Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_KRIM_2012_kmp (1).doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Криминологиялық болжамның түсінігі мен түрлері?

  2. Криминологиялық жоспарлаудың түсінігі және маңызы?

Әдебиеттер:

  1. Аванасев Г.А. Теория и методология криминологического прогнозирования. М., 1972.

  2. Бородин С.В. Борьба с преступностью: теоретическая модель комплексной программы. М., 1990.

  3. Блувштейн Ю.Д., Зырин М.И., Романов В.В. Профилактика преступлений. Минск, 1986.

  4. Глушков В.М. О прогнозировании на основе экспертных оценок. Киев, 1970.

  5. Жалинский А.Э. Специальное предупреждение преступлений в СССР. Львов, 1976.

  6. Орехов В.В. Социальное планирование и вопросы борьбы с преступностью. Л., 1972.

10-20-тақырыптар. Криминологияның ерекше бөліміндегі қылмыстылық түрлерінің бөліну критерийлері

Криминологияның жалпы бөліміндегі білімдер нақты өмірде тек ерекше бөлім арқылы жүзеге асады. Ерекше бөлім нақты қылмыстылықтың түрлерінің жалпы бөлімде қарастырылған аспектілерін жеке қарастырудан және өзге қылмыстылықпен жұптасып жүретін келеңсіз құбылыстарды зерттеуден тұрады. Криминология туралы заң болмағандықтан оның ерекше бөлімінің қандай қылмыстылық түрлерінен тұратындығы туралы да құқықтық негіз жоқ. Сол себептен зерттеушілер өздері түрлерге бөледі. Түрлерге бөлудің бірден бір критерийі - ол шоғырланатын қылмыстардың ортақ заңдылықтарының болуы және осы ортақ заңдылықтарды қолдана отырып, онымен күресу мүмкіндігін туғыза алатындығы, бірақ та ешқашан да олардың барлығы да қылмыстылық атты үлкен жүйені құрайтындығын ұмытуға болмайды.

Неғұрлым кең тараған критерийлер олар:

а) қылмыстық-құқықтық сипаттамаға сүйене отырып:

а.1. қылмыстардың сипатына қарай:

  1. кісі өлтіру (қасақана, абайсызда), ұрлық т.б.

  2. ірі топтарға бөліп криминологиялық заңдылығын анықтау: абайсызда жасалатын қылмыстылық т.б.

а.2. қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге сүйене отырып:

  1. жынысына қарай: әйелдер қылмыстылығы (ерлер қылмыстылығын криминология арнайы бөлмейді);

  2. жасына қарай: кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы; жастар арасындағы қылмыстылық; жасамыс адамдлардың қылмыстылығы т.б.

  3. әлеуметтік жағдайына қарай: қызметкерлердің қылмыстылығы; кәсіпкердің қылмыстылығы; оқушылардың қылмыстылығы; әскери адамдардың қылмыстылығы т.б.

а.3. қылмыстың жасалу мотивіне қарай: пайдақорлық қылмыстылық, зорлықшыл қылмыстылық, пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстылық т.б.

а.4. өзге де қылмыстық құқықтық сипаттамаға сүйеніп:

  1. ұйымдасқан қылмыстылық;

  2. есірткімен байланысты қылмыстылық;

  3. коррупциялық қылмыстылық;

  4. экстрималдық жағдайдағы қылмыстылық;

  5. рецидивтік қылмыстылық;

а.5. жасалу орнына қарай:

  1. көше қылмыстылығы;

  2. ауыл қылмыстылығы;

  3. қала қылмыстылығы.

ә) қылмыс жасалатын өмір сүру аясының ерекшеліктеріне қарай:

  1. саяси қылмыстылық;

  2. экономикалық қылмыстылық (оның өзі де - салық қылмыстылығы, кеден қылмыстылығы т.б. деп бөлініп шыға алады);

  3. медицина саласындағы қылмыстылық (ол да өз кезегінде - фармацефтика саласындағы қылмыстылық, дәріханалардағы қылмыстылық т.б. деп бөліне алады);

  4. әскери қылмыстылық;

  5. пенитенциарлық қылмыстылық;

  6. жанұя қылмыстылығы т.б.

б) өзге де критерийлер бойынша:

  1. кәсіпқой қылмыстылық;

  2. елауғандардың (мигранттардың) қылмыстылығы т.б. с.с.