Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_Konfliktuyuschaya_kopia_s_kompyutera_y...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі

Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.

«Туран» мейрамханасында дебиторлық берешектер кейбір жағдайларда тапсырыс иелері шотты жаба алмаған жағдайда көрініс табады және т.б.

Кәсіпорынның дебиторлық берешегі соған байланысты табыс танылған кезде ғана танылады. Ол бастапқы құнмен, одан күмәнді қарызға түзетулер мен сатудан шегерімді алып тастағанда, бағаланады.

Кәсіпорынның негізгі дебиторлық берешегі алуға арналған шоттардан, яғни сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің шотынан, алдағы кезең шығындарынан, жабдықтаушылармен тауарлар және қызметтер үшін есептесу-ден, есепті тұлғалардың берешегінен тұрады. Қосылған құн салығын көрсеткенде берілетін операция. Клиенттердің көрсетілген қызметіне төленген ақысы банк клиент арқылы жүргізіледі, олардан түскен төлем ақы береіледі.Жабылған кезде кредитор мен дебиторлардың соммасы шығады.

Бұл берешектердің пайда болуына әкелетін операцияларға Кәсіпорын мынадай төмендегі 7 кестеде көрсетілген жазуларды береді.

Кесте 7

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек бойынша түгендеу есебі

Кәсіпорын атауы

шот

Пайда болған уақыты

Қызмет түрі

Сома

Өтеу мерзімі

«Дос» ЖШС

1210

2010ж. желтоқсан айы

Қызметтер көрсетілген

37000

2 айға дейін /2012ж. наурыз айы

Абдраимова К.А. жеке тұлға

1210

2011ж. тамыз айы

Қызметтер көрсетілген

7050000

3 айға/2013ж. тамыз айы

Лесин П.Н. жеке тұлға

1210

2011ж. қазан айы

Қызметтер көрсетілген

79000

3 айға дейі/2011ж. желтоқсан айы

7-кестедегі көрсеткіштер бойынша дебитор мен кредиторға арналған ФО-17 формасы жасалады. Күмәнді талап болып келісіммен тағайындалған мерзімде жабылмаған және кепілмен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешек танылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен берешек үмітсіз қарыз деп танылып, есептен шығарылады. Егер бұрын есептен шығарылған дебиторлық берешек келесі есепті кезеңдерде өтелсе ол негізгі емес қызметтен табыс болып саналады.

Күмәнді қарыздар бойынша резерв есепті кезеңнің соңында жүргізілген дебиторлық берешекті түгендеу нәтижесінің негізінде құрылады. Кәсіпорында резервті құру кезінде төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу мәдісін басшылыққа алады

Ашылған ағымдағы шоттармен мынадай жұмыстар істелінеді дейік кәсіпорынға шетел валютасында ақша түскенде,ол ақша түсер алдында банктен хабарландыру жіберіледі. Хабарландыруда мынадай ескертілу жазылады сіздердің валюталық ағымдағы шотыңызға ақша келіп түсті, ол ақша қаражаты сіздердің шотынызға туседі, егер де сіздер заңға сәйкес берілетін құжатты бізге жіберсеніз ол құжат шот немесе инвойс деп аталады. Егерде жіберілмесе банк заңға сәйкес құқылы 180 уақыт күнтізбелік күнге шейін ақша жіберушіге қайтарып береді. Сол құжат арқылы кәсіпорынға ақша қаражаты түседі.

Төмендегі 6 кестеде кәсіпорынның банктік шоттағы ұлттық және шетел валютасымен жүргізілген ақша қаражатының қозғалысының есебінің үлгісі келтірілген. Дебиторлық борыштар есебі-сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің, шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар және көрсетілген қызмет үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Дебиторлық берешек ағымды және ағымды емес болып қарастырылады,ал есепте саудалық, саудалақ емес дебиторлық берешек болып көрсетіледі. Дебиторлық берешектер дисконтталады ал кредиторлық берешек-тер дисконтталмайды.

Дебиторлық берешектер және міндеттемелер есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының үшінші бөлімінде дебиторлық берешектер және алтыншы бөлімі міндеттемелер үшін қолданылады.

Кәсіпорында дебиторлық берешек негізгі қызмет пен Жарғымен қарастырылған басқа да қызметтер көрсету нәтижесінде пайда болады. Дебиторлық берешек жеке немесе заңды тұлғаладың кәсіпорын алдында қандай да бір міндеттемелері туындаған кезде пайда болады. Кәсіпорын өз қызметін жабдықтаушылар немесе тапсырыс берушілер мен келісімге келу негізінде жүзеге асырылады. Келісім және орындалған жұмыстарды қабылдау актісі негізінде әрбір тапсырыс беруші бойынша салыстыру актілері жасалынады.

Дебиторлық борыштар-сатып алушы немесе басқа да тапсырыс берешілердің ақша қаражатары бойынша төленетін төлемдерді Дебиторлық борыштар шот-фактурасымен жасалынған жұмыс актісімен немесе накладноймен бекітіледі. Тапсырыс берушілердің көрсетілген қызметтер, өткізілген ТМҚ, негізгі құралдар мен материалдық емес активтері үшін берешегі 1210 (Алынатын шоттар) шоты субшоттарында жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]