
- •Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
- •Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.
- •Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
- •Саяси билік пен мемлекеттік билік.
- •Саяси жүйе туралы ұғым.
- •Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
- •Қазіргі сайлау жүйесі.
- •Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
Саяси жүйе туралы ұғым.
«Жүйе» ұғымы XX ғасырдың 20жылдары ғылыми айналымға алғаш еңгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдланды. Ғылыми жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса,барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасыында дамиды.
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған-Т.Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болтын 4 жүйешіктен (экономикалық,саяси,әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап өайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс»,«шығыс»принциптері арқылы байланысады.
Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
Демократия – “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Экономика саласында
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
Меншік түрлерінің әркелкілігі;
Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада
Саяси пікірдің әр алуандығы;
Көппартиялылықтың болуы;
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
Оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
Оппозицияның болуы;
Рухани салада
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Әлеуметтік салада
Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.