- •Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру
- •Тәжірибенің базасымен таныстыру
- •1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру
- •Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •2.1 Ағымдағы активтің есебі
- •2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы
- •2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі
- •2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •Ұзақ мерзімді активтер есебі
- •Ұйымның міндеттемесінің есебі
- •2.4 Капитал есебі
- •2.5 Табыс пен шығын есебі
- •2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі
- •2.7 Қаржылық есептілік: әдістеме және толтыру методикасы
- •Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1 Ағымдағы активтің есебі
2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы
«Туран» мейрамханасындағы активтерінің қозғалысы көбінесе халыққа қызмет көрсетумен байлынысты. Соның ішінді мейрамханаларға өткізілген тойлар үшін кассаға кіріс ретінде түседі.
Ал жалпы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептемеде «Туран» мейрамханасында 2011 жылдың басында 280483,6 теңге 00 тиын, ал 2011 жылы 167737,9 теңге 00 тиын болған.
1 кесте- Ақша қаражаттары
Атаулар |
31.12.2011 ж. басы |
31.12.2011 ж. аяғы |
Теңгемен есептік шоттағы ақша қаражаттары |
14726,9 |
24652,6 |
Теңгемен кассадағы ақша қаражаттары |
153011 |
2555831 |
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің қорытындысы |
167737,9 |
280483,6 |
мың теңге
Мекемелердің кассаларына қолма-қол есеп айырысулар арқылы тауарларды сату, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындаудан салт ақшалар түрінде түсімдердыің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады.
Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.
Мейрамханадағы ақша қаражаттарының қозғалысы жеке тұлғаның қатынасымен жүзеге асырылады.
Жыл ішінде алынған табысты бөлу құрылтайшылық құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Ұлттық және шетел валютасындағы ақшалай қаржылар 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар», 1010 «Кассадағы ақшалай қаржылар». Операциялық қызметтен болатын ақшалай қаржылардың қозғалысы тікелей әдіспен ашылады. Серіктестіктің шетелде валюталық шоты жоқ. Касса қалдығын түгендеу жоспарлы тексерулер бойынша – есептік айдан кейінгі айдың 1-ші күніне және жоспардан тыс тексерулер бойынша – кәсіпорын жетекшісінің бұйрығы бойынша жүргізіледі. Кассалық тәртіпті тексерудің барлығы актпен рәсімделеді.
Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстың есебі
№ |
Операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Салықтық шот-фактураларының және накладнойлардың негізінде дайын өнім босатылды |
1210 |
6010 |
2 |
Қосылған құн салық сомасына |
1210 |
3130 |
3 |
Жұмыстарды қабылдау актілерінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер |
1210 |
6010 |
4 |
Қосылған құн салық сомасына |
1210 |
3130 |
5 |
Сатып алушылар шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті |
1030 |
1210 |
Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктердің барлық түрлері келісім-шартта көрсетілуі тиіс және ол басқа да құжаттарда көрініс табуы мүмкін (мысалы, есеп айырысу-төлем құжаттарында, протоколда, келісімдерде).
Қарастырылып отырған ұйымда кезең шегерімдері 10-15% мөлшерінде, ал көлемі үлкен және күрделі тапсырыстар үшін шегерім жасай алады.
Мысалы, тапсырыс беруші ұсынылған шот-фактурадағы соманы 4 күнде төлесе, 15 % шегерім қарастырылған; егер де шот келісілген 4 күнде өтелмесе, онда тапсырысшы фирма 15 күн мерзімінде толық, ешбір шегерімсіз есептесе алады. Осы операция бойынша мынадай жазу жазылады: Дт 1210 «Алынуы тиіс шоттар», Кт 6010 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын табыстар».
Тапсырыс беруші шотты мерзіміне дейін төлеп шегерімді пайдалана алады, ол кезде мынадай жазу жасалады: Дт 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша», 6020 «Сатудан шегерім», Кт 1210 «Алынуы тиіс шоттар».
Осылайша, есепті кезең бойы 6020 «Сатудан шегерім» шотында сомалар жиналады. Бұл сомалар кәсіпорынның табысын қысқартады, сондықтан қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есепті толтырғанда ол сомалар алынған табыс сомасынан шегеріледі. 6030 шотта бағадан жасалатын шегерімдер есепке алынады.
Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы- банкке белгіленген формадағы бланкпен төлем тапсырмасын ұсынады.
Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 1999 жыл 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын – төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алады
Сатылған тауарлардың қайтарылуы мен сатудан шегерімдердің есебі
№ |
Операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Тауарлардың, материалдық емес активтердің, тағы басқалардың қайтарылуы |
6020 |
1210 |
2 |
Төленген тауарлардың, материалдық емес активтердің, т.б. қайтарылуы |
6020 |
1030, 1010 |
3 |
Сатып алушымен және тапсырыс берушімен толық немесе аванс ретінде төленген тауарлардың қайтарылуы жағдайында міндеттемені есептеу |
6020 |
3540 |
4 |
Қайтарылған тауарлардың сатылған құны есепке алынды (қосылған құн салығын қоспағанда):
|
6020 |
3540 |
5 |
Бағадан және сатудан шегерім жасау |
6030 |
1210 |
6 |
Бағадан және сатудан шегерімді табыс есебінен жасау |
6030 |
6010 |
7 |
Ұсынылған шегерімді көрсету (сатып алушы шегерімді қолданған жағдайда ғана) |
6030 |
1210 |
8 |
Шегерім сомасына қосылған құн салығының азаюы |
3130 |
1210 |
9 |
Есепті жылдың соңында 71 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан, бағадан шегерім бөлімі шоттарының жабылуы |
5610 |
6020, 6030 |
Ақша қаражаттарының есебі. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозға-лысы есебі ҚЕХС №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы есебі» сәйкес жүргізіледі. Ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есебі сыртқы қолданушыларға есепті кезең уақытында ақша қаражаттарының келуі мен кетуі туралы ақпарат беріп, кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.
«Нурислам-Сервис» ЖШС – нің «Қазақстан халық банкі» теңгелік ағымдағы шот, валюталық және ағымдағы шоттары бар. Кәсіпорын банкте банктік шотты ашу шарты бойынша ашқан. Онда екі жақтың құқықтары міндеттері жауапкершілігі қарастырылған. Бұл шотқа кәсіпорынның көрсеткен қызметінен түскен табыстар аударылады және қызметіне қажет мөлшерде ақша қаражаттары алынады. Ақша қаражаттарын ағымдағы шоттан алуға кәсіпорынның басшының бұйрығы негіз болады.
Осы заңнамалақ және нормативтік құжаттармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі негізгі формаларын қолданады;
- Төлем –тапсырмасы
- Төлем – талап тапсырмасы
- Банктің құқықтық- нормативтік актілері
- Банк выпискасы
- Шетел валютасымен ақша аударудың өтініші
- Шот-фактура
«Нурислам-Сервис» ЖШС–нің төлем тасырмасымен есеп айырылысқанда, ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке тапсырылады.
Бенефициар резидент емес пайдасына ақша аударған кезде, банк ақша жіберуші болған жағдайларды ескермегенде, ақша жіберуші қызмет көрсететін банк-алушыға белгілеген формадаға бланкпен ақша аударуға туралы өтініш беру болып табылады.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған.
Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестиция-ларын сатып алу және сату.
Қаржылық қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестиция-лық және қаржы қызметі туралы есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Кәсіпорын қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырылысу, бюджетпен, қызметкерлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқадай кредит берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұндай қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұлшотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні анықтайды. Барлық дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қазаздық шттан үзінді көшірме алмасуы керек және оларға түгендеу комисиясын ұсыну керек. Баланстан берешектің есептен шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндегін бақылауды жүзеге асыру аса қажат.
