Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_Konfliktuyuschaya_kopia_s_kompyutera_y...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Өндіріс процесінде қажетті бірден-бір жағдай жұмысшылардың еңбек құралы мен еңбек затын қолдана отырып, жаңа өнім, дайын өнім шығару болып табылады. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін көптеген еңбек заттары, қосалқы қорлар қажет.

«Туран» мейрамханасының материалдық қорларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттер бар:

  • материалдық құндылықтардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;

  • материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды толық және уақытында құжаттау;

- көліктік дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтары мен өзіндік құнын уақытында анықтау;

- ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды тауып сату;

- сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Сонымен қатар компанияда негізгі құралдардың ішіне: столдар, орындықтар, әкімшілік басқарушыларға компьютерлер және т.б. жатқызуға болады.

Жоюдың нәтижесінде алынған жеке бөлшектердің құнына мынадай корреспонденция құрылады: Дт 1350 «Басқа да босалқылар», Кт 6210 «Активтердің есептен (істен) шығуы бойынша табыстар», 6280 «Басқа да табыстар».

Жылдың соңында негізгі құралдарды жоюдың (есептен шығарудың) нәтижелері есепте келесі түрде көрсетіледі: а) зияндар сомасын есептен шығару: Дт 5610, 5510, Кт 7410; б) табыстар сомасын есептен шығару: Дт 6210, 6280, Кт 5610, 5510.

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шотында негізгі құралдардың бүкіл нормативтік пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде әрбір есептік жылға амортизациялық аударымдар сомасы есепке алынады және кәсіпорынның шығыстары ретінде танылады.

ТМҚ есебі аудитінің негізгі мақсаты-олардың есебінің дұрыс ұйымдас-тырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

  • олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;

  • олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;

  • өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;

  • өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор

ТМҚ-ны кірістеу тауарлы құжаттар негізінде жүргізіледі (шот фактура, тауарлы транспорттық накладной, келісімдер). ТМҚ-ны кәсіпорын ішінде шығыстау кезінде қолданылатын басты құжат біржолғы шығыс накладнойы болып табылады. ТМҚ кәсіпорыннан тыс жерлерге шығыстау кәсіпорын басшысы мен оның орынбасарлары келісімімен жүргізіледі, келісім негізнде өткізілген қорларды құның өтеуге шот-фактура толтырылады. Кәсіпорын бухгалтериясы ТМҚ-ы кірістелуі, қолда бар болуының, шығысталуының есебін ақшалай және сандық көріністе жүргізіледі. ТМҚ келіп түсуін растайтын бастапқы құжаттар әрбір қойма бойынша қойма басшыларымен бір оайдан аспайтын уақытта бухгалтерияға беріліп отырады.

    1. Ұзақ мерзімді активтер есебі

Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай (өзгерте) алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс жүргізу барысында ағымдағы активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланатын өндірістік және әкімшілік қызметі орындауға арналған активтерді қажет етеді. Ал мұндай ұзақ мерзімді активтердің қатарына негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызуға болады.

Ұзақ мерзімді активтерді есепке алуына байланысты серіктесте бухгалтерлік есептемеліктің барлық талаптарын сай жүргізіледі. Мысалы: «Туран» мейрамханасына компьютер қажет. Оны алу үшін ЖШС « Компания Neo Азия» тікелей жабдықтаушы ретінде көрыныс тапты. ЖШС « Нурислам-Сервис» Монитор ЖК 18741,07 және кабель питания 883,93 тенгеге алды. Ол накладноймен бекітіліп, кәсіпорында «Негізгі құралдардың қозғалысы» туралы Акт толтырылды.

2.2.1. Негізгі құралдардың есебі және аудиті

Негізгі құралдардың есебі «Негізгі құралдар» 16 ХҚЕС-на сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде негізгі құралдарға амортизацияға жататын қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық ативтер жатады.

Амортизация есептеу кезінде негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша бухгалтерлік есепте құнды бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі қолданылады. Салық мақсатында Салық кодексінің 110 «Тіркелген активтердің шекті амортизация нормалары» деген бабына сәйкес негізгі құралдар амортизациясының пайыздық ставкасы қолданылады. Негізгі құралдар 2410 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынады.

Негізгі құралдарды түгендеу 1 қараша күніне жылына бір рет жүргізіледі. Комиссия серіктестік жетекшісінің бұйрығымен тағайындалады.

Негізгі құралдардың келіп түсуі құрылған комиссияның жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен» (үлгі НҚ-1) рәсімделеді, актілерге берілген объектінің техникалық құжаттары (төлқұжаты) тіркеледі, мынадай жазу беріледі: Дт 2410, Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыз» немесе 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз». Негізгі құралдардың объектілері үшін төленген шоттар бойынша қосылған құнға салық (ҚҚС) сомасына мынадай бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 1420 «ҚҚС», Кт 3310 және есепке алынған ҚҚС: Дт 3130 «ҚҚС», Кт 1420 (ғимараттар мен жеңіл автомобильдерді қоспағанда).

Негізгі құралдардың өткізілген (сатылған) объектісінің баланстық құнына келесі бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 7410 «Активтердің есептен (істен) шығуы бойынша шығыстар», Кт 2410. Негізгі құралдардың объектісін өткізу (сату) сәтінде жинақталған тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.

Негізгі құралдардың есептен шығарылған объектісінің баланстық құнына келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: Дт 7410, Кт 2410, жинақталған тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.

ЖШС « Интердизайн-Ас» ұзақ мерзімді активтерінің құны 2010 жылы 190498,7 яғни 71,6%, ал 2011 жылы 106086,8 яғни 68% құрады. Оның ішінде компаниядағы негізгі құралдар 2010 жылы 190060,0 тг, ал 2011 жылы 105625,2 тг құрады. Сонымен қатар материалдық емес активтер 2010 жылы 438,7 тг, ал 20111 жылы 461,6 тг құраған. (Қосымша – 7)

Негізгі құралдардың есебі «Негізгі құралдар» 16 ХҚЕС-на сәйкес жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде негізгі құралдарға амортизацияға жататын қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық ативтер жатады.

Амортизация есептеу кезінде негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша бухгалтерлік есепте құнды бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі қолданылады. Салық мақсатында Салық кодексінің 110 «Тіркелген активтердің шекті амортизация нормалары» деген бабына сәйкес негізгі құралдар амортизациясының пайыздық ставкасы қолданылады. Негізгі құралдар 2410 «Негізгі құралдар» шотында есепке алынады.

Негізгі құралдарды түгендеу 1 қараша күніне жылына бір рет жүргізіледі. Комиссия серіктестік жетекшісінің бұйрығымен тағайындалады.Негізгі құралдардың келіп түсуі құрылған комиссияның жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен» (үлгі НҚ-1) рәсімделеді, актілерге берілген объектінің техникалық құжаттары (төлқұжаты) тіркеледі, мынадай жазу беріледі: Дт 2410, Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыз» немесе 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз». Негізгі құралдардың объектілері үшін төленген шоттар бойынша қосылған құнға салық (ҚҚС) сомасына мынадай бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 1420 «ҚҚС», Кт 3310 және есепке алынған ҚҚС: Дт 3130 «ҚҚС», Кт 1420 (ғимараттар мен жеңіл автомобильдерді қоспағанда).

Негізгі құралдардың өткізілген (сатылған) объектісінің баланстық құнына келесі бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 7410 «Активтердің есептен (істен) шығуы бойынша шығыстар», Кт 2410. Негізгі құралдардың объектісін өткізу (сату) сәтінде жинақталған тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.

Негізгі құралдардың есептен шығарылған объектісінің баланстық құнына келесі шоттар корреспонденциясы жасалады: Дт 7410, Кт 2410, жинақталған тозу сомасына: Дт 2420, Кт 2410.

Шаруашылық операция

Дебет

Кредит

1

Егер негізгі құралдар баланстық құнына тең бағамен өткізілетін болса

1010

2410

2

Егер негізгі құралдардың өткізу құны баланстық құнынан төмен болса;

2420, 1010

2410

3

Егер сату бағасы баланстық құнынан жоғары болса, яғни сатудан табыс түссе;

2420, 6010

2410

Негізгі құралдар шоты бойынша жүргізілетін операциялар жоюдың нәтижесінде алынған жеке бөлшектердің құнына мынадай корреспонденция құрылады: Дт 1350 «Басқа да босалқылар», Кт 6210 «Активтердің есептен (істен) шығуы бойынша табыстар», 6280 «Басқа да табыстар».

Жылдың соңында негізгі құралдарды жоюдың (есептен шығарудың) нәтижелері есепте келесі түрде көрсетіледі: а) зияндар сомасын есептен шығару: Дт 5610, 5510, Кт 7410; б) табыстар сомасын есептен шығару: Дт 6210, 6280, Кт 5610, 5510.

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шотында негізгі құралдардың бүкіл нормативтік пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде әрбір есептік жылға амортизациялық аударымдар сомасы есепке алынады және кәсіпорынның шығыстары ретінде танылады.

Негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде кәсіпорын негізгі құралдарды қайта бағалауға дейінгі сомаға мынадай жазу береді: 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» дебеттеліп, 1300 «Қорлар» бөлімшесі кредиттеледі.

Негізгі құралдарды қолдану шамасы бойынша бағалауға дейінгі есептен шығару сомасы 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі.

2.2.2 Материалдық емес активтердің есебі және аудиті

Материалдық емес активтер есебі. Материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа да субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер Материалдық емес активтер – қызмет барысында сатуға бағытталмаған физикалық формасы жоқ активтер [14, б.92].

Материалдық емес активтер бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайда (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады және қалдықты азайту әдісімен амортизацияны есепке алады.

Есеп шоттар

Материалдық емес активтермен байланысты шаруашылық операциялар келесідей жазбада көрсетіледі:

2733 – басқа материалдық емес активтер

2743 – басқа материалдық емес активтер амортизациясы

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі. Аудитор бұл объектілерді тексергенде ХҚЕС №38, ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлы белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы», және басқа құқықтық нормативтік актілерді басшылыққа алады.

Ең алдымен, ауджит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі. Объектілерлі кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың анықтығы мен материалдық емес активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек.

Белгіленуі мен атқарылатын функцияларына байланысты материалдық емес активтер 3 негізгі топқа бөлінеді:

1) Санаткерлік меншік

2) Мүліктік құқық

3) Кейінге қалдырылған шығындар

Санаткерлік меншікке: патент, лицензиялар, пайдалы үлгілер, жаңалықтар, өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл» сауда белгілері жатады. Мүлік падйлану жөнінде мына құқытар жатады: табиғат ресурстарын, жер телімдерін, мүліктің әр қилы түрлерін және т.с.с. жатады. Кейінге қалдырылған шығындарға: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме жатады.

Материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды,іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілуі,пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайлығы, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін бақылауда түсіндіріледі .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]