
- •Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
- •Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
- •Саяси билік пен мемлекеттік билік.
- •Саяси жүйе туралы ұғым.
- •Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
- •Қазіргі сайлау жүйесі.
- •Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік
ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқығы мен
бостандықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Жалпы
алғанда құқықтық мемлекет деп құқық, заң заң үстемдік ететін мемлекетті айтуға
болады.
Құқықтық мемлекеттің мәні мен негізгі принциптері туралы мәселе маңызды
болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:
заңның жоғарлылығы, қоғамдық ӛмірдің барлық саласында заңның үстемдігі;
заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандартқа
(нормаларға) сәйкес келуі;
азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы
және адамның еркін дамуы;
мемлекет және жеке адамның ӛзара жауаптылығы;
биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бӛлінуі, бұл қайсы бір
органның билікке монополиясына жол бермейді;
заңның орындалуын қадағалайтын бақылау мен қадағалаудың нәтиежелі
формаларының болуы.
Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше саласын ең алдымен,
мүліктік, рыноктық, семьялық, ӛнегелілік қатынастар саласы түсініле бастады,
олар мемлекетке тәуелсіз болуы тиіс. Азаматтық қоғамға ресми, мемлекеттік
институттардан басқа олардың бақылауына ұшырамайтын азаматардың ӛмір сүруі
әдісі жатқызылады.
Мәселе мемлекеттік биліктің «азаматтық істерге», адамдардың жеке ӛміріне
араласпауы туралы болып отыр. Мемлекет «түнгі сақшы» қызметін ғана атқаруы
тиіс. Азаматтық қоғам деп ресми билікпен теңестірілмеген рыноктық қатынастар,
іс-әрекеттердің басқа да формалары түсініледі.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын
әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастар жиынтығын
айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасайды.
Азаматтық қоғамның жалпы идеялары, принциптері:
экономикалық еркіндік, меншіктің түрлі формалары, рыноктық қатынастар;
адам және азаматтардың табиғи құқықтарын сӛзсіз мойындау және қорғау;
биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты;
азаматтардың барлығының заң алдында және құқығы жағынан теңдігі;
биліктің бӛлінуіне негізделген құқықтық мемлекеттің болуы;
саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы;
сӛз, баспасӛз бостандығы, БАҚ-ның тәуелсіздігі;
мемлекеттің жеке адамдардың ӛміріне араласпауы;
таптық келісім, әріптестік, ұлттық келісім;
нәтижелі әлеуметтік саясат, ол адамдарға дұрыс ӛмір сүруге жағдай жасайды.
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері.
Саяси партия – белгілі бір әлеуметік топтардың мүддесін кӛздейтін ӛз
мақсаттарына жету бағытында мемлекеттік билік үшін күресетін және оны
қолдауға ұмтылатын адамдардың ұйымдасқан тобы.
ХІХ ғасырдан бастап партиялардың қалыптасуының негізгі әдістері кӛрінді:
партиялар электораттық құрылымдардан: сайлаушыларды тіркеу
ассоциацияларынан (Ұлыбританиядағы Либералдық және Консервативтік
партиялар), нақты үміткерлерді қолдау комитеттерінен (АҚШ-тағы
Республикалық және Демократиялық партиялар), сайлаушы блоктардан
(«Яблоко», СПС (оңшыл күштер Одағы), «Единство»);
парламенттік фракциялардан (мысалы, Ресейдегі Мемлекеттік Думаның
«Халық депутаты» фракциясы Ресей Федерациясының Халықтық партиясы
болып құрылды);
қоғамдық ұйымдар бастамаларымен: кәсіподақтар, экологиялық, жастар
ұйымдары т.б. Мысалы, британ лейбористік партиясы 1899 жылы тред-
юниондардың (кәсіподақтардың) Конгресі бастамасымен құрылды. Кәсіпкерлер
одақтары, аграрлық бірлестіктер, діни, этникалық қауымдар да ӛз партияларын
құруға мүдделі.
Сонымен бірге әдебиеттерде партиялардың құрылуының басқа да әдістері
көрсетіледі:
«жоғарыдан» құру. Партия мүшелері мемлекеттік аппарат шенеуніктерінен,
саяси элита мүшелерінен, парламенттік топтардан, жіктелген партия
мүшелерінен құрылады;
«төменнен» құру. Мұнда белгілі бір доктрина немесе жетекшіге бағытталған
бұқара маңызды роль атқарады;
аралас түрі, алғашқы екі әдістің қосылуынан құрылады. Элитарлық адамдар
мен қатардағы азаматтардың күш біріктіруі нәтижесінде ортақтасуы, мысалы,
бір үміткерді және саяси жетекшіні қолдау жӛніндегі парламенттік топтардың
адамдармен бірігуі.
Партияның саяси ӛміріндегі маңызы оның қызметтерінен кӛрінеді:
үлкен әлеуметтік топтарды белсенді ету және шоғырландыру;
саяси әлеуметтену және қоғамдық пікірді қалыптастыру;
саяси идеология мен қоғамдық пікірді қалыптастыру;
саяси элита қатарын толықтыру және жетекшіні ұсыну. Кӛптеген елдерде
үкімет және үкіметтік органдар туралы саяси партиялар мүшелерінен
қалыптасады, президенттер, премьер-министрлер билеуші партияны басқарады;
сайлау арқылы мемлекеттік билік үшін күресу;
билікке келу арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру және биліктің
қызметін бақылау;
партияның қатарын мүшелермен толықтыру
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т.б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.
Саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері.
Тұлға – саясаттың субъектісі мен объектісі.
Саясаттың объектілері – саясат бағытталған жеке индивидтер мекемелер.
Барлық объектілерді 2 деңгейге бөлу
а) әлеуметтік. Бұған индивидтер, класстар, әлеуметтік қабаттар кіреді
б) институтциялық. Түрлі саяси институттар, мемлекет, партиялар, саяси қозғалыстар
Саясаттың субъектілері – саясатты іске асыратын және оны жасайтын жеке адамдар, мекемелер.
Саяси сана және саяси идеология.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология.
Консерватизм французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] -бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, ал мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.
Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси жанжалдар.
Этносаяси жанжалдар.
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе. Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия, Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің (Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар; Ливанда христиандар мен мұсылмандар), әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында), әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде) арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре бастайды. Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады. Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға, ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады. Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу, тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды: — автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету; — белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу; — өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.
Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар.
Жаңаша Ойлау (ЖО) - 1980-ші жылдары ҚСРО-да қайта қүру саясатының негізі болған әлеуметтік-философиялық және моральдық-саяси катергория. Ұғым алғаш рет Рассел - Эйнштейннің"Манифестінде" (1955) қолданылған, онда ядролық қару адамзат баласын мәңгілігінен айырғандығы жайлы сөз етілді. С. Горбачев бүл ұғымды 1984 жылы Маргарет Тэтчермен әңгіме барысында қолданып, жаңа әлемдік саясат орнату қажеттігін меңзеді. Алайда, бұл ұғым халықаралық саяси лексиконда Горбачевтың "Қайта құру және біздің еліміз бен элем үшін жаңаша ойлау" (М., 1987) еңбегі жарық кәргеннен кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Содан бері саяси ортада, публицистикада және қоғамдық ғылымда бүл ұғымды Горбачевтың іс-әрекетіндегі реформаторлық, бітімгершілік тәсілдерді атауда қолданады
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.
Жеке адамның құқығы мен бостандықтары.
Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады"