Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EXAM_QUESTIONS (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.7 Кб
Скачать
  1. Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер.

Қазақ қоғамында да саяси ой-пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте

замандарға барып тіреледі. Мысалы, Қазақстан жерін қола дәуірінде

мекендеген андроновшылар мен сақтардың қауымдық-саяси қатынастар

туралы ойлары мифологиялық деңгейде болған. Мысалы, андроновшылар «о дүниелік өмір» жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы деп есептеді. Олардың аңыздары бойынша ажал құдайы Яманы «өлікті матаушы» деп атады.Андроновшылардан сақтарға «отқа табынушылық» және «аң стилі» ұғымдары жалғасты. Саяси білімдер дамуының мифологиялық кезеңіндегі сақтардың билік жөніндегі ұғымын патшалардың дулығасының (қола мен алтыннан жасалған әшекейлі бас киім) білдіруі осыған нақты мысал бола алады. Бас киімнің алдыңғы жағындағы күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе – бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Бас киімнің алдыңғы жағын сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жағын – батыс жағы деп есептеген.

  1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.

Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

1.   Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

  1. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Саяси билік –ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке

жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар,

қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде

парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал

кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан.

Мемлекеттік билік -- ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске

асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент

қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы

мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси

билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің

құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға

бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]