Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_Konfliktuyuschaya_kopia_s_kompyutera_y...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.16 Кб
Скачать

1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру

«Туран» мейрамханасының бухгалтериясында главный бухгалтер КИМ О.Б. қызмет атқарады. Оның міндеттеріне: Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйым мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады..

«Нурислам-Сервис» ЖШС-де бухгалтерлік есеп «1С: Бухгалтерия» компьютерлік бағдарламасы арқылы автоматтандырылған . Бухгалтерлік есептің шоттары бойынша аналитикалық есеп ай сайын карточкаларға баспаланады, қалған мәліметтер электрондық тасушыларда сақталады.

Сонымен қатар ISOFT-программасы қолданады. Бұл программа мейрамханадағы есебінің объектілігін, шығын мен кірісті жүйелеуге, калькуляция және кассадаға ақша қозғалысына, мейрамхана қонақтарымен есеп айыруды жүзеге асырады.

Директор жыл сайын және өз қызметіне өкілетті тұлға ауыстырылған жағдайда ұйымдастырушылық-үлестіру және қаржылық-есептеу құжаттарына қол қоюға құқылы қызметкерлердің тізімін белгілейді.

Есептік-бухгалтерлік ақпаратты сақтау және жою ҚР Министрлер Кабинетінің 30.06.1992ж. күнгі Қаулысының талаптарын есепке ала отырып, «Іс-қағаздар туралы Шартқа» сәйкес жүргізіледі.

Құжаттар қозғалысының кезектілігі, атқарушылар тізімі, бухгалтерияға келіп түсу мерзімдері, құжаттардың есептік аппараттың ішінде өңделуі мен өтуі және есептік кезеңде тіпті бухгалтерлік баланс пен есептілікті құруға дейін барлық жұмыстардың аяқталуы құжат айналымын білдіреді, оны орындау тек есептік қызметкерлер ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның басқа да қызметкерлері үшін де қатаң түрде міндетті болып табылады. Олар құжат айналымының графигі бойынша өздерінің қызметінің саласына қатысты құжаттарды толтырады және табыстайды. Бұл үшін әрбір атқарушыға оның қызметінің саласына қатысты бастапқы құжаттар көрсетілетін графиктің көшірмесі, құжаттарды табыстаудың мерзімдері мен орындары тапсырылады.

Серіктестікте шаруашылық опрацияларды құжаттаудың қабылданған жүйесі олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуінің толықтығын қамтамасыз етеді.

Құжат айналымы графигінің атқарушылармен орындалуын бас бухгалтер бақылайды. Құжаттар мен мағлұматтарды рәсімдеу мен бухгалтерияға табыстаудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын кәсіпорынның барлық қызметкерлері міндетті түрде орындайды.

Бастапқы құжаттар ҚР статистика агенттігінің бекіткен бастапқы есептік құжаттар үлгілерінің (формаларының) альбомына сәйкес құрылады.

Бухгалтерлік есептің міндеттері:

- Жедел басқару үшін қажетті, сондай-ақ инвесторлардың, кредиторлардың, жабдықтаушылардың, сатып алушылардың, салық және басқа да қаржы органдарының, мүдделі ұйымдар мен тұлғалардың қолдануы үшін қажетті шаруашылық үдерістер мен қызметтің нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратты құру.

- Мүліктің қолда бары мен қозғалысын, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалануды бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес бақылауды қамтамасыз ету.

- Қаржы-шаруашылық қызметте болатын жағымсыз (негативтік) құбылыстардың алдын алу, ішкі резервтерді бақылау және анықтау (мобилизациялау).

Есеп саясаты есепті жүргізу және қаржылық есептілікті олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашу тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

«Нурислам-Сервис» ЖШС-нің есеп саясаты №1 «Қаржылық есептілікті табыстау» деп аталатын Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС 1) сәйкес әзірленген және кәсіпорында бүкіл жұмыс істеу кезеңі бойы әрекет етеді.

«Нурислам-Сервис» ЖШС-де Типтік жоспардағы синтетикалық шоттар шегінде ұйымның маманданған ерекшелігін ескере отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары әзірленген.

Салық есептеулері мен төлемдер «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР салық кодексіне (21.03.2002ж. күнгі №310-ІІ, №312-ІІ, 23.11.2002ж. күнгі №358-ІІ, 01.01.2004ж., 01.01.2005ж., 01.01.2006ж., 01.01.2007ж. және 01.01.2008ж. күніне ҚР-ның заңдарымен енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге) сәйкес жасалады.

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден және аяқталмаған құрылыстан тұрады, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары жоқ. Ал қысқа мерзімді активтері тауарлы-материалдық босалқылардан, ақшалай қаржылардан және дебиторлық қарыздардан тұрады.

Меншікті капитал серістестіктің жарғылық капиталынан тұрады.

Есептік кезең ішінде танылған табыстар мен шығыстардың барлық баптары есептік кезеңнің таза табысын немесе зиянын анықтаған кезде енгізіледі.

Серіктестік үшін есептік кезең болып, 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтитын күнтізбелік жыл саналады.

Жедел ақпарат үшін қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері ай сайын есептеп шығарылады. Алдыңғы кезеңдердің қаржылық есептерін жасаған кезде жіберілген қателерді түзету сомасы есептік кезеңнің табысына немесе зиянына енгізіледі. Алдыңғы кезеңдерге жататын маңызды қателерді түзету сомасы есепте бөлінбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту жолымен көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]