қаржылық есепте келесідей ақпарат болуы қажет, ол міндеттеме-лердің сатыларына қарамастан ашық мәліметтер көрсету қажет:

  • жыл басындағы және жыл сонындағы баланстың құны

  • құрылған есепті кезеңнің қосымша бағалау міндеттемесі

  • Есепті кезенді қолданылған сомалар

  • Есепті кезенге қосылған қолданылмаған сома

  • Болашақ мерзімде қолданылатын міндеттемеге қысқаша мінездеме.

Кәсіпорын Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы ҚР-ның Кодексіне сәйкес салықтарды төлейді.Салықтар бойыеша бухгалтерлік міндеттемелер есептің регистріне жазбалар үшін негізі болып келесі құжаттар қарастырылады;

  • Анықтамалар

  • Есеп айырысулар

  • Декларация

Корпоративті табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы деген пассивтік шотында жүргізіледі.

Корпоративтік табыс салығын есептегенде «Корпоративтік табыс салығын есептеу шығындары» счеты дебиттеліп «Ағымдағы төленетін табыс салығы » кредиттеледі. Корпоративтік табыс салығы жыл қортындысы бойынша бір жылда бір рет есептелінеді.

Корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеу кезінде, оның ішінде, бюджетке төленген аванстық төлемдер бойынша «Ағымдағы төленген табыс салығы» дебиттеледі, «Ақша қаражаттары» кредиттеледі.

Кәсіпорынның есеп саясаты қаржылық есеп беруді құру кезінде келесі ұйғарымдарды қарастырады;

  • Есепті кезендегі салық төлемдер немесе салық төлемдер бойынша үнемдеу

  • Төленуге тиісті табыс салығы

Кәсіпорында ұзақ мерзімді міндеттемелер жоқ яғни қарастырылмаған

Меншікті капиталының құрамы 2001 жылы 2010 жылға қарағанда 1686 мың теңгеге немесе 0,3 пайызға өскен оның ішінде бөлінбеген пайда 1686 мың теңге немесе 03, пайызды құраса ал шығарылған капитал 97100 мың теңге көлемінде өзгеріссіз қалған.

Міндеттемелер мен капиталдың атаулары.

2010 жыл

2011 жыл

Айырмашылығы

(+;-)

Теңге

%

Теңге

%

Теңге

(+;-)

%

III.Қысқа мерзімді міндеттемелер

7104236

92,1

52734067

98,8

45629831

86,5

Салықтық міндеттемелер

99160

1,2

2225671

4,1

2126511

95,5

Басқа төлемдер бойынша міндеттемелер

-23088

-0,2

107233

0,2

130321

121есе

Қысқа мерзімді міндеттемелер

7028164

91,1

45919306

86

38891142

84,6

Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер

4481857

8,4

4481857

100

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.

ҚР Еңбек туралы заңының 45 бабына сәйкес қызметкер жеке еңбек келісімшартындағы еңбек міндеттерін орындайтын уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпы ұзақтығы аптасыны 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келісімшартында талаптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін.

Жеке еңбек келісім шарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттын мерзімі, еңбек тәртібінін жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбек қорғаудын басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.

Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісім шартында тіркеледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, оны нақты жұмысқа шыққан күні көрсетіледі. Жеке еңбек келісім шартын жасау үшін жұмыс беруші еңбек кітапшасын, жеке төл құжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім шартына қол қойған соң, жұмыс беруші бұйрық шығару тиіс.

Жалақы-бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім шартында және қызмет нұсқауында белгілеген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмыс үшін алады.

Бұл жағдайда белгіленген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмау керек.

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұстанымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасы жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын; атқару парақтарын сондай-ақ өз берген өтіні бойынша ұсталымдар жасалады; сонымен қатар олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыт үшін, әкелген зияндар үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

Атқаратын шаруашылық қызметіне қарай кәсіпорын қызметкерлері негізгі өндіріс жұмыскерлері, әкімшілік-басқару және қызмет етуші персоналға бөлінеді.

Есеп пен есеп беруде барлық қызметкерлер жұмысшылар және қызметкерлер деп бөлінеді. Қызметкерлер келесі категорияларға бөлінеді; басқарушы, мамандар, басқа да жұмыскерле.

Кәсіпорында еңбек ақыны есептеудің бірнеше әдістері қолданады;

  • келісімді

  • мерзімді

  • келісімді-сыйлықтық

  • мерзімді-сыйлықтық

  • контракт негізінде төлеу

  • біржолғы еңбектік келісім негізінде төлеу

Жыл сайын үәкілетті орган кәсіпорынның еңбек ақы қорын белгілейді.

Еңбек ақы төлеу формаларын, штаттық кесте, қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерін, сыйақылар, басқа да төлемдерді белгіленген еңбек ақы қоры шегінде кәсіпорын өзі тағайындайды.

Тарифкік мөлшерлемелер мен жұмыскерлердің еңбек ақы мөлшері кәсіпорында қолданылатын тарифтік кестелер негізінде анықталады. Жұмыс сапасы мен кәпорын тиімділігін арттыру барсында жұмыскерлердің материалдық қызығушылығын тудыру үшін ұжымдық келісімде ай сайын жұмыс нәтижесі бойынша сыйақылар қарастырылған.

Әрекет етуші заңнамаға сәйкес жыл сайын демалыс ақысы төленіп отырады. Көмекші және негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбек ақысы өнімнің өзіндік құнына кіреді.Әкімшілік басқару персоналының еңбек ақысы өнімнің өзіндік құнына кіреді.

Кесте 10

«Нурислам-Сервис» ЖШС-нің еңбекақы көрсеткіші мың.теңге

Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

Дебет

Кредит

Еңбекақы бойынша берешек,

1958

5655

7210

3350

Есептелген

47963

98348

8110

3350

Барлығы ұсталынған:

9360

18611

1)Зейнетақы қоры 10%

4567

9372

3350

3220

2)Жеке табыс салығы

3845

8077

3350

3120

3)Басқа да

948

1162

3350

1250

Төленгені

38603

79618

3350

1010

Екертпе – деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған

Жалпы алғанда, жұмысшыларға еңбек ақысын төлеу кәсіпорында заңнамада және кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

«Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар» бабы өнеркәсіптік көрсеткіштер үшін сыйақыларды, ынталандыру және орнын толтыру төлемдерін белгілі жасқа толғанға дейін бала күтуіне байланысты демалыста отырған әйелдерге өтемақыларды, негізгі қызметте орын алатын тізімдік емес құрамдағы жұмысшылардың ебегін ақы төлеуге арналған шығындарды есепке ала отырып кәсіпорынның негізгі персоналының еңбегіне ақы төлеу шығындарын қамтиды.

Айналымның шығындар құрамына әсіпорын шығындар құрамы туралы ережеге және әдістемелік ұсынымдарда белгіленгендерден басқа барлық төлемдер кірмейді. Бұл ретте, айналымның шығындарына заңнамада белгілен-ген тәртіппен «Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар» бабы бойынша шығындардың құрамына енгізілетін кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстарынан жүргізілетін әлеуметтік жағдайларға есептік ұстанымдар жатады.

Кәсіпорын бухгалтерясының жұмысын жалпы алғанда оң бағалауға болады. Ол оған жүктелген еңбек ақысын төлеу бойынша міндтерін сапалы орындайды. Бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша барлық талаптар орындалады. Есеп жүргізуде жіберілген қателер уақтылы түзеледі. Есептілікті құрастыру және оны салық органдарына тапсыру мерзімдері сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]