
- •Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру
- •Тәжірибенің базасымен таныстыру
- •1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру
- •Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •2.1 Ағымдағы активтің есебі
- •2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы
- •2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі
- •2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
- •Ұзақ мерзімді активтер есебі
- •Ұйымның міндеттемесінің есебі
- •2.4 Капитал есебі
- •2.5 Табыс пен шығын есебі
- •2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі
- •2.7 Қаржылық есептілік: әдістеме және толтыру методикасы
- •Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау
Мазмұны
1 Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру 3
1.1 Тәжірибенің базасымен таныстыру 4
1.2 Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру 8
2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 11
2.1 Ағымдағы активтің есебі 11
2.1.1 Ақша қаражаттарының қозғалысы 11
Теңгемен есептік шоттағы ақша қаражаттары 11
Теңгемен кассадағы ақша қаражаттары 11
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің қорытындысы 11
2.1.2 Дебиторлық қарыздың және қаржылық инвестицияның есебі 15
2.1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың есебі 17
2.2 Ұзақ мерзімді активтер есебі 18
Негізгі құралдарды қолдану шамасы бойынша бағалауға дейінгі есептен шығару сомасы 5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» шоты дебеттеліп, 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоты кредиттеледі. 21
2.3 Ұйымның міндеттемесінің есебі 22
2.4 Капитал есебі 27
2.5 Табыс пен шығын есебі 29
2.6. Өндірістегі шығын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі 30
2.7 Қаржылық есептілік: әдістеме және толтыру методикасы 38
3 Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау 40
Кәсіпорынның ұйымдық-өндірістік қызметімен таныстыру
Тәжірибенің базасымен таныстыру
Мейрамхана бизнесі туризм индустриясында айтарлықтай орын алады және АҚШ, Канада және Еуропа елдерінде өте үлкен табыс көзі болып табылады. Туризмнің дамуымен қоса Азия елдерінде мейрамхана ісінің дамуы да байқалып келеді.
Қонақжайлық - адамзат цивилизациясының фундаминталды түсінігі. Көптеген елдерде бүгінге дейін қонақты жақсылап қарсы алу, оған ең жақсы тағамдарды ұсыну, қажет болса жатар орын беру салттары сақталып келеді.ъ
Адамзат цивилизациясының дамуымен қатар, әр түрлі себептермен үйден тыс жерде қалған адамдарға қонақжайлық қызмет көрсету көптеген адамдардың мамандығына айнала бастады. Ал қазір ол толыққанды индустрияны құрап отырған жайы бар.
Американдықтар бұл индустрияда экономиканың барлық туыстас салаларын біріктірген, яғни сапар шегіп жүрген адамдарға қызмет көрсетуге маманданған арнайы мекемелер арқылы: мейманхана, мейрамхана, туристік агенттіктер, ұлттық парктер, демалыс және мәдени парктері және т.б. АҚШ-та бұл индустрия жұмыспен қамту жағынан екінші орынға ие, нақтырақ айтсақ, бұл сала 10 миллионнан астам американдықты жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Көптеген штаттарда бұл - экономиканың маңызды саласы, ол жылына 400 миллиард доллорға дейін тауарлар мен қызметтер көрсетеді.
Өндірістік емес сала бұл — қолмен ұстап сезінуге болатын тауарларды өндірмейтін салалардың өте үлкен комплексі. Осы комплекстердің көбі адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Олардың ішінде маңызды орынды мейрамханалық бизнес алады.
Мейманхана және мейрамхана комплекстері әлеуметтік саланың маңызды элементі болып табылады, және де қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырады, яғни халықтың өмір деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Тәжірибеден байқағанымыздай, соңғы жылдардағы экономикалық өзгертулер мейманхана және мейрамхана шаруашылығындағы сервисті жақсартпақ түгел, керісінше, олардың бір қатарларының сапасының төмендеуі байқалды. Әсіресе оның залалын шетелдік туристер шегуде. Сонымен қатар соңғы уақыттарда жоғары санатты мейманханалар пайда бола бастады, олар әр түрлі деңгейдегі менеджерлерге өте зәру болып отыр. Қазыргі таңда қонақ үй мен мейрамханаларға жоғары сапалы мамандарды дайындау бастапқы кезеңде тұр. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мейрамхана бизнесі дамуының өзектілігі өте жоғары, себебі біздің қала үлкен туристік орталық болып табылады және біздің қалаға келген кез-келген туристің қызмет түрлерін таңдауға құқығы болуы керек, сонымен қатар тамақтануды да. Ол таңдау мейрамханалардың көптігімен, олардың ұсынатын мәзірлерінің молдығымен және де қызмет көрсету сапасы мен бағасы арқылы көрінуі керек.
Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі Астана қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар - ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы.
Өндәрәстәк тәжірибелік есептің мақсаты - «Туран» мейрамханасының қаржы- шаруашылық жағдайын талдау негізінде мейрамханалық бизнесінің аудит, есеп жүргізу тәртібі және бизнесті жетілдіру жолдары айқындап көрсету, зерттеу жүргізудің нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында табыстар мен шығыстардың есебі мен талдауын тиімді жүргізу жолдарын қарастыра отырып, болашақ бухгалтер маманы ретінде ұсыныстар мен пікірлер ұсыну.
Зерттеу объектісі - қызмет көрсету саласы.
Қойылған мақсатқа сәйкес өндірістік жұмыста келесі міндеттерді қарастыру көзделді:
1) мейрамханалық бизнестің есебінің ұйымдастырылуының теориялық аспектілерін ашып, тәжірибелік қызметіне талдау жасау.
2) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынының өндірістік қызметімен, оның басқару және бухгалтерия құрылымымен танысу
3) «Туран» мейрамханасының ЖШС-нің 2011жылдың басы мен аяғындағы қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
4) кәсіпорынның есеп саясатымен танысу;
5) қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынында табыстар мен шығыстардың есебін ұйымдастыру мәселелерін қарастыру;
Дипломдық жұмыста зерттеу жүргізудің әдіснамалық негіздері болып, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексі, Халықаралық және Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары, Қазақстандық аудит стандарттары, сондай-ақ берілген зерттеу тақырыбы бойынша ғалымдардың еңбектері мен мерзімдік баспалардағы жарияланған басылымдары табылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып, «Нурислам-Сервис» ЖШС-нің табыстары мен шығыстарының есебі бойынша кәсіпорынның ішкі құжаттары (синтетикалық және аналитикалық есептің құжаттары), жарғысы, қаржылық және статистикалық есептілігі, есеп саясаты табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Нурислам-Сервис» Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, « Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жөнінде» туралы заңы және басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жасалған. Серіктестік
ЖШС « Интердизайн- Ас» 2007 жылы ұйымдасқан. Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы – жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрамында мейрамхана,банкеттік залдар және мейрамхана-клуб бар. Компания бизнесі Астана қаласының тұрғындарына қызмет көрсетуге бағытталған: ресторация, кейтеринг, нан өнімдерін өндіру, дүкендер желісі арқылы бөлшек сауда (оның ішінде өзіндік өндіріс тауарларын сату). Қалыптасқан күннен бастап компания шамасна қарай қала тұрғындары мен мекемелеріне қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетуде: үш жыл ішінде материалды және ақшалай түрде балалар, инвалидтер үйіне қолдауда. Қазіргі күні 3 зал мен көптеген бір уақытта 600 қонақты жазда, 600 қонақты қыста қабылдай алады.
ЖШС «Нурислам-Сервис» жарлығында компанияның мақсаты, міндеті капиталы және т.б. көрсетілген. «Туран» мейрамханасы –көптеген тағамдарының кең ассортиментін, сонымен қатар шарап-сусын, темекі және кондитерлік өнімдеріді тұтынушыларға ұсынатын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны. Қызмет көрсетудің жоғары деңгейі тұтынушылардың демалысын ұйымдастырумен үйлеседі. «Туран» мейрамханасында банкеттік қызмет көрсету, отбасылық мерекелерді, тематикалық кештерді өткізу ұйымдастырылады. Мейрамхана кішігірім бес залдардан тұрады. «Туран» мейрамханасының мекен-жайы: Астана қаласы, Б.Момышұлы алаңы, 21 үй.
Мейрамхананың негізгі қонақтары – үлкен көлемде өткізетін шаралар, мейрамхана қасында орналасқан кәсіпорындардың қызметкерлері және шет ел азаматтары.
Мейрамхананың жұмыс істеу уақыты: 11:00-01:00, ал түнгі клуб 11:00-04:00 дейін жұмыс істейді.
Мейрамхана өнімінің ассортименті өте кең. Ас мәзірінде балық, ет, көкөністен даярланған суық жеңіл тағамдар, ыстық жеңіл тағамдар, түрлі көжелер, екінші ыстық тағамдар, тәтті тағамдар, ыстық және суық сусындар, кондитерлік өнімдер қамтылған. Мейрамхана қонақтарына даяшылар қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің түрі мен сипатына қарай тамақтанатын үстелдерге түрлі сервировка қолданылады. «Туран» мейрамханасында қонақ тұтынған өнімін даяшы ұсынған шот бойынша қолма-қол ақшамен және кредиттік карталармен (VISA, Master card, Maestro) төлей алады.
Мейрамхана келесідей қызметтерді ұсынады:
- 600 адамға дейін банкеттер өткізу;
- кейтеринг қызметі;
Ғимарат құрамында: өндірістік бөлмелер, әкімшілік бөлмелер, персоналға арналған тұрмыстық бөлмелер. Өндірістік бөлмелердің құрамында: ыстық цех, суық цех, көкөніс цехы, ыдыс-аяқты жууға арналған орын, ыдыс-аяқты сақтау орны. Әкімшілік орындарға директор кабинеті, бухгалтерия, өндіріс меңгерушісінің кабинеті жатады. Мейрамхана кіре берісінде фойе орналасқан. Фойе ішінде киім ілгіш, дәретхана бөлмелері, күзет орны қарастырылған. «Туран» мейрамханасының бірінші қабатында түнгі клуб, екінші және үшінші қабатында үлкен банкеттік залы орналасқан.
Мейрамхананы басқару процесі жұмыс күшінің, материалдық және қаржылық ресурстардың оптималды қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған өзара байланыс пен әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Басқару процесі өндіріс, өзі өндірген өнім мен сатып алынған тауарларды өткізу, сонымен қатар қызмет көрсету деңгейі саласында қалыпты жағдайларды құруға бағытталған.
Мейрамхананы басқару құрылымы – белгілі бір функцияларды атқаратын өзара байланысқан ұйымдасқан бірліктер мен бөлімдердің жиынтығы. Төменде «Туран» мейрамханасының басқару құрылымы көрсетілген.

Компания директоры
Мейрамхана директоры
Өндіріс
меңгерушісі метродатель
Бас
аспаз Даяшылар
Бас
аспаз көмекшісі Бармендер
Аспаздар Жинастырушылар
Сурет-1 «Туран» мейрамханасының басқару құрылымы
Құрылым элементі болып басқару органы, яғни кәсіпорын әкімшілігі табылады. Әкімшілік – бұл мейрамхана директоры бастаған қызметтік тұлғалар тобы. Бұл топ өзінің құқықтары мен міндеттеріне сәйкес ұжым қызметінің басшылығын жүзеге асырады. Басқарушылық аппараттың барлық қызметі мейрамхана жұмысының үзіліссіз ырғағын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кәсіпорын әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері ішкі тәртіптің арнайы инструкциялары мен ережелерімен анықталады. Мейрамхана директоры кәсіпорынның барлық сауда-өндірістік қызметін ұйымдастыруға жауапты. Ол қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады, мейрамхананың сауда залында қонақтарға қызмет көрсету мәдениетін, шығарылатын өнім сапасын, есеп-қисап жай-күйін, материалдық құндылықтардың сақталуын, кадрларды жинақтау және орналастыруды, еңбек заңының, жарғы мен инструкциялардың сақталуын бақылайды. Осыған байланысты директор материалды-ақшалай құралдарды қалауынша жұмсауға, әр түрлі иеліктер мен инвентарь сатып алуға, келісім шарттар жасасуға, еңбек заңына сәйкес жұмыскерлерді жұмыстан шығаруға, көтермелеуге, оларға дисциплинарлық алымдар салуға құқылы. Директор кәсіпорынның шикізатпен, азық-түлікпен, жартылай фабрикаттармен, материлды-техникалық жабдықтау құралдарымен қамтылудың нақты орындалуын қамтамасыз етуге, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуына жағдай қалыптастыруға, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын бақылауға міндетті.
Өндіріс меңгерушісі кәсіпорынның өндірістік қызметіне толық жауапты. Ол тағамдардың рецептурасының сақталуын, дайындалу технологиясын бақылайды, дайын өнімді тексереді, жаңа тағамдардың рецептурасын құрады. Өндіріс меңгерушісі өндірісте санитария мен жеке гигиена ережелерінің, қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етуі, тауарлық-материалдық құндылықтардың қолданылуы туралы есепті уақытылы ұсынуы қажет.
Метрдотель даяшылардың, бармендердің, гардеробшылардың, жинастырушылардың барлық жұмысын басқарады. Метрдотельдің міндеті: персоналдың мейрамхананың қызмет көрсету ережелерін сақтауын, ішкі күн жабдықтау;
- кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметіне экономикалық анализ жасау.